0 дауыс
17.7k көрілді

"Нағыз қазақ - қазақ емес, нағыз қазақ - домбыра", - дейді ақын Қадыр Мырза-Әлі. Бұл сөздердің астарында үлкен мән-мағына жатыр. Ғасырлар бойы қазақ халқының тұрмыс-тіршілігіне, қиын-қыстау күндеріне куә болған домбырадан артық халықтың күйін шертіп, мұңын айтар не бар? Оның бойында нағыз қазақылық тұнып тұр. Оның бойында күллі қазақтың тарихы, мұң-зары, қуаныш-қайғысы, өткені мен бүгіні бар. Сондықтан да болар, қай үйді қарасаң да қасиетті домбыраның алар орны - төр. Бұл бір ғана музыкалық аспапты ғана емес, күллі казақты, тарихыңды құрметтеу.

Екі ішектен ғана тұратын музыкалық аспаптың ерекшелігіне шынымен де таңданасың. Одан шыққан әсем әуеннің осынау екі ішекті аспаптан тарап жатқаны қайран қалдырады. Домбырада ойналған күйдің ерекше үні бар. Ол ет-жүрегіңді елжіретіп, көзіңе қазақтың кермиық даласын, қазақтың дархан көңілін елестетеді. Ести отырып еліксіз елтисің, еріксіз әуенге берілесің.

Ұлттық аспаптар туралы шығарма бар ма?

2 жауап

+1 дауыс


Қай халықтың музыка аспаптары болсын өмірге жайдан-жай келмеген. Ол адамның жан дүниесі, ішкі сезім иірімдерін білдіру қажеттілігінен, әр халықтың тұрмыс-тіршілік, салт-дөстүр, әдет-ғұрыптарына орайласа туын-дап пайда болған. Адам болмысының сөзбен, ән-өлеңмен айтып жеткізуге болмайтын сырлы саз, әуен үнін, күрделі сезімдерінсыртка шығару үшін музыкалық аспаптарды ойлап шығарған.

Жалпы казақтың ұлттық музыка аспаптарының саны өте көп болған. Қазақтың музыка аспаптарын түбегейлі, жеріне жеткізе зерттеген ғалым Б. Сарыбаевтың айтуынша жер-жерлердегі мұражайлар қорлары мен экспозицияларда қазақтың 400-ден астам көне музыкалық аспаптары сақтаулы. Тек Санкт-Петербург этнографиялық мемлекеттік мұражайы қорында қазақтың 50-ден астам ұлттык, музыка аспаптары бар.

Әрине бүл ретте мына бір жайды да ескеру керек. Музыка аспаптарын зерттеген көптеген ғалымдар тұжырымдары, «түркі тілдес халықтардың музыкалық аспаптарының пайда болуы, шыққан тегі бір» деген ойлары әр тұстан тоғысып жатады. Мәселен, белгілі этнограф ғалым С. Е. Малов: «…Осы ескерткіштердің бәрі немесе осы ескерткіштердің бәрінің, айтары түркі тілдес халықтар тарихы үшін ортақ арқау болып табылады…» десе, тағы бір әйгілі орыс ғалымы В. Виноградов: «Музыка аспаптарының өзара байланыстылығы тайға таңба басқандай болып, ап-айқын көрінетін белгілері Солтүстікке, Орталық Қазақстан мен Онтүстік Сібірге, Алтайға жетелейді», — деп жазады. Демек, В. Виноградовтьщ болжамынша, Орта Азия және басқа түркі тілдес елдерді аитпағанның өзінде, қазақтың музыка аспаптары мен сонау Сібір аймағындағы алтайлықтар, хакас, тува, якут халықтары музыка аспаптарының тегі бір дегенге меңзейді.

