Фаза дегеніміз не?

0 дауыс
10.3k қаралым
Электрқозғалтқыш бір фазалы, екі фазалы және үш фазалы делініп жатады? Осы фаза дегеніміз не?
• Санаты: Физика

2 жауап

0 дауыс
ербелістер мен толқындар теориясында — тербелмелі процестердің әрбір уақыт мезетіндегі күйін анықтайтын шама. Гармониялық тербелістің Фазасы бұрыштық бірліктермен өрнектеледі, ал гармониялық емес периодты тербелістің Фазасы тербеліс периодының үлестері арқылы өрнектеледі;

2. термодинамикада — заттың физикалық қасиеттері бойынша басқа мүмкін болатын тепе-теңдік күйлерден өзгеше термодинамик. тепе-теңдік күйі (қ. Термодинамикалық тепе-теңдік). Кейде заттың тепе-тең емес метатұрақты күйі де Фаза (метатұрақты фаза) деп аталады. Заттың бір Фазадан екінші Фазаға көшуі фазалық ауысу деп аталады. Ол зат қасиеттерінің сапалық өзгерістеріне тәуелді. Мысалы, заттың газ, сұйық және кристалдық күйлері құрылымдық бөлшектердің (атомдардың, молекулалардың) қозғалыс сипатымен және реттелген құрылымның болуымен немесе болмауымен ерекшеленеді. Әр түрлі кристалдық Фазалар бір-бірінен кристалдық құрылым типімен, электр өткізгіштігімен, электрлік және магниттік, асқын өткізгіштік қасиеттерімен, т.б. ерекшеленеді. Сұйық Фазалар бір-бірінен құраушыларының шоғырымен, асқындатқыштық қасиетінің болуы немесе болмауымен, серпімділік және электрлік қасиеттерінің анизотропиясымен өзгешеленеді. Қатты қорытпалардағы кристалдық құрылым Фазалары тығыздығымен, серпімділік модулімен, балқу температурасымен, т.б. қасиеттерімен ерекшеленуі мүмкін. Көп жағдайларда Фазалар кеңістік бойынша біртекті таралады, бірақ оған жатпайтындары да бар. Олар: екінші текті өткізгіштің аралас күйі (асқын өткізгіштік), әлсіз магнитөрісіндегі ферромагнетиктер, т.б;
3. электртехникада — көп фазалы тізбектің құрамына енетін электр тізбектерінің бірі.[2]
0 дауыс
Фаза дегеніміз не?

Ұқсас сұрақтар

127,776 сұрақ
322,351 жауап
153,150 пікір
72,811 қолданушы