+1 дауыс
699 көрілді
Сәлем, достар! Біз бір жер учаскесін объектісімен қосып сатып жібергіміз келген және тегін жарнама беру сайттары арқылы аз адам хабарласып жатыр, сатып алатын адам табылмады. Мүмкін біз дұрыс жасап жатқан жоқ болармыз. Жылдам сатып жіберу үшін, не істеу қажет және жарнаманы қалай, қайда жасаған дұрыс?
Бұл пәтер емес, өндіріс, цех, қоймаға арналған жер, объектісімен болып тұр.

3 жауап

+2 дауыс
Яғни, қазіргі таңда ол жер сұранысқа ие болмай тұр ғой.

Сол объектінің сыртына билборд іліп көріңіз. Егер ол көмектеспесе, түрлі айырбас жолдарын қарастыруға болады. Ол да болмаса, бағасын сол секілді сатылымдағы объектілермен салыстыра отырып, түсіруге тура келеді.
+1 дауыс

Егер пәтерлер сататын сайттар көмектеспесе онда сапалы аудитория отыратын сайттарға салып көрген дұрыс болар. 

Мысалы:

Закон сайтының аудиториясы үлкен жасағы қалталы азаматтар деп ойлаймын. Себебі көптеген шенеуліктер, әкімдер осы сайттың жаңалығын оқитындығын айтып жатады. Алдын осы сайттың жоғарғы жағында Зауыт сатылатындығы туралы ақпаратты көргенмін. ТГБ (тексто графический блок) арқылы жарнамаларынып тұрған. Қазір де ондай жарнамалардың орны бар екен.

Бағасын сұрастырып біліп, бір беттік лендинг пейдж жасап сонда аудиторияны жіберіп көру керек секілді. Әрине егер бағасы ойға қонымды болса ғана. Немесе контексті жарнаманы көмекке шақыру арқылы. Тек контексті жарнама қоярда да тек сұрыпталған, арнайы критерий бойынша таргетинг жасау арқылы адамдарға көрсету керек.

0 дауыс

Рақмет, достар. Бұл пәтер емес, өндіріс, цех, қоймаға арналған жер, объектісімен болып тұр.

...