0 дауыс
1.0k көрілді
Программист мамандығының Қазақстандағы сұранысы қандай?

Программисттер Қазақстанға керек пе?

1 жауап

0 дауыс

2019 жылдың қаңтар-наурыз айларында бұл саладағы қызмет көрсету көлемі 46,9 миллиард теңге болды, көрсеткіш бір жылда 38,7% өсті. Қызмет көрсетудің физикалық көлемінің индексі былтырмен салыстырғанда 133,6% болды.

Мемлекет Қазақстанда экономиканы белсенді цифрландырып жатыр. 2019 жылғы шілденің басында «Ұлттық ақпараттық технологиялар» және «Қазпошта» акционерлік қоғамдары eGov.kz порталында айыппұл, баж салығы мен басқа да төлемдерді ұялы телефон балансынан төлеу сервисін іске қосты.

Тағы бір инновация халық санағына қатысты болады: 2020 жылы ұлттық санақ электрон түрде жүргізіледі, оған 9 миллиард теңгеге жуық қаражат бөлінеді.

Қазақстан 5G байланысын қосуға кіріскен елдердің ондығына да еніп отыр. 2019 жылдың соңына дейін пилот жоба елдің үш мегаполисінде іске асырылады.

Компьютер программалауымен байланысты қызмет көрсету көлемінің үштен екісінен астамы шағын кәсіпорындарға тиесілі — 32,1 миллиард теңге, 4,2 миллиард теңгесі — жеке кәсіпкерлер көрсеткен қызмет.

Программалау бойынша 5,9 миллиард теңгенің қызметін ірі кәсіпорындар, 4,7 миллиард теңгенің қызметін орта кәсіпорындар көрсеткен.

Есепке алынған кезеңде мұндай қызмет көлемі ауылдарда айтарлықтай — бірден 83,9% азайған. Бар болғаны 119,2 миллион теңгенің қызметі көрсетілген, көрсеткіш былтырғы қаңтар-наурызға қарағанда 0,3% аз.

Бұл сектордағы қызметтің жартысынан астамы — программа жасау: 25,6 миллиард теңге, көрсеткіш бір жылда 24% артқан.

Finprom.kz мамандарының мәліметінше, компьютер программалауы, кеңес беру және басқа да сондай қызметтер саласы мамандарының жалақысы орташа республикалық деңгейден жоғары. 2019 жылдың 1-тоқсанының қорытындысы бойынша көрсеткіш 342,8 мың теңге болды. Былтырғы 1-тоқсанда сала мамандарының орташа жалақысы 168,5 мың теңге болған.

Республика бойынша жалпы жалақының сатып алуға жарамдылығы 5,2% болса, программистер жалақысының бұл көрсеткіші бірден 9,8%-ке жеткен.

Еске салайық, бұған дейін Finprom.kz мамандары 2018 жыл бойынша есеп берген 132,2 мың кәсіпорынның ішінде 104,4 мыңының компьютер қолданатынын анықтаған еді, яғни еліміздегі мекеме-кәсіпорындардың 79%-інің жұмысы компьютермен тығыз байланысты. Бір жыл бұрын олардың үлесі 72,7% болған. Интернетке қосылған ұйымдардың үлесі 69,3%-тен 76,2%-ке өсті. 2018 жылы олардың саны 100,7 мың болды (бұл — компьютер қолданатын мекеме-кәсіпорындардың 96,4%-і).

https://baribar.kz/106295/programmister-zhalaqysy-men-sala-qyzmetine-suranys-qalaj-artty/

...