+1 дауыс
14.8k көрілді
Ұлы Моғол елі туралы шағын мәлімет керек еді?

3 жауап

+1 дауыс
Моғол әулеті, ұлы Моғолдар әулеті – 16 – 19 ғасырларда Үндістанды билеген әулет. Негізін салушы – Заһир әд-Дин Мұхаммед Бабыр. Темір әулетінен шыққан, әкесі Омар Шейх (1456 – 95) Әмір Темірге туажат, анасы Құтлұқ Нигар ханым Жүніс ханның үлкен қызы. Бабыр Ферғананың әмірі болды. 1504 жылы Мұхаммед Шайбани бастаған Дешті Қыпшақ тайпалары Бабырдан Ферғананы тартып алды. Ол өзіне берілген жауынгерлермен оңтүстікке жылжып, Кабулды иеленді. 1512 жылы Бабыр әскерлері Самарқандты басып алды. Бірақ келесі жылы жеңіліп, кейін қайтты. Содан кейін Бабыр түркі тайпалары мен ауғандықтарды бастап Үндістан жерін жаулауға кірісті (1518 – 19, 1524 – 25). Ол кезде Үндістан бытыраңқы ел болатын. Оның солтүстік аймақтарында мұсылмандар билеген бірнеше мемлекеттер өмір сүрді. Өзара қырқыстағы билеушілер Бабырға сүйенбек болып, оны көмекке шақырды. Бабыр қолы 1526 жылы Панипат жазығында Ибраһим ІІ-ні, 1527 жылы раджпуттарды жеңіп, Пенджаб, Лахор, Дели, Агра жерлеріне ие болды. Сөйтіп, Бабыр және оның ұрпақтары Ауғанстанның тең жартысын, Үндістанның солтүстігін, орталық аймақтарын біріктіріп, ірі империя құрды. Олар Моғолстаннан шыққандықтан Үндістанда және Еуропада ұлы моғолдар деген атпен аталды. Моғол әулеті билеген кезеңде Үндістан әлемге әйгілі болды. Оның белгілі сұлтандары: Бабыр (1526 – 30), Құмайын (1530 – 56), Акбар (1556 – 1605), Жаһангер (1605 – 27), Жаһан шаһ (1627 – 58), Аурангзеб (1658 – 1707), Баһадүр шаһ (1707 – 12), Жаһандар шаһ (1712 – 13), Фаррух Сий-Сийяр (1713 – 19), Насыр әд-Дин Мұхаммед (1719 – 48), Ахмад шаһ Баһадүр (1748 – 54), Әзиз әд-Дин Аламгир ІІ (1754 – 59), Жәлел әд-Дин Әли Жауһар шаһ Алам (1759 – 1806), Акбар ІІ (1806 – 37), Сираж әд-Дин Баһадүр ІІ (1837 – 58). 18 ғасырдың ортасында ұлы моғолдар империясы ыдырай бастады. Ақырғы сұлтан Баһадүр ІІ Үндістан халқының ағылшындар үстемдігіне бағытталған көтерілісін басқарды. Көтеріліс басылған соң оның ұлдары ағылшындар қолынан қаза тапты, ал Баһадүр ІІ Бирмаға айдалып, сонда қайтыс болды.

Ұлы моғолдар империясы — Үндістан аумағында өмір сүрген ірі мемлекет (1526 — 1858) Дели сұлтандығы ыдырағаннан кейін құрылған. Негізін Темір әулетінен шыққан Захир әд-Дин Мұхаммед Бабыр қалады. Бабыр мен оның ұрпақтары Моғолстаннан шыққандықтан үнділіктер (оларды “мухгал” деп атаған) мен еуропалықтарға Ұлы Моғолдар деген атпен белгілі болды. Ұ. М. и. барынша ұлғайған кезінде аум. оңт-ндегі шағын князьдіктер мен патшалықтардан басқа Үндістан түбегін түгелге дерлік қамтыды.1 Астанасы .
2 Сұлтандық билік
3 Аймақтық бөлуі
4 Архитектура
5 Тарих
6 Цілтемелер :
7 Сілтемелер
8 Пайдаланған Әдебиет
 

 Астанасы .Бастапқыда Агра, соңынан Дели қалалары болды.


