0 дауыс
30.9k көрілді

Бәйге жарысы - халық арасында ең көп тараған ат спорты. Жергілікті жерлерде және мерекелерде қысқа және орташа қашықтыққа бәйге өткізіледі. Бүгінде әр қалада, ауылда, аудан орталықтарында спорт жанкүйерлерінің ұйымдастыруымен түрлі ат жарыстары өткізіліп, оған қомақты сыйлықтар да тағайындалуда. 

Бәйгеде шабандоздың біліктілік шеберлігінің маңызы аса зор. Өйткен жарыс кезінде сәйгүлік қанша жүйрік болғанымен, онығ шамасына қарай керек жерінде басын іркіп немесе қоя беріп отырғанда ғана жеңіске жетуі әбден мүмкін. 

Бәйгедегі классификациялық қашықтықтар 7-16 км аралығында. Осы қашықтықтар бойынша спортшы сәйгүлікке дереже береді.

Тегіс жерде қысқа және орташа қашықтықта кедергісіз өткізілетін жарыстарға 18 жасқа толған және одан жоғары жастағы шабандоз жаттықтырушының оұқсатымен ғана жіберіледі. Бәйге сәйгүлігі 5 жаста және одан да  асқан болуы керек. Қашықтықтың ұзақтығын жарысты өткізетін ұйым анықтайды. Ол 7 км-16 км аралығында болады. Жарыс тегіс, жұмсақ жерде айналма қашықтықта немесе арнайы ипподромда өткізіледі.

Бәйгеде жеңімпаздарды анықтау үшін қатысушылардың алған орындарына сәйкес, яғни бірінші орындағы бір, екінші орындағы екі, үшінші орындағы үш, тағы солай-солай ұпай алады. Егер жарыс аттары көп болып, бірнеше топқа бөлініп жіберілсе, онда орындар әрбір бәйгеге қатысушы шабандоздың көрсеткен уақыты бойынша анықталады. Егер сөреден бірдей уақытта өтсе, қай сәйгүліктің басы сәл ғана алда болса, сол спортшының жеңіске жеткені болып есептеледі. 

Аламан бәйгеде жүйрік, жарыс аттары 20-100 шақырымдық қашыққа шабады. Оның жолында айналып өтетін көл, сай-сала, бел-белестер тәрізді кедергілі жерлер болуға тиісті. Аламан бәйге үлкен тойда, үлкен аста, торқалы тойлар мен зор мерекелерде жарияланады.

Аламан бәйгеге жасы 20-ға толған және 20-дан асқан жаттықтырушының жеткілікті дәрежедегі даярлығынан өткен шабандоз-спортшы ғана қатысады. Аламан бәйгенің аты айтып тұрғандай, бұл жарысқа  әбден шыңдалған, төзімділік пен ержүректілікті қажет ететін спортшы мен сәйгүлік қана төтеп бере алады. Жарыстың қашықтығынын 20-100 км ұзақтығында өткізетін ұйым белгілейді. Шауып өтетін жол айнала шабатын, сондай-ақ жұмсақ тура жолы бар ипподромда өткізіледі.

2 жауап

0 дауыс
Көп көп рахмет!!!
0 дауыс
Байге улттык ойын

Ұқсас сұрақтар

...