Қазақтың ұлттық музыка аспаптарының көбі сан ғасырлар бойына халқымыз басынан кешірген саяси, коғамдық-әлеуметтік өзгеріс, жағдайларға байланысты қолданылудан қалып, ұмыт болып келді, 1960 жылдарға дейін бізге белгілісі негізінен небәрі төрт қана аспап болатын. Олар домбыра, қобыз, сыбызғы, сырнай еді, Соның өзінде көбінесе домбыра мен қобыз ғана қолданылып келді. Тіпті кейбір облыстарда қобыздың не екенін білмейтін кездері де болған. Соңғы кезді қойып, 1855-4856 жылдары Шоқан Уәлиханов өзінің «Қазақ халық поәзиясының түрлері туралы» деген мақаласында домбырамен орындалатын өндер мен күйлердің етек алғанын, сол себепті қылқобыздың сүйемелдеуімен айтылатын ұзак жырлардың қалып бара жатқанын ескеріп: «…Домбыра мен жаңа әндер енді жыр мен қобызды мүлде ығыстырып шығарды», — деп қынжыла жазды,

Казақтың ұлттык, музыка аспаптары сонау ұлы ғалым бабамыз Әл-Фарабиден бастап, Шоқан Уөлиханов, Абай, Әлкей Марғұлан, Ахмет Жұбанов сынды, тағы басқа ғалымдар мен өнер адамдарының назарынан тыс қалып көрген жоқ. Музыка мен музыка аспаптарын зерттеу саласында ұлан-ғайыр еңбектер қалдырған Ш. Уәлихановты айтпағанның өзінде Абай Құнанбаев өзінің орыс досы Н. Долгополовпен бірге 1885-1893 жылдар аралығында бірнеше музыкалық аспаптарды тапқан. Абай әсіресе, ең сирек кездесетін музыкалық аспаптарды жинауға назар аударған. Семей қаласындағы Абайдың республикалық әдеби-мемориалдық мұражайында үш ішекті екі домбыра, қияғы тым қарапайым екі қылқобыз, сыбызғы және асатаяқ сақталған. Суретшілер Г. Гуркин, Н. Белослюдовтердің Абай музыкалық аспаптарын бейнелеген суреттері бар.

Бүгінде отыздан астам қазақтың ұлттық төл музыка аспаптары бар. Бұл аспаптар алпысыншы жылдардан бастап ұлттык көне музыка аспаптарымызды зерттеуге өлшеусіз үлес қосып, соларды жер-жерлерден, қаншама мұражайлардан, ғылыми еңбектерден қажымай-талмай іздестіріп тапқан және сол аспаптарды жасатып, сол аспаптар құрамымен ансамбль ұйымдастырып, кыруар еңбек сіңірген ғалым Болат Сарыбаевтың қажырлылығы аркасында өмірге қайта оралды. Қазіргі Нұрғиса Тілендиев атындағы фольклорлық-этнографиялық оркестрдің, негізін салған да Б. Сарыбаев еді. Б. Сарыбаев өмірге жолдама берген сол ұлттық музыка аспаптарымыздың көбі қазірде ұлттық оркестрлеріміз бен көптеген халық аспаптары ансамблдерінің құрамына енген. Б. Сарыбаев қазақтын ұлттық музыка аспаптарын бірнеше топқа бөліп, төмендегідей жіктейді.

I. Үрлеп тартылатындар, Тармақталуы:

1. Флейталық — сыбызғы, үшпелек, сазсырнай, үскірік, тастауық, ысқыруық.

2.  Тростық — қамыс сырнай, қос сырнай, қауырсын сырнай.

3.  Мундштуктік — мүйіз сырнай, ұран, бұғышақ, керней.

II. Ішекті. Тармақталуы:

1. Шертіп ойналатын — жетіген, шертер, домбыра.

2. Қияқпен ойналатын — қыл қобыз.