 Сұлтандық билікСұлтандық билік мұрагерлік жолмен жүзеге асырылып, сұлтандар (шаїтар) шексіз билікке қол жеткізді. Олар бағындырылған аумақтарды өздері қойған билеушілер арқылы басқарды.

Аймақтық бөлуіҰлы моғолдар империясының құрамына кірген жерлер — субтарға (провинцияларға) бөлінді. Субтардың билеушілері сұлтанның вассалдары болып есептелді. Бабыр ұрпақтары ислам дінінің үстемдігін қалыптастыруға күш салып, басқаруды орталықтандыру және үнді раджалары мен көпестерін өз жағына тарту жолымен мемлекетін күшейтуге тырысты. Бағындырылған князьдіктер мен патшалықтар сұлтан қазынасына көптеген алым-салықтар (жан басы салығы — джизья, жерден түскен өнімнен заттай салық, қолөнершілерден, саудадан түскен пайдаға салынатын ақшалай салықтар мен төлемдер, т.б.) төлеп отырды. 16 — 17 ғ-ларда Ұ. М. и. Үндістанның қайта гүлденуіне қолайлы жағдай туғызды. Сауда өркендеп, қалалар гүлденді.

АрхитектураҮнді архитектурасына Орт. Азиядан енген мұсылман сәулет өнері үлкен әсер етті. Тәж-Махал сияқты ғажайып сәулет ескерткіштері салынды. Дегенмен, 17 ғ-да Үндістанға еур. сауда капиталының ене бастауы (португалдар, француздар, ағылшындар мен голландықтардың Ост-Индия компаниясы) ішкі және сыртқы сауданың өсуіне әсер етті, сондай-ақ жат жерліктердің Үндістанды экон. жағынан отарлай бастауына жол ашты. Жергілікті халықтың жағдайы нашарлап, өсімқорлық күшейді. Өсімқорлар шаруаларға жоғары пайызға қарыз ақша беріп, кіріптарлыққа түсірді. Тұрмыстың нашарлауы жергілікті халықтың наразылығын күшейтті. Жеке аймақтарда Ұлы Моғолдар үстемдігі мен жергілікті шонжарларға қарсы халық көтерілістері басталды.

