0 дауыс
481 көрілді

Мүлікті заңдастыру деген не. Оның қандай пайдасы бар. Оған ықтияархаты бар, шетел азаматтары және оралмандар кіреді ма!  Егерде мүлігі жоқ, пәтерден пәтер жалдап айлықпен күн көріп жүргендерге не талап етідеді. 

Қысқаша түсінікті жауап берсеңіз.

Рахмет

Қарашаның 18 / 2016ж

1 жауап

0 дауыс

Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлiктi жария етуiне байланысты рақымшылық жасау туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 2014 жылғы 30 маусымдағы № 213-V ҚРЗ

 

"Егемен Қазақстан" 03.07.2014 ж. № 129 (28353); "Казахстанская правда" от 03.07.2014 г. № 129 (27750); Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2014 ж., № 11, 68-құжат


 

      РҚАО-ның ескертпесi!
      Осы Заң 2014 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      МАЗМҰНЫ

      Осы Заң мемлекеттiң мүлiктi, оның iшiнде бұрын жариялы экономикалық айналымнан шығарылған ақшаны жария ету жөнiндегi бiржолғы акция өткiзуiне байланысты, сондай-ақ Қазақстан Республикасы азаматтарының, оралмандардың және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдардың табыстары мен мүлкiн декларациялауға көшуге байланысты қоғамдық қатынастарды реттейдi.

      1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

      Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
      1) мүлiктi жария еткенi үшiн алым - осы Заңда белгiленген, мүлiктi жария етудi өткiзгенi үшiн бюджетке төленетiн мiндеттi, қайтарылмайтын төлем;
      2) мүлiктi жария ету - табыстарды жасыру мақсатында заңды экономикалық айналымнан шығарылған және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресiмделмеген не тиiстi емес тұлғаға ресiмделген мүлiкке құқықтарды мемлекеттiң тану рәсiмi;
      3) мүлiктi жария етудi өткiзу жөнiндегi комиссия (бұдан әрi - комиссия) - Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен жергiлiктi атқарушы органдар жанынан құрылатын және мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың өкiлдерiнен тұратын, Қазақстан Республикасының аумағында тұрған мүлiктi (ақшаны қоспағанда) жария ету туралы не жария етуден бас тарту туралы шешiм шығаруға уәкiлеттi комиссия;
      4) мүлiктi жария ету субъектiлерi (бұдан әрi - жария ету субъектiлерi) - мүлкiн осы Заңда белгiленген тәртiппен жария ететiн Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдар;
      5) тиiстi емес тұлға (бұдан әрi - басқа тұлға) - алған табыстарын жасыру мақсатында жария ету субъектiсiнiң табыстарына сатып алынған мүлiктiң меншiк иесi ретiнде әрекет еткен тұлға.

      2-бап. Осы Заңның қолданылу аясы

      1. Осы Заңның күшi 2014 жылғы 1 қыркүйекке дейiн өздерiне тиесiлi болған және өздерi алған мүлiктi жария ететiн және жария еткен жария ету субъектiлерiне қолданылады.
      2. Осы Заңның күшi осы Заңды қолданысқа енгiзу күнiне өздерiне қатысты:
      1) Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнiң 190, 191, 193 (осы тармақшада көрсетiлген, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнiң баптарында көзделген қылмыстарды жасау арқылы сатып алынған мүлiктi жария еткен жағдайда), 208, 213, 215, 216, 216-1, 217, 218, 221, 222-баптарында көзделген қылмыстарды жасағаны үшiн оларды кiнәлi деп таныған соттың үкiмi;
      2) Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiнiң 118, 143, 143-2, 155, 155-1, 155-3, 155-4, 155-5, 156, 157, 166, 168-1, 178, 185, 187, 205-1, 205-2, 206, 206-1, 206-2, 207, 208, 208-1, 209, 214, 237, 239, 357-1-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтарды жасағаны үшiн әкiмшiлiк жаза қолдану туралы судьяның, органның (лауазымды адамның) қаулысы заңды күшiне енген жария ету субъектiлерiне қолданылмайды.

