0 дауыс
5.5k көрілді
1900 жылдан бастап тәуелсіздікке дейіңгі уақыт аралығындағы тарихи оқиғаларды жылымен қосып көрсетіңіздерші

1 жауап

0 дауыс

1991 жыл

1 желтоқсан. Тұңғыш рет жалпыхалықтық дауыс беру жолымен Қазақстан Президентін сайлау рәсімі өткізілді. Сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев көпшілік дауыспен (98,76%) жеңіске жетті.

1992 жыл

Тәуелсіздіктің алгашқы жылы Қазақстан үшін өзін әлемге таныту жылы болды. Біріккен Ұлттар Ұйымына және басқа да ірі халықаралық ұйымдарға мүше болып қабылданды. Көптеген ірі мемлекеттермен тікелей саяси-экономикалық қатынас орнай бастады. Сонымен бірге 1992 жыл КСРО-ның кезінде басталған және Одақтың ыдырауымен күшейе түскен экономикалық дағдарысқа қарсы жүйелі күрестің басталған жылы болды. Ресейде 1992 жылы бағаны еркіне жібергендіктен Қазақстан күрделі шаралар қабылдауға және «шок терапиясын» жүзеге асыруға кірісті. Қазақстанда инфляция жыл аяғында 3000 пайызға жетті. Экономикалық дағдарыстың күшейіп және тіл мәселесіне байланысты қоғамда саяси жіктеліс тереңдей бастады.

1993 жыл

1993 жыл тәуелсіз Қазақстан тарихындағы экономикалық дағдарыстың ең тереңдеген жылы болды. Наурыз айында елдегі құнсыздану процесі гиперинфляцияға айналды. 1993 жылы электр энергиясы мен.газ бағасы мыңдаган есеге көтерілді. Жалақының кешіктіріліп берілуі барлық салада күшейе бастады. Халықтың әлеуметтік жағдайы күрт қүлдырап кетті. Осындай жағдайларға байланысты Қазақстанда қараша айында ұлттық валюта - теңге енгізілді. Экономикалық жағдайдың қиындауы әлеуметтік топтардың саяси талаптарын тұжырымдаған саяси партиялардың пайда болуына әсер етті. 1993 жылдың соңында Қазақстанда 4 саяси партия тіркелді. Олар: Социалистік партия, Қазақстанның Республикалық партиясы, «Қазақстанның Халық Конгресі» және Коммунистік партия. Қоғамдық қозғалыстардан – ядролық жарылысқа қарсы «Невада - Семей», азаматтық «Азат» қозгалысы және «Қазақстанның халық бірлігі» одагы, 11 республикалық ұлттық мәдени топтар тіркелді. Республикада 300-ден аса қоғамдық-саяси ұйымдар, 68 әр түрлі қорлар тіркеуге алынды. 1993 жылдың соңына қарай қоғамдық-саяси қозғалыстар ұйымдасқан саяси күшке айналды.

Толығырақ: http://el.kz/news/archive/1991-2014_zhyldar_araly-ynda_elimizde_bol-an_ma-yzdy_o-i-alar_khronikasy/

...