III. Мембраналы. Ұрып ойналатын — даңғыра. кепшік, дабыл, дудыға, дауылпаз, шыңдауыл.

IV.  Сым тілшелі: шаңқобыз.

V.  Сілкіп ойналатындар: асатаяқ, шың, сылдырмақты қамшы, қоңырау.

Қазақтың ұлттық аспаптарының ішінде кең тарағаны домбыра, қобыз, сазсырнай болып табылады. Домбыраны тіпті қазақтың өзімен салыстырады: «Нағыз қазақ - қазақ емес, нағыз қазақ - домбыра» деп. Себебі, домбыраны тартып, оның даусын ұнатпайтын қазақ жоқ десе де болады. Жалпы, домбыра атауының шығу тарихы жайлы таластар көп. Солардың бірқатары: «Дембира» деген қыз атынан шыққан болуы керек деп те топшылайды, себебі шығыс елдерінде қастерлі, қасиетті нәрсеге немесе кейбір көпшілік орынға әйел адамның есімін беру үрдісі бар. Пішіні домбыраға ұқсас, төрт ішекті шертпелі аспап үнді халықтарында «тампура» деп те аталады. Ішекті шертпелі аспап «пандура» гректерде бар. Сонымен нақты атауы қайдан шыққаны әзірге белгісіз.

Ал ең көне аспап ретінде қобыз саналады. Өздеріңіз білетіндей қобыз сонау Қорқыт ата заманынан келе жатыр.

Қазіргі күні ұлттық музыкалық аспаптарға деген сұраныс артып келеді. Жастардың көбі қазір домбыра мен қобыздан басқа да ұлттық аспаптар бар екенін біліп келеді. Оған дәлел ретінде ұлттық аспаптардан құралған топтарды айта аламыз. 

+1 дауыс

Музыка әлемі –адамзат мәдениетінің байлығы ішіндегі мұхиттай шексіз, ғажайып дүние. Музыка да адамның асқақ, асыл ойлары, арман- мақсаты , ізгі тілектері, қуанышы, қайғы-қасіреті мен әр түрлі сезім иірімдері бейнеленеді. Музыканың адам жан-дүниесіне тигізетін әсері орасан, , сондықтан оны шынайы ықыласпен қабылдау арқылы ғана түсінуге болады. Қаншама ғасырлар бойы жинақталған музыкалық қазына- ұшы-қиыры жоқ, аса мол мұра. Әлемдік музыка қорына әр халық, ұлт өзіне тән өрнекпен өлшеусіз үлес қосып келеді Музыка мәдениетінің өткеніне ой жүгіртіп, әр алуан тарихи деректерге жүгінсек, халық өнерінің қоры шексіз де, музыкалық аспаптардың түрі көп болғаны анық. Өткен ғасырлар үніне құлақ түрсек, біздің ата – бабаларымыз тастан, ағаштан, өсімдіктен, малдың терісінен, сүйегінен, мүйізден, ішектен, қылдан т. б. алуан түрлі заттардан дыбыс шығаруға болатынын аңғарып, қарапайым музыкалық аспаптар жасап алды. Сол ұмыт болған қазақ халқының аспаптарын қайта жаңғыртып, олардың кең түрде насихатталуына мол еңбек сіңіріп, соңына қыруар мұра қалдырған Болат Шамғалиұлы Сарыбаев еді. Болат Шамғалиұлы Сарыбаев көне аспаптарды жинауға 1960 ж. бастап кіріскен екен. Сол жылдары Алматы консерваториясының ұстазы Б. Сарыбаевтың үйі ерекше мұражайға айналды. Ол жинаған аспаптар саны 300 - ге жетті. Зерттеуші еліміздің түрлі аймақтарынан көне аспаптарды тауып, оларды зерттеп, жетілдіріп, орындау әдістерін меңгерді, шәкірттерін баулыды. 1968 жылы көне ұлттық музыкалық аспаптардан ансамбль ұйымдастырды. Б. Сарыбаев аспаптарды ойнау тәсіліне қарай мынадай түрге бөледі: үрлемелі, ұрмалы, сілкімелі, ысқышты, ішекті, шертпелі, тілшекті. «Екі ішектің бірін қатты, Бірін сәл - сәл кем бұра. Нағыз қазақ, қазақ емес, Нағыз қазақ – домбыра» - деп ақын жырлағандай, халқымыздың ғасырлар бойы жинақталған ұлттық құндылығы мен дүниетанымын дәл суреттеп жеткізе алатын қоңыр үнді домбыра екені даусыз.

...