      3-бап. Мүлiктi жария ету ерекшелiктерi

      1. Егер осы баптың 2-тармағында өзгеше көзделмесе, мынадай мүлiк:
      1) ақша;
      2) бағалы қағаздар;
      3) заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесi (бұдан әрi - қатысу үлесi);
      4) оған құқық немесе ол бойынша мәмiлелер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттiк тiркеуге жататын, басқа адамға ресiмделген жылжымайтын мүлiк (ғарыш объектiлерiнен және магистральдық құбырлардың желiлiк бөлiгiнен басқа);
      5) құрылыс нормалары мен қағидаларына, сондай-ақ өздерi орналасқан, жария ету субъектiсiне меншiк құқығында тиесiлi жер учаскесiнiң нысаналы мақсатына сәйкес келетiн, Қазақстан Республикасының аумағында тұрған үйлер (құрылыстар, ғимараттар);
      6) Қазақстан Республикасы аумағының шегiнен тыс жерлерде тұрған жылжымайтын мүлiк жария етуге жатады.
      2. Осы баптың 1-тармағында көрсетiлген:
      1) жеке адамға, отбасына және кәмелетке толмағандарға, адамның және азаматтың конституциялық және өзге де құқықтары мен бостандықтарына, бейбiтшiлiкке және адамзат қауiпсiздiгiне, мемлекеттiң конституциялық құрылысының негiздерi мен қауiпсiздiгiне, меншiкке, ақпараттық технологиялар қауiпсiздiгiне, коммерциялық және өзге де ұйымдардағы қызмет мүдделерiне, қоғамдық қауiпсiздiк пен қоғамдық тәртiпке, халықтың денсаулығына және имандылыққа, басқару тәртiбiне, сот төрелiгiне және жазаларды орындау тәртiбiне қарсы қылмыстарды жасау;
      2) экологиялық, көлiктiк, әскери қылмыстарды, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар мен қылмыстарды, сондай-ақ мемлекеттiк қызмет пен мемлекеттiк басқару мүдделерiне қарсы өзге де қылмыстарды, экономикалық қызмет (осы Заңның 13-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлгендердi қоспағанда), оның iшiнде экономикалық контрабанда саласындағы қылмыстарды жасау;
      3) жалған ақша мен бағалы қағаздар жасау және өткiзу, жалған құжаттарды, мөртабандарды, мөрлердi, бланкiлердi, мемлекеттiк наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткiзу;
      4) инсайдерлiк ақпаратты заңсыз пайдалану және бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау нәтижесiнде алынған мүлiк жария етуге жатпайды.
      3. Сонымен қатар:
      1) сот тәртiбiмен оған құқықтар дауланып жатқан;
      2) Қазақстан Республикасының заңдарында оған құқықтар беруге жол берiлмейтiн мүлiк;
      3) кредиттер ретiнде алынған ақша;
      4) мемлекет пайдасына берiлуге жататын мүлiк;
      5) «Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөнiндегi бiрiншi кезектегi iс-қимылдар жоспарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 6 қарашадағы № 1039 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында дағдарысқа қарсы шараларды iске асыру шеңберiнде құрылысы бюджет қаражаты есебiнен аяқталған жылжымайтын мүлiк объектiлерiндегi тұрғын және тұрғын емес үй-жайлар жария етуге жатпайды.
      4. Осы Заңның мақсаты үшiн Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жылжымайтын мүлiк болып айқындалатын мүлiкке ұқсас мүлiк Қазақстан Республикасы аумағының шегiнен тыс жерлерде тұрған жылжымайтын мүлiк болып танылады.

      4-бап. Мүлiктi жария ету мерзiмi

      Мүлiктi жария ету мерзiмi 2014 жылғы 1 қыркүйектен басталады және 2015 жылғы 31 желтоқсанда аяқталады.
      Мүлiктi (ақшадан басқа) жария етуге ұсыну үшiн құжаттарды тапсыру мерзiмi 2014 жылғы 1 қыркүйектен басталады және 2015 жылғы 30 қарашада аяқталады.

