Жапония зерттеушілері шаштың ағаруының себебін тапты, олар жастың ұлғаюына байлансты шаштың қара қалпын сақтайтын пигмент құрғақ клеткәсі генінің зақымдалуы да үздіксіз ауырласатындығын, сондықтан да адамның жасы ұлғайған сайын шашы да үздіксіз ағара беретіндігін дәлелдеді. пигмент құрғақ клеткәсі шаш тұбы мен терінің аралығында болады, ол шаштың қара реңін сақтайтын пигмент клеткәсін бөліп шығаратындықтан, шаш қара қалпын сақтай алады. егер осы құрғақ клеткә азайса немесе қурап өлетін болса, шаш ағарады. алайда қазір пигмент құрғақ клеткәсінің неліктен қурап өлетіндігі әлі анықтала қойған жоқ.
зерттеушілер тәжірибе тышқанына генді зақымдайтын радияктивтык сәуле түсіріп сынағанда, оның денесінде кәртею белгісі байқалған, онан соң тәжірибе тышқанының денесіндегі пигмент құрғақ клеткәсінің өзгеріс ахуалын тексергенде, тәжірибе тышқанның пигмент құрғақ клеткәсінің әлде қашан бөліну, қайта жетілу қуатынан айрылып қалғандығын, тышқанның жүндерінің де ағара бастағандығын байқаған, міне бұл шаштың ағарыуы пигмент құрғақ клеткәсімен байлансты екендігін дәлелдейді. бұл зерттеу нәтижесінің болашақта шаштың ағаруының алдын алатын, кәртеюді кешеуілдететін сондай-ақ қайта жетілдіріп емдеуге қатысты дәрілерді зерттеп жасауға көмегі тиетіндігі сөзсіз.