+1 дауыс
896 көрілді

Менің жұмыс істегеніме 4 ай болды, сонда мен декретке шықсам қанша ақша төленеді? Зейнетақы қорыма сол 4айда ғана ұсталған ақша түсіп тұр.

1 жауап

0 дауыс

Жұмыс істейтін әйелдер үшін баласы бір жасқа толғанға дейінгі берілетін жәрдемақы қалай есептеледі?

Бұл жәрдемақыны кім ала алады? Қордан әлеуметтік төлемдерді алуға құқығы бар  міндеті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушылары болып табылатын жұмыс істейтін әйелдер алады. Қарапайым тілмен айтар болсақ, жұмыс берушісі әлеуметтік аударымдарды жүргізетін қызметкер әйелдерге беріледі.

Жәрдемақысы қалай есептеледі?

Соңғы 2 жыл ішіндегі жалпы табысының көлемін 24 айға бөлу қажет, содан кейін  0,4 көбейту және 10% зейнетақы жарнасын алу қажет.

Мысалы, бала босанғанға дейін әйел 2 жыл жұмыс істейді, бір жыл ішінде оның еңбекақысы бір рет көтерілді. Бірінші жылы әйел 100 мың теңге алды, екінші жылы 150 мың теңгеге дейін еңбекақысы көбейді. Енді осының барлығын және зейнетақы жарналарын, табыс салығын түгелдей қосып есептейміз:

12*100 000+12*150 000=1 200 000+1 800 000= 3 000 000 теңге

Алынған соманы 24 айға бөлеміз: 3 000 000/24= 125 000 теңге

125 000 теңге – табыстың орташа айлық мөлшері.

Баланың бір жасқа толғанға дейінгі күтімі бойынша жәрдемақы мөлшерін есептеу үшін осы көрсеткішті 0,4-ке көбейтіп, 10% зейнетақы жарналарын шегеру керек, яғни:

125 000*0,4 = 50 000 теңге, 10% шегергенде  босанған әйел ай сайын 45 000 теңгені алады.

Осы мысал негізінде Сіз де жәрдемақыңызды есептеп шығара аласыз.

Толық мәліметті мына сілтемеден оқи аласыз.

Ұқсас сұрақтар

...