      5-бап. Жария етуге ұсынылған және жария етiлген мүлiк
             туралы ақпарат

      1. Мемлекеттiк органдар, ұйымдар және олардың лауазымды адамдары мен қызметкерлерi мүлiктi жария етудi өткiзу процесiнде алынған ақпараттың құпиялылығын Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен қамтамасыз етуге, оның iшiнде жария ету субъектiсiнiң немесе оның заңды өкiлiнiң келiсiмiнсiз ақпаратты таратуға жол бермеуге мiндеттi.
      2. Осы Заңның 2-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Заңның жария етiлген мүлiк бөлiгiндегi мақсаттары үшiн осы Заңға сәйкес мүлiктi жария етудi өткiзу процесiнде алынған ақпарат негiзiнде, жария ету субъектiсiне қатысты процестiк әрекеттердi, оның iшiнде қылмыстық қудалауды жүзеге асыру немесе әкiмшiлiк және тәртiптiк жазалау шараларын қолдану жөнiндегi процестiк әрекеттердi жүргiзуге тыйым салынады.

      6-бап. Мүлiктi жария еткенi үшiн алым

      1. Мүлiктi жария еткенi үшiн алым (бұдан әрi - алым):
      1) осы Заңның 8-бабы 3-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайда - ақшаны;
      2) Қазақстан Республикасы аумағының шегiнен тыс жерлерде тұрған жылжымайтын мүлiктi немесе эмитенттерi шет мемлекетте тiркелген бағалы қағаздарды немесе шет мемлекетте тiркелген заңды тұлғалардағы қатысу үлестерiн (бұдан әрi - Қазақстан Республикасы аумағының шегiнен тыс жерлерде тұрған мүлiк) жария еткен кезде өндiрiлiп алынады.
      2. Алым:
      1) осы Заңның 8-бабы 3-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайларды қоспағанда, жинақ шотынан алынған немесе басқа шотқа аударылған ақша сомасының
      2) Қазақстан Республикасы аумағының шегiнен тыс жерлерде тұрған мүлiктiң сатып алу құнының немесе бағалау құнының он пайызы мөлшерiнде төленедi.
      Осы тармақшада көрсетiлген мүлiк бойынша алым мүлiктi жария етуге құжаттарды тапсырғанға дейiн төленедi.
      3. Осы Заңның 7-бабының 5 және 9-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, төленген алымды қайтару жүргiзiлмейдi.
      Бұл ретте қайтару Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген тәртiппен жария ету субъектiсiнiң өтiнiшi негiзiнде жүзеге асырылады.

      7-бап. Мүлiктi (ақшадан басқа) жария етудi ұйымдастыру
             және өткiзу тәртiбi жөнiндегi жалпы ережелер