 Тарих17 — 18 ғ-лардағы мұндай көтерілістердің ең ірілері сикх сектасы жетекшілік рөл атқарған Пенджабтағы қала кедейлері мен шаруалардың көтерілісі, Аграның оңт.-батысындағы қолөнершілердің ең кедей топтары мен “кесепатшылар” кастасының өкілдерін біріктірген джаттар мен сатнами сектасының көтерілістері, сондай-ақ Шиваджидің басшылығымен болған моратхилер көтерілісі (17 ғ-дың 2-жартысы) болды. Моратхилер өз мемлекетін құрып, Шиваджиді мемлекет басшысы етіп тағайындады. Бірақ Шиваджи қайтыс болғаннан кейін Аурангзеб шаї моратхилердің мемлекетіне күйрете соққы берді. Биджапур, Голконда мемлекеттерін басып алып, іс жүзінде бүкіл Үндістанның билеушісіне айналды. Алайда көтеріліске шыққан халықтар мен бүлік жасаушы вассалдарға қарсы жүргізілген үздіксіз соғыстар Ұ. М. и-н әлсірете бастады. 1739 ж. Ираннан Надир-шах Афшар баса көктеп кіріп, Делиді алды. Ол қаланы тонап, сұлтан қазынасында сақтаулы тұрған орасан мол байлықты өзімен бірге алып кетті. 1747 ж. Ауғанстан билеушісі Ахмад шаї Дуррани Ұ. М. и-на қарсы жорық жасап, Пенджабты тартып алды. 1720 — 40 жылдар аралығында Ұлы Моғолдар Рохилкхандтағы, Бенгалия мен Декандағы биліктерінен айрылды. Моғол державасының әлсіреуін моратхи билеушілері пайдаланып кетті. Олар моғолдар билеген аудандардан алым-салық алып отыруға рұқсат беретін жарлыққа ие болды. Баладжи Баджи Рао (1740 — 61) пешва тұсында моратхилер Делиді басып алып, Пенджабқа шабуыл жасады. Пенджабты алу моратхилерді Ахмад шаї Дурранимен қақтығысқа түсірді. Ауғандармен соғыста моратхилер талқандалып, бірнеше дербес князьдіктерге бөлініп кетті. Ұ. М. и-ндағы тақ үшін үздіксіз соғыстар ағылшын және француз Ост-Индия компанияларына Үндістанды жаулап алуға қолайлы жағдай туғызды. Әли Жауїар шаї Аламның (1759 — 1806) кезінде ағылшындар Делиді басып алғаннан кейін (1803) Ұ. М. и. Ост-Индия компаниясына тәуелді болып қалды.
0 дауыс
Ұлы моғолдар кезеңінің өнері
Моғолстан
Үндістандағы Ұлы Моғолдар әулеті — Делиді басып алған және тонаған жаулап алушы ретінде жоғарыда аталып өткен самарқандтық әмірші Темірден басталады. Бабыр 1526 жылы Лоди әулетінен шыққан соңғы әкімді жеңіп, Дели мен Аграны жаулап алады. Оның ұлы Хумаюн әкесі жаулап алған Үндістан облыстарын ұстап тұрарлықтай күшті болып шықпайды; бастапқы (1530—1540) соғыс жетістіктерінен кейін ол Шер-шаһтан жеңіледі де, өз семьясымен Парсы еліне қашуға мәжбүр болады. Парсы патшасының көмегімен көп жыл өткеннен кейін Дели мен Аграны қайыра жаулап алып, Моғолдар әулетінің өкіметін (1555—1566) қалпына келтіреді. Хумаюн кешікпей қайтыс болады да, кезінде парсыларға бірге қашқан ұлы Акбар Үндістандағы Моғолдар әулетінің өкіметін нығайтушыға айналады. Ол билеген жылдарда Үндістан өнері тарихында жаңа кезең басталады, бұл кезең ерте ислам кезеңіндегіге қарағанда көп жағдайда өзіне тән бірқатар ерекшеліктерге иелік еткен. Акбар өзінің әкесі мен атасы сияқты өнер қамқоршысы ғана болып қойған жоқ, ол сонымен бірге аса зор ұйымдастырушылық қабілеттерімен көзге түскен және бір жақты діни фанатик те еместі. Ол өзіне бағынышты индуистермен де тіл таба білді. Оның тікелей мұрагерлері де осылай жасады, шешелері князьдік Раджпуттар тұқымы ұрпақтарымен некелескендіктен де олардың нағашы жұрты сол үнді елі болды. Олардың сарайлары маңына көптеген үнділік суретшілер жұмысқа орналасты. Сондықтан да моғолдар билеген кезеңге әдетте патшалық, құрған үймен байланысты болатын бір жақты мұсылмандық артықшылықтар тән еместін. Бұл кезеңдегі қандай да болмасын көркемдік бастамаларға тек үнділік не мұсылман суретшілері ғана емес, алыс елдерден келген жатжұрттықтар да, солардың ішінде жекелеген европалықтар да қатысып отырған. Бұл