0 дауыс
551 көрілді
Интернетте пікір жазу əдебі...

Əлеуметтік желіде сақталатын əдеп "нетикет" деп аталады. Ол 1994 жылдан бері бар, ойлаңызшы, біз əлі хабарсызбыз)) Бізде əлжеліде былапыт, ғайбат, боғауыз сөздер жазатындар көп. Өте көп.

Интернет этикетін сақтамауға не себеп?

1. Менің фолловерлерімнің 64% əйелдер екен. Олар (бəрі емес) үйде баламен отыруы мүмкін, іші пысады. Сосын əлеуметтік желілерді ермек етіп, əркімнің постына ойына келгенін жазып кетеді.

2. Көп адам танымал адамдардың жарқ-жұрқ еткен өміріне қызығады, оларда да проблема болатынын ойламайды. Жұлдыздардың үнемі той-концертте жүрген суреттеріне жаман пікір жазу арқылы өздерін жұбатады. "Олардан ақылдырақпын" деп санағысы келеді өзін.

3. Негізі кез келген ситуацияда кертартпа ойын айтатын адамдар бұрын да болған. Қазір интернет тым қолжетімді боп кетті. Қой бағып жүріп те, үйде жұмыссыз жатып та, ішіп отырып та қалағанын жаза салу мегабайтқа байланысты боп қалды.

4. Көбіне экранның арғы жағында біреу отыратынын естен шығарады. Смартфон, комппен емес, адаммен сөйлесетінін ұмытып кетеді.

5. Интернетте отырған адам анонимдікті сезінеді. Біреуді боқтасаң, ренжітсең, ешкім ештеңе істей алмайтындай батырсынады. Өмірдегі қатынаста сақталатын стандарттарды ұмытып қоразданады. Бірақ, қазір ондайларды жазалау үрдісі дамып келеді

6. Өмірдегі репутациялар сақталмайды. Күнделікті жағымды "көркем мінезінен" шаршаса, əлжеліде маскасын шешіп, шынайы бейнесіне көшеді. Екіжүзділік.

7. Шаблонмен өмір сүреді. Кітап, газет-журнал, ТВдан көріп үйренгенін ғана болса дейді интернетте. Қатып қалған қағидалары бұзылса, дамбалын қолына алып "ақыл үйретеді"

8. "Жеке парақша - əркімнің жеке территориясы" екенін ұқпайды. Жалпы, əлