0 дауыс
4.6k көрілді

Әке - асқар тау. Оның отбасындағы орны бөлек. "Бір әкенің тәрбиесін жүз мектеп те бере алмайды", -  деген екен. Яғни ол - отбасының, оттың басы ғана емес,  тірегі де, тәлім-тәрбие беріп, бағдар беруші де. 

Әке болу дүниеге ұрпақ әкелумен тынбайды. Ұрпағың үшін ұлағатты тұлға болуғы тырысып, үлгі болу үшін өзіңді қамшылау, сары ауыз балапандарды асырап, керегімен қамтамасыз етіп, қанттандыру - әке деген абыройлы атаққа қол жеткізетін дүниелер.

Бүгінде баласынан безген ана, әке көп. Әйел-баласын тағдырдың тәлкегіне тастап кетіп, талтаңдап жүрген ерді әке деуге аузың бармайды. Көбісі әкелікті үстіртін, атүсті қабылдайтындықтан, оның жауапкершілігін мойынына алмайды. Себебі білмейді, түйсігі сезбейді.

Өз әкем бізді аялап өсірді. Бала күнімді көз алдымнан бір өткерсем, әкемнің бізге ұрысып, қатты сөйлегенін де білмейді екем. Оның мінезі жұмсақ. Бізді еркелетіп отырып ақылын айтатын. Дастархан басына жиналғанда емен-жарқын әңгімелесіп, сыр бөлісеміз. Сол ақылын тыңдап өскеннен жаман болмадық. Баласын тастаған ата-анаға қарап отырып, жүрегім езіліп, барлығының әкесі менікіндей болса екен деп тілеймін.

Әке туралы шығарма бар ма?

Сіздің жауабыңыз

Ескерту: Email пошта сізге хабарлама жіберу үшін қолданылады
Спамға қарсы тексеру:
Төртке бесті қоссаң қанша болады?
Модерациядан өтпес үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз

Ұқсас сұрақтар

...