0 дауыс
4.8k көрілді
Қазақ қызына ұзын шаштың маңызы неде?

1 жауап

0 дауыс

Шаш – әйел адамның ажары. Қазақ қыздың шашын белден асырып өсіргенді құп көрген. Ұлы Абайша сөйлесек, 

Білектей арқасында өрген бұрым, 

Шолпысы сылдыр қағып, жүрсе ақырын. 

Кәмшат бөрік, ақ тамақ, қара қасты, 

Сұлу қыздың көріп пе ең мұндай түрін?.. Бұл өлең жолдарынан ұлт пайымындағы сұлулық ұғымының ұзын шашпен астасатынын түсінеміз. 

Құралай көз, қолаң шаш 

Алма мойын, қиғаш қас 

Сүйген сәулем Қарлығаш, – деп жырлаған ақындар. Қазақ "сұлу" деп мойындайтын қыздың шашы ұзын, қалың болу керек. Заман талабына сай, көп ару шашын қысқа етіп қиып жатады. Қазіргі таңда ұзын шашты қыздар азайып барады. Өйткені қысқа шаш ұзын шашқа қарағанда әлдеқайда ыңғайлы, жууға да оңай. Бірақ ұзын шаштың сіз бен біз білмейтін тылсым күші бар екен.


Шаш адамды ғарышпен байланыстырады. Ұзын шаш ғарыштан келген күшті көбірек алады екен. Ұзын шаш түйсікке жол ашады, әйелдің энергетикасы, отбасын сақтайтын жылулықтың бәрі шашта сақталады деген түсінік бар. Шашты неғұрлым қысқа қиған сайын, соғұрлым әйелдің энергетикасы азая түседі. Әйел адам екіқабат кезінде, баланы босанғанша шашына қайшы тигізбеуі керек. Бұл қағиданы қазақ қатаң ұстанып келеді. Өйткені әйел адам шашын қиып тастаса, іштегі балаға зиян келеді екен. Ұзын шаш – нәзіктіктің белгісі. Статистикаға сүйенсек, ер адам қызға таңдау жасағанда, оның шашының ұзын-қысқалығына баса мән береді. Ер адамның көбінің ұзын шашты қыздарды ұнататыны, "болашақ жары" ретінде ұзын шашты қызды құп көретіні дәлелденген. Ұзын шаш деннің саулығын білдіреді. Шашы сау адамның ішкі ағзасы ғана емес, жүйке жүйесі де сау болады. Шаштың саулығын сақтау үшін дәрумен ішу керек. Қысқа шаш ер адамның шалбары секілді әйел бойындағы күрескерлік, белсенділік сияқты қасиеттерді оятады. Қысқа шашты арулар билікке ұмтылып, отбасын екінші орынға қойып жатады. Ал ұзын шашты қыздар отбасы берекесін сақтап, нағыз жар атануды мақсат тұтады. Ұзын шашты жайып жүру бүгінгі таңда сәнге айналды. Ертеде әйел адам күйеуі өлгенде шашын жайып, жоқтау айтқан. Жайылған шаш әсіресе, күн батқан уақытта бойына жағымсыз энергияны жинайды екен, сондықтан әке-шешеміз түнде далаға шыққанда "басыңды жауып шық", "бас киіміңді киіп шық" деп айтып жатады. Шашты жаю сондай-ақ қыз баланың жеңілтектігінен де хабар береді. Қызды қырық үйден тыйған қазақ үшін шашты жайып жүру – тәрбиесіздік. Жайылған шаш кез келген жерге түсіп, тамақ ішкенде дастарханға тиіп қыздың тазалығына да нұқсан келтіреді. Сондықтан шашты буып, жинап жүру керек. Түрлі сәнді шаш үлгісін үйреніп алсаңыз, артық етпейді. Шашты күтіп-баптау, шашты тарағанда, өргенде тек жақсы нәрсе ойлау, армандау адамды алға жетелейді. Шаштың "есте сақтау қабілеті" өте мықты, шаштың адам өміріне жасайтын ықпалы зор. Кей адамдар шаш үлгісін өзгерткен соң, өмірінің де өзгергенін айтады. Ал жаны бір өзгерісті қалайтын адам алдымен шашын ретке келтіреді.


Толығырақ:https://massaget.kz/kyizdarga/krasota/44263/

...