0 дауыс
559 көрілді

Бірыңғай зейнетақы қоры не үшін құрылды? Меніңше, бюджет дефицитін жабу мен банктердің жағдайы үшін ғана, болды. Мысалы, осы бірыңғай зейнетақы қорының инвестициялық портфелін талдайықшы.

Капитал кз ақпараты бойынша, осыдан екі жыл бұрын 45,2% мемлекеттің құнды қағаздары, 19,9% корпоративті облигацияларды сатып алуға кеткен, ал 15,2% қаражат депозитте жатыр. Бұл не деген сөз?!

Яғни, ақша бюджеттің дефицитін жабуға кетті. Мейлі, бұған да көндік дейік. Ал 2017-2019 жылдарға арналған бюджетті қараңызшы, өсім тек 1-2% ғана. Енді депозит саясаты тіпті қызық. Қаражаттың 31,2% Сбербанктің депозитінде жатыр екен, яғни ел банктеріне сенім жоқ па, әлде пайыз ставкасы төмен бе? Не себеп болды екен? Онда неге зейнетақы қоры қайта қайта халықтың ақшасын банктерге бере береді

Мысалы, депутат Азат Перуашевтің мәлімдеуі бойынша, Еуразия банкі өзінің капиталы 61 млрд бола тұра, 34 млрд депозитке, 44 млрд облигация ретінде тартқан, қарасаңыз банк капиталынан 22% жоғары берген. Неліктен?! Каспий банк 144,4 млдр капиталы бола тұра, 169 млрд, АТФ өз капиталы 72 млрд болса да, 101 млрд зейнетақы қорынан қаржы тартқан. Ал Альянс және Темір банктер минус 54 млрд болса да 39 млрд ақша алған. Енді бұл саясатты не дейміз?! 

2008 жылы банктерді қолдауға деп Ұлттық қордан 4 млрд $ жұмсадық, Үкімет кейін қайтады деді, енді қайда сол ақша? Яғни, мына ақша да жоқ болып кету қауіпі жоғары. Сондықтан, өзім мынандай саясаты бар зейнетақы қорына Алла күнімді түсірмесін деп тілеймін. Болашақта зейнетақыға қарап отырудан сақтасын! Негізі қай салада болмасын монополия жақсылыққа әкелмейді. Бәсеке ғана даму мен сапаға себеп болады. Бұл - аксиома!

Сіздің жауабыңыз

Ескерту: Email пошта сізге хабарлама жіберу үшін қолданылады
Спамға қарсы тексеру:
Төртке бесті қоссаң қанша болады?
Модерациядан өтпес үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
...