      1. Мүлiктi (ақшадан басқа) жария ету комиссияға, мемлекеттiк кiрiс органына жария ету субъектiлерiнiң мынадай құжаттарды:
      1) осы Заңға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екi данада мүлiктi жария етудi өткiзуге арналған өтiнiштi (бұдан әрi - өтiнiш);
      2) өтiнiштi берген кезде түпнұсқасын көрсету арқылы жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесiн;
      3) осы Заңда көзделген жағдайларда өзге де құжаттарды тапсыруы арқылы өткiзiледi.
      2. Жария ету субъектiлерi осы баптың 1-тармағында көрсетiлген құжаттарды:
      1) Қазақстан Республикасы аумағының шегiнен тыс жерлерде тұрған мүлiк бойынша (ақшадан басқа) - жария ету субъектiсiнiң тұрғылықты жерi бойынша мемлекеттiк кiрiс органына;
      2) Қазақстан Республикасының аумағында тұрған мүлiк бойынша (ақшадан басқа) - мұндай мүлiктiң тұрған жерi бойынша комиссияға өтiнiш тапсырылатын жылжымайтын мүлiктi жария ету жағдайларын қоспағанда, жария ету субъектiсiнiң тұрғылықты жерi бойынша комиссияға ұсынады.
      3. Шетел тiлiнде ресiмделген құжаттар нотариат куәландырған қазақ немесе орыс тiлiндегi аудармасымен қоса ұсынылуға тиiс.
      4. Жария ету субъектiлерi, осы баптың 5-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, мүлiктi жария ету мерзiмi iшiнде сол бiр мүлiктi жария етуге қайтадан өтiнiш беруге құқылы емес.
      5. Мүлiктi (ақшадан басқа) жария етуге ұсынылған құжаттар себептерi көрсетiле отырып, мынадай:
      1) осы Заңда белгiленген құжаттардың толық емес топтамасы ұсынылған;
      2) ұсынылған құжаттарда өшiрiп тазалау мен түзетулер болған;
      3) ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасы заңнамасының осындай құжаттарға қойылатын талаптарына сәйкес келмеген жағдайларда қайтарылуға жатады.
      Мүлiктi жария етуге ұсынылған құжаттарды қайтаруға негiз болған себептердi жойған кезде адам осы Заңда белгiленген мүлiктi жария ету мерзiмi iшiнде қайтадан өтiнiш беруге құқылы.
      6. Өтiнiштi комиссия, мемлекеттiк кiрiс органы өтiнiш берiлген күннен бастап күнтiзбелiк отыз күн iшiнде қарайды.
      7. Мүлiктi (ақшадан басқа) жария етудi өткiзудi ұйымдастыру қағидаларын, жария етiлген мүлiктiң тiзiлiмiн жүргiзу тәртiбi мен нысанын, комиссия туралы ереженi Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.
      8. Осы Заңда белгiленген талаптар сақталған жағдайда, комиссия, мемлекеттiк кiрiс органы осы баптың 6-тармағында белгiленген мерзiмде:
      1) мүлiктi (ақшадан басқа) жария ету туралы шешiм шығарады;
      2) жария ету субъектiсiне мүлiктi (ақшадан басқа) жария ету туралы шешiмдi бередi;
      3) жария етiлген мүлiктiң тiзiлiмiне мәлiметтердi енгiзедi.
      9. Комиссия, мемлекеттiк кiрiс органы мүлiктi жария етуден бас тартуды осы Заңның 2 немесе 3-баптарында көзделген талаптар сақталмаған кезде шешiм қабылдау арқылы жүзеге асырады.
      10. Мүлiк (ақшадан басқа) комиссия, мемлекеттiк кiрiс органы жария ету туралы шешiм шығарған күннен бастап жария етiлдi деп есептеледi.
      11. Мемлекеттiк тiркелуге жататын мүлiк жария етiлген жағдайда, мемлекеттiк органдар мен ұйымдар жария ету субъектiсiнiң өтiнiшi негiзiнде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттiк тiркеу үшiн қажеттi құжаттарды ресiмдейдi.
      12. Жария етiлетiн мүлiк жөнiнде ұсынылатын мәлiметтердiң толықтығы мен анықтығы үшiн жария ету субъектiлерi жауапты болады.
      Жария етiлген мүлiктi ресiмдеуге байланысты Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген барлық шығысты жария ету субъектiлерi дербес төлейдi.
      Ескерту. 7-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 07.11.2014 № 248-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      8-бап. Ақшаны жария етудi ұйымдастыру және өткiзу тәртiбi
             жөнiндегi жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерi, Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерде тұрған осындай банктердiң филиалдарын қоспағанда, Ұлттық пошта операторы ақшаны жария ету мақсатында жария ету субъектiсiнiң өтiнiшi негiзiнде жеке жинақ шотын (бұдан әрi - жинақ шоты) ашады.
      2. Ақша мынадай шарттардың жиынтығы сақталған:
      1) ұлттық және (немесе) шетел валютасында жария етiлетiн ақша жария ету мерзiмi iшiнде Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банкiнде, Ұлттық пошта операторында ашылған жинақ шотына салынуға (аударылуға) тиiс;
      2) егер осы баптың 3-тармағында өзгеше белгiленбесе, жария етiлетiн ақша жария ету мақсатында осындай шотқа ақшаны салған (аударған) күннен бастап кемiнде күнтiзбелiк алпыс ай жинақ шотында жатуға тиiс болатын кезде жария етуге жатады.
      Бұл ретте шетел валютасының тiзбесiн Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы айқындайды.
      3. Жария ету субъектiсi осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген мерзiм аяқталғанға дейiн:
      1) «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлiк қоғамының еншiлес және тәуелдi ұйымдары акцияларының пакеттерiн бағалы қағаздар нарығына («Халықтық IPO») шығару бағдарламасы шеңберiндегi, сондай-ақ:
      Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бағалы қағаздарын;
      Қазақстан Республикасының ұлттық басқарушы холдингтерiнiң, ұлттық компанияларының, ұлттық даму институттарының, Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiнiң облигацияларын;
      қазақстандық қор биржасында орналастырылатын өзге де бағалы қағаздарды алғашқы орналастыру шеңберiндегi акцияларды қоса алғанда, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлiк қоғамының тобы ұйымдарының жекешелендiру объектiлерiн, активтерiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен сатып алу арқылы Қазақстан Республикасының экономикасына инвестицияланған;
      2) Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерi, Ұлттық пошта операторы осындай сомадан алымды акцептiсiз алып қою жағдайы кезiнде жинақ шотынан алынған немесе басқа шотқа аударылған ақша сомасының шегiнде жария етiлетiн ақшаға билiк етуге құқылы.
      Бұл ретте Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банкi, Ұлттық пошта операторы алымды акцептiсiз алып қойған күннен бастап оны келесi операциялық күннен кешiктiрмей бюджетке аударуға мiндеттi.
      4. Жинақ шотына салынған (аударылған), жария етiлген ақшаның сақталуы Қазақстан Республикасының депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру туралы заңнамасымен реттеледi.
      5. Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiнiң, Ұлттық пошта операторының жинақ шоттарын ашу және жүргiзу ерекшелiктерiн, жинақ шотына ақшаның салынғанын (аударылғанын) растайтын құжатты жария ету субъектiлерiне беру, сондай-ақ жинақ шоттарындағы ақшаның есепке алынуын жүргiзу тәртiбiн Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы айқындайды.
      6. Ақша жинақ шотына салынған (аударылған) күнiнен бастап жария етiлдi деп есептеледi.
      Жинақ шотына жария етiлетiн ақша салынған (аударылған) кезде Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банкi, Ұлттық пошта операторы жария ету субъектiсiне осы Заңға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша салынған (аударылған) ақша сомасының мөлшерiн растайтын анықтама бередi.
      7. Осы Заңға сәйкес жария етiлген ақша сомасы жария ету субъектiсiнiң табысы ретiнде танылмайды.

