0 дауыс
2.4k көрілді

Қазақ халқының киелі деп есептейтін ұғымдары. атты тақырыпқа реферат керек еді. көмектесіңіздер ші. 

1 жауап

0 дауыс

Қадым замандардан бері Жер бетін мекендеп келе жатқан халықтардың көпшілігі жеті санында сиқырлы күш бар деп санаған. Оны кие тұтып, қастерлеген небір ұлттар да болды. Соның бірі – қазақ халқы. Біздің ата-бабаларымыз да жеті санын қастерлеп, бірқатар таным-түсінігі мен табиғат құбылыстарын, аспан денелерін жеті санымен атап, ата заңдарына, салт-дәстүріне арқау етіп келеді.

Жеті ата. Бұл – қазақ халқының дәстүрлі салт-санасында адамның ата жағынан тегін таратудың нақты жүйесі. Әрбір қазақ баласы өзінен бастап жеті атасының аты-жөнін білуге міндетті. Мұны әке-шешесі, ата-әжесі үйретіп, жаттатуға тиіс. "Жеті атасын білмеген жетесіз" деген аталы сөзді өзіңіз де білетін боларсыз.

Өйткені қазақта жеті атаға дейін қыз алыспайды, оған дейінгі ұрпақ бір атаның баласы – туыс саналады. Қазақтар негізінен жеті атаны былайша таратады: 1. Бала. 2. Әке. 3. Ата. 4. Үлкен ата. 5. Баба. 6. Түп ата. 7. Тек ата.

Жеті жұт. 1. Құрғақшылық. 2. Жұт (мал қырылу). 3. Өрт. 4. Оба (ауру). 5. Соғыс. 6. Топан су. 7. Зілзала (жер сілкіну).
Жеті жоқ1. Жерде өлшеу жоқ. 2. Аспанда тіреуіш жоқ. 3. Таста тамыр жоқ. 4. Тасбақада талақ жоқ. 5. Аллаһта бауыр жоқ. 6. Аққуда сүт жоқ. 7. Жылқыда өт жоқ. 

Жеті қазына. Ол жөнінде пікір талас көп. Алайда қазақтар ертеде жеті қазынаға мыналарды жатқызған: 1. Ер жігіт. 2. Сұлу әйел. 3. Ілім-білім. 4. Жүйрік ат. 5. Құмай тазы. 6. Қыран бүркіт. 7. Берен мылтық.

Жеті жетім. 

Тыңдамаған сөз жетім.

Киюсіз тозған бөз жетім.

Иесіз қалған жер жетім.

Басшысы жоқ ел жетім.

Аққу, қазсыз көл жетім.

Жерінен айырылған ер жетім. 

Замандасы қалмаса –

Бәрінен де сол жетім.

Жеті ғашық. 1.Ләйлі – Мәжнүн, 2.Жүсіп – Зылиха, 3.Фархад – Шырын, 4.Тахир – Зухра, 5.Арзу – Қамбар, 6.Уәлик – Ғарра, 7.Уәки – Күлшаһ.

Әлем халықтарының жеті санына қонақ болып көрейік

Жеті – ең ерекше сандардың бірі. Неге екені белгісіз, тұла бойы ашылмаған құпияға толы сынды. Әлем халықтары оны қасиетті, тылсым, таңғажайып, бақыт пен сәттілік әкелетін сан деп баға береді.

Жеті Египетте мәңгілік өмірдің нышаны, Осирис құдайының саны. Сондай-ақ олар жеті планета бар деп санаған. Шумерліктердің Лугуланнемунду атты патшасы өз қаласында Нинту ғибадатханасын тұрғызған екен. Бұл ғимараттың жеті қақпасы және жеті есігі болған көрінеді. Және ғимарат құрылысы аяқталған соң, жеті рет дәріптеліп, жеті өгіз бен жеті қой құрбандыққа шалынған.

Жеті Ежелгі Грекияда Аполлон нышаны. Аполлон айдың жетінші жұлдызында дүниеге келген. Оның лирасының (музыкалық аспап) жеті ішегі болған екен.

Дінде де жеті санының орны ерекше. Мәселен, Аллаһ Тағаладан пенделеріне түскен қасиетті кітаптардың бірі – Тауратта жеті саны 500 рет қайталанады. Ислам дәстүрінде жұмақтың жеті қақпасы, тозақтың жеті баспалдағы, Қағбаны жеті рет айналу деген ұғымдар бар болса, христиандарда жеті – жаратылыстың нышаны болып саналады.

Жеті жазба, жеті ашу, жеті шырақ, жеті басты дәу, жеті нота, жеті батыр, аптаның жеті күні, жеті жел, жеті қат жердің асты, жеті таудың арғы жағы, жеті, жеті, жеті...

Соның бірі өлімге себепкер болатын жеті күнә: тамақсаулық, жалқаулық, нәпсіқұмарлық, өркөкіректік, ашу, қызғаншақтық және сараңдық. Теолог Фома Аквинский күнәһарларға ауыр жаза берілетін күнәлардың ішіндегі ең негізгілерін талдап, түсіндіріп жазып шыққан.

Ал сіз жеті саны туралы не білесіз?

...