1930-жылдары түсті металлургия Қазақстан өнеркәсібінің жетекші саласына айналып, түсті металлургия бойынша Қазақстан екінші орында болды. Бұл сала кәсіпорындары: Шымкент қорғасын, Балқаш мыс қорыту, Лениногорск, Зырянов полиметалл зауыттары, мыс балқыту комбинаты, Ащысай, Қоңырат кеніштері.
Салынып жатқан құрылыстар: Ақтөбе ферроқорыту зауыты, Текелі полиметаллургия, Жезқазған мыс балқыту комбинаттары.
Шымкент қорғасын зауытының қорғасыны елдегі ең таңдаулы деп танылды. 1939 жылы зауыт ұжымы одақта 1-орынды жеңіп алып, Ленин орденімен марапатталды. Қазақстан Одақ көлемінде:
Қорғасын өндіруден 1-орын, мұнай мен көмір өндіруден 6-орынға шықты.
1940 жылы 2580 ірі кәсіпорын жұмыс істеп, индустрияның жалпы өнімі 1940 жылы 1913 жылмен салыстырғанда 7,9 есе өсті.
1940 жылы Қазақстан одақ бойынша:
көмірдің – 4,2%-ын;
мұнайдың – 2,2%-ын;
қорғасынның – 87%-ын;
мыстың – 21%-ын өндірді.
Соғыс алдындағы жылдарда Орталық Қазақстанның өнеркәсіпті шикізат аймағы қалыптасты.