      9-бап. Қазақстан Республикасы аумағының шегiнен тыс
             жерлерде тұрған мүлiктi жария ету

      Қазақстан Республикасы аумағының шегiнен тыс жерлерде тұрған мүлiктi жария ететiн жария ету субъектiлерi мемлекеттiк кiрiс органына осы Заңның 7-бабының 1-тармағында айқындалған құжаттар тiзбесiне қосымша мынадай құжаттарды:
      1) Қазақстан Республикасы аумағының шегiнен тыс жерлерде тұрған жылжымайтын мүлiк және шет мемлекетте тiркелген заңды тұлғалардағы қатысу үлесi бойынша - осындай мүлiкке құқық белгiлейтiн құжаттың нотариат куәландырған көшiрмесiн;
      2) эмитенттерi шет мемлекетте тiркелген бағалы қағаздар бойынша - бағалы қағаздар бойынша құқықтарды есепке алудың тиiстi жүйесiндегi жеке шоттан үзiндi көшiрменi не резидентi бағалы қағаздардың эмитентi болып табылатын мемлекеттiң заңнамасында белгiленген, осы бағалы қағаздарға меншiк құқығын растайтын өзге де құжатты;
      3) мүлiктiң сатып алу құнын немесе бағалау құнын растайтын құжатты ұсынады.
      Бұл ретте, егер мүлiктiң құны шетел валютасында көрсетiлсе, онда мұндай құн Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы - теңгемен, өтiнiш берiлген күнге Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген ресми бағам бойынша қайта есептеледi;
      4) алымды төлегенiн растайтын құжатты ұсынады.
      Ескерту. 9-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 07.11.2014 № 248-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      10-бап. Басқа тұлғаға ресiмделген мүлiктi жария ету

