0 дауыс
19.5k көрілді

Ғалам біз білмейтін дүниелерге толы. Кішкентай күнімнен аспанға қарап, күндіщз күн мен бұлттарды, түнде жұлдыздар мен аппақ айды тамашалап, ұзағынан қарағанды ұнататынмын. Аспан әлемі мені ерекше еліктіретін. "Анау тұрған дөп-дөңгелек айдың үстіне шығып алып, жерге қараса, біздің ғаламшар ол жерден қандай болып көрінер екен? Бұлттан бұлтқа секіріп, күн сәулелеріне шомылсам ғой", - деген ойлар келетін санама. Ғарышқа, аспанға ерекше құмар болдым. Ғарышкер болуды армандайтынмын. 

"Аспанда тіршілік бар ма екен? Бар болса дәл күнге барып, сонда тұрар едім", - деп ойлайтынмын. Дөңгеленген жарқын, сәулелері нұр сыйлайтын Күннің жалындаған от екенін ойламаппын да ғой. Сонда туыстарым, жақсындарымды алып барсам Күн мен Айдан үй тұрғызсақ дейтінмін. Мұның бәрі бала қиял. Бірақ бүгінде небір түрлі жаңалықтар ашылып, құрылғылар пайда болуда. Бәлкім, бір кездері Айда тұру да мүмкін болып қалар.

Ғарыш туралы шығарма бар ма?

Сіздің жауабыңыз

Ескерту: Email пошта сізге хабарлама жіберу үшін қолданылады
Спамға қарсы тексеру:
Төртке бесті қоссаң қанша болады?
Модерациядан өтпес үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
...