Делиде, Агра мен Лахорда, сол сияқты Үндістанның басқа да қалаларында көптеген аса ірі сәулет ескерткіштері жасалған жарқын дәуір болды. Бұл кезеңде сонымен бірге «моғол миниатюрасы» деген атқа ие болған миниатюра барынша дамыды. Үнді тарихының шыны саналып, Маурьялар мен Гупттар билеген кезеңмен салыстырылатын бұл кезеңді колониализм дәуірі алдындағы бүкіл Үндістанды қамтитын бір орталыққа бағындырылған мемлекет құру жөніндегі соңғы әрекет кезеңі деп қарастырған жөн. Акбар өз мемлекетін көптеген провинцияларға бөлді: Кабул (қазіргі Ауғанстан), Лахор (қазіргі Пакистан, бұл провинцияға Кашмир де кірді), Мультан мен Синд, Дели, Агра, Аудх (Авадх), Аллахабад, Аджмер, Ахмадабад, Бихар, Бенгалия мен Орисса, Кандеш, Берар мен Ахмеднагар. Бүкіл Солтүстік және Орталық Үндістан соның қол астында болды. Өзіне күшпен бағындырылған басқа діндегі халықтарды басқарудың қандай да бір ұтымды формаларын таппай бас идіру мүмкін еместігін Акбар әп дегеннен-ақ түсінді.Ұлы Моғолдар әулетінен шыққан патша үшін халықты мемлекет басқарудың қандай да болмасын демократиялық формасына қатыстыру мәселесінің мәнісі жоқ еді, сондықтан да Акбар өз сарайына Раджпуттар тұқымынан шыққан князьдерді тартып, оларға жауапты қызметтерді беріп отырды. Өзінен бұрынғы сұлтандардың «дінсіздерден» жан басына көбейтілген салықтар жинауы сияқты алалаушылық шаралардан ол, әрине, мүлде бас тартты. Акбардың діні басқа жұрттармен бірігуге және ынтымақтасуға ынталы болғаны соншалық, ол тіпті синкретикалық дін тәрізді бірдеңені енгізуге де әрекеттеніп көрді, бірақ та индуистар мен мұсылмандар қаншалықты мүдделі болғанымен, оның мұнысынан ештеңе де шықпады. Өкінішке орай, осынау уағдагерлік бастамалар сонымен бірге Ұлы Моғолдар әулеті билігінің қалай дегенмен шарықтау шыңы да бола білді. Акбар мұрагерлері Жаһангер (1605) мен Шаһ Жаһан (1628) тұсында бұл әулеттің саяси ықпалы да, мәдени дәрежесі де біршама кеміп кетті, бұл арада сарай маңындағы түрлі қастық-араздасушылық әрекеттер аз роль атқарған жоқ. Ұлы Моғолдар әулетінен шыққан төртінші билеуші Аурангзеб (1628) тұсында исламдық пуританизм қайыра үстемдік алып, индуистерге деген өшпенділік epic алды. Бірақ әскери зорлық күштің кезеңі өткенді, демек Аурангзеб канша күш жұмсағанымен өткенді оралту мұмкін болмай қалды. Ол Ұлы Моғолдардың соңғы әміршісі болып шықты да, әскери ірі жеңістерге қарамастан мемлекеттің көптеген ұсақ бөлшектерге бөлінуінің куәсы болды. Оның мұрагерлері бұл ұлы әулеттің атын ғана сақтап қалды, ал іс жұзінде олар отарлық өкіметтер мен әредікте біртіндеп бас көтеріп келе жатқан Раджпуттардың тегеурінді тықсыруына ұшырап, бұрынғыдай кең құлаш өктемдік жасау правосынан айрылған солтүстік үнділік билеушілер ғана болатын. Ақыр соңында 1858 жылғы ¥лы көтеріліс британ әскерлері күшімен басылғаннан кейін, ең соңғы «Дели патшасы» өз орнын босатып, ағылшындарға беруге мәжбұр болды. Акбардың Үндістан мен оны мекендеген әр түрлі халықтарды біріктіруге деген әрекеті мұсылман өнеріне үнділік ықпалды күшейтуге әкеп сайды. Ақбар билеген кезеңдегі көптеген құрылыстар олардан бүрынғы дәуірдегі ғимараттарға тән қаталдық пен ұстамдылықтан өзгеше, мейлінше жаңаша стиль туындылары болып келеді. Бұл жаңа стиль кей реттерде формалармен ойнағандай мейлінше алуан сырлы түрлі байлығымен, Раджпуттар тұқымынан шыққан билеушілер негіздеген үнділік сарай дәстүрлеріне барынша үндес жұтынған көрік, сән-салтанатымен ерекшеленеді.
Қалғаны http://kk.wikipedia.org/wiki/%D2%B0%D0%BB%D1%8B_%D0%BC%D0%BE%D2%93%D0%BE%D0%BB%D0%B4%D0%B0%D1%80_%D0%BA%D0%B5%D0%B7%D0%B5%D2%A3%D1%96%D0%BD%D1%96%D2%A3_%D3%A9%D0%BD%D0%B5%D1%80%D1%96
0 дауыс
акбар туралы керемет мәлімет екен
...