      1. Басқа тұлғаға ресiмделген мүлiктi жария ететiн жария ету субъектiлерi осы Заңның 7-бабының 1-тармағында айқындалған құжаттар тiзбесiне қосымша комиссияға мынадай құжаттарды:
      1) мүлiкке меншiк құқығын белгiлейтiн құжаттың нотариат куәландырған көшiрмесiн;
      2) басқа тұлғаның жария ету субъектiсiне мүлiктi өтеусiз бергенi туралы шарттың нотариат куәландырған көшiрмесiн;
      3) бағалы қағаздар бойынша - бағалы қағаздар бойынша құқықтарды есепке алудың тиiстi жүйесiндегi жеке шоттан үзiндi көшiрменi не резидентi бағалы қағаздардың эмитентi болып табылатын мемлекеттiң заңнамасында белгiленген, осы бағалы қағаздарға меншiк құқығын растайтын өзге де құжатты;
      4) қатысу үлесi бойынша - заңды тұлғаның құрылтай құжаттарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзудi көздейтiн, заңды тұлғаның мөрiмен бекемделген мемлекеттiк қайта тiркеу туралы заңды тұлға органының шешiмiн не шешiмiнен үзiндi көшiрменi ұсынады.
      2. Қазақстан Республикасы аумағының шегiнен тыс жерлерде тұрған осы баптың 1-тармағында көрсетiлген мүлiктi жария ететiн жария ету субъектiлерi мемлекеттiк кiрiс органына осы Заңның 7-бабының 1-тармағында және осы баптың 1-тармағында айқындалған құжаттар тiзбесiне қосымша мынадай құжаттарды:
      1) мүлiктiң бағалау құнын растайтын құжатты;
      2) алымды төлегенiн растайтын құжатты ұсынады.
      Ескерту. 10-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 07.11.2014 № 248-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      11-бап. Құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына
              сәйкес ресiмделмеген, Қазақстан Республикасының
              аумағында тұрған жылжымайтын мүлiктi жария ету

      1. Құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресiмделмеген, Қазақстан Республикасының аумағында тұрған жылжымайтын мүлiктi жария ететiн жария ету субъектiлерi комиссияға осы Заңның 7-бабының 1-тармағында айқындалған құжаттар тiзбесiне қосымша мынадай құжаттарды:
      1) ғимараттар мен құрылыстарды объектiнiң құрылыс нормалары мен қағидаларына сәйкестiгiне техникалық тексерудi жүзеге асыратын аттестатталған сарапшының қорытындысын;
      2) жылжымайтын мүлiк объектiсiнiң техникалық паспортын ұсынады.
      2. Комиссия жария етiлген жылжымайтын мүлiк, жария ету субъектiсi туралы ақпаратты жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асыратын органдарға бередi.

      12-бап. Осы Заңға сәйкес жария етiлген жылжымайтын мүлiк
              объектiлерiн пайдалануға қабылдаудың
              ерекшелiктерi

      Осы Заңға сәйкес жария етiлген жылжымайтын мүлiк объектiлерiн пайдалануға қабылдауды ұйымдастыру мен жүргiзудiң ерекше тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.

      13-бап. Мүлкiн жария еткен жария ету субъектiлерiн
              жауаптылықтан босату

      1. Қылмыстық және әкiмшiлiк жауаптылықтан босату бөлiгiнде рақымшылық жасаудың күшi осы Заң қолданысқа енгiзiлген күнге дейiн жасалған мынадай:
      1) сыбайлас жемқорлық қылмыстарды не ұйымдасқан топ және (немесе) қылмыстық қоғамдастық (қылмыстық ұйым), трансұлттық ұйымдасқан топ, трансұлттық қылмыстық қоғамдастық (трансұлттық қылмыстық ұйым) немесе тұрақты қарулы топ (банда) жасаған қылмыстарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 190 (тыйым салынған қызмет түрлерiнен басқа), 191, 193 (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң баптарында көзделген, осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген қылмыстарды жасау арқылы алынған ақша қаражатын немесе мүлiктi жария еткен жағдайда), 208, 213, 215, 216, 216-1, 217, 218, 221 және 222-баптарында көзделген қылмыстардың
      2) Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiнiң 143, 143-2, 155, 155-1, 155-3, 155-4, 155-5, 156, 157, 166, 168-1, 178, 185, 187, 205-1, 205-2, 206, 206-1, 206-2, 207, 208, 208-1, 209, 214, 357-1-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтардың белгiлерi бойынша iс-әрекеттердi жасау нәтижесiнде алынған мүлiктi жария еткен жария ету субъектiлерiне қолданылады.
      2. Рақымшылық жасаудың күшi мемлекеттiк лауазым атқаратын, мүлкiн жария еткен жария ету субъектiлерiне «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабында көзделген декларациялар мен мәлiметтердi ұсынбауы немесе толық, анық ұсынбағаны үшiн тәртiптiк жауаптылықтан босату бөлiгiнде, осы Заң қолданысқа енгiзiлген күнге дейiнгi кезеңдерге қолданылады.
      3. Осы баптың қылмыстық, әкiмшiлiк және тәртiптiк жауаптылықтан босату бөлiгiндегi ережелерi жария етiлген мүлiктiң шегiнде жасалған iс-әрекеттерге қолданылады.

      14-бап. Қылмыстық iстердi қозғаудан бас тарту, қылмыстық
              iстердi және әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы
              iстердi тоқтату

      1. Мүлкiн жария еткен жария ету субъектiлерiне қатысты осы Заңның 13-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген қылмыстар бойынша қылмыстық iстер қозғалмайды, ал қозғалған қылмыстық iстер Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестiк заңнамасында көзделген тәртiппен тоқтатылуға жатады.
      2. Мүлкiн жария еткен жария ету субъектiлерiне қатысты осы Заңның 13-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар бойынша әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстер қозғалмайды.
      Осы Заңның 13-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар бойынша соттар не уәкiлеттi орган қарамаған әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстер Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртiппен тоқтатылуға жатады.

      15-бап. Осы Заңда белгiленген талаптарды бұзғаны үшiн
              жауаптылық

      Осы Заңда белгiленген талаптарды бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.

      16-бап. Комиссия қабылдаған шешiмдерге қатысты құқық
              мирасқорлығы және өкiлдiк

      Комиссияның мүдделерiн, оның iшiнде комиссия қызметiнiң тоқтатылған кезiнен бастап мүдделерiн бiлдiрудi жергiлiктi атқарушы орган жүзеге асырады.
      Құқық мирасқорына мүлiктi жария ету не жария етуден бас тарту туралы комиссия шешiм шығарған мүлiкке қатысты талапкер немесе жауапкер болу өкiлеттiктерi ауысады.

      17-бап. Шағым жасау тәртiбi

      Комиссияның, мемлекеттiк кiрiс органының шешiмдерiне, сондай-ақ мүлiктi жария етудi өткiзу кезiндегi өзге де әрекеттерге (әрекетсiздiкке) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен сотқа шағым жасалуы мүмкiн.
      Ескерту. 17-бап жаңа редакцияда - ҚР 07.11.2014 № 248-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      18-бап. Осы Заңды қолданысқа енгiзу тәртiбi

      Осы Заң 2014 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi                            Н. Назарбаев.

...