0 дауыс
5.1k көрілді
Осы Түркістанға барғандар сол жердегі құдықтағы шелектегі су, т.б. осыған ұқсас киелі әңгімені кейбіреулері өтірік кейбіреулері шын деп жатады. Соның анық-қанығын, толық жауап бересіздерме?

5 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Біле білсеңіз Мұсылман әлемінің басқа да аймақтарында мазарлар, кесенелер, ағаштар, тастар, тәспілер т.с.с. заттарды құт-берекелі, киелі деп қадірлеп-қастерлеу өте кең таралған. Адамдар осы заттар құтты сипаттарға ие және оларға қол тигізіп сипау арқылы осы құт-берекеден өзіңе де үлес алуға болады деп есептейді.Түркістанды, Арыстан Бабты зиярат етушілердің әсерлері туралы айтылған ғаламтордан алынған кейбір үзінділер: Қасиетті құдық: «Түркістан қаласынан 60 шақырымдай жерде жергілікті халық әулиелі мекен санайтын Укаша aта сахабаның зияраты және қасиетті құдығы бар. Келушілер Укаша сахабаның ұзындығы 20-25 метрдей ұзын қабірінің басына дұға жасаған соң, осы арадан 700-800 метрдей қашықтықта, тау басындағы құдыққа барып, тереңдігі 30 метрге дейін жететін құдыққа қауға тастайды. Ырым бойынша, әулиенің құдіретіне күмән келтірген немесе ой-пікірі теріс адамға құдық бір тамшы су бермейді. Ал ниеті таза, ықыласы күшті адамның шелегі құр қалмайды …» «Мешітке барар жолда екі бұлақ көзі бар. Бекет aта Бақыржан қажының асатаяғын суырып алған жерден тұщы су шыққан. Ал асатаяқты суыра алмаған ұлына налыған әкесінің көз жасы тамған тұстан ащы су аққан. Кейін екеуі бір арнаға тоғысқан. Суы сәл кермек татығанымен, қанша ішсең де ішке тимейді. Кейін өткізілген лабораториялық сараптама оның адам саулығына пайдасы барлығын анықтаған. Зиярат етушілер оны ыдыстарына құйып, өздерімен бірге ала кетеді». Қасиетті тастар мен құдықтар: «Домалақ-ана – Анар-ана – бұл қасиетті екі тас арасынан тек сенімі бар адам ғана өте алады. Ғайып берген құдықтың тереңдігі 40 метр. Бұл суды тек жаны таза адам ғана толтырып ала алады. Көбіне бұл қолдан келмейтін іс, өйткені шелек не сынады, не су жан-жаққа шашырайды. Бұл екі сынақтан жолаушылар Түркістанның киелі жерлерін аралап шыққан соң өтеді. Бұл сынақ адам қаншалықты жанын тазартқанын және Аллаһ қаншалықты оның сиынуын естігенін тексереді». Кесенелер мен қабірлер: «Айша-бибі кесенесі – бұл жер бала көтере алмайтын және мықты жанұя сұрайтын әйел адамдар аса киелі тұтатын жер болып саналады. Райымбек атаның жерленген орны – бұл жерге барып келген адамның жолы болып, жұмыстарында сәттілік болады». Бау-ленталар, ақ шүберектер: «Біз баспалдақтың айналысындағы әрбір бұтақ пен ағаштарға жіптер, баулар, шүберектер және байлауға болатын басқа да нарселердің байланғанын көрдік. Айналада тиындар жатты. Біз де тиын тастап тілек тіледік». «Ағаштардың бұтақтарына байланған ленталар түрлі-түсті болып көз баурайды. Ал бұрын баспалдақтың орнына тек тар жол болатын, онымен осы жерге пұтқа табынушылардың Құдай деген жоғарғы пұтына құрбан шалатын қойларды сүрейтін. Қойды бөлетін, еті мен терісін бұтақтарға ілетін, осы орайда әрбеу Мәңгі Аспанның Иесіне тылсым тілегімен жалбарынатын, әрі ол туралы ешкім білмеуге тиіс болатын. Жоғары күштерге деген жүгіну барынша жеке сипатта болуы үшін, теріні ленталарға бөліп, осы рәсімге қатысқан тайпаластарына, олардың әрқайсысы өзі үшін кесінді-тілегін ілуі үшін тарататын. Уақыт өтісімен қайысты матадан кесілген ленталар ауыстырды».
0 дауыс
Менің ойымша бұл рас емес. Жай ғана ханның кесене салынуы ғана болмаса бұл тіпті де киелі жерге жатпайды!
0 дауыс
Сонда ол киелi жерме киелi жер емеспе
0 дауыс
Сонда не сендерге Туркистаннын касиетти де киели заттары жай гана зат болганыма..алдымен сендер барып сиынып дуга кылып кориндер сосын коресиндер. ондай кудайдын берген сиын неге териске шыгарасындар...бул арине рас Туркистандагы заттар киели мен оган камил сенемин еш шубасиз........достар сендерде оз жаксы ойларынды жазындар,Нургул сиякты ол отирик деп,мен ондайга сенбеймин демендер бунын бариде рас ..мен Нургулдин жазганына жыным келип кетти не деп жазарымды билмей.енди осы созди жазып отырмын
0 дауыс

киелі деп ойлаймын түркістан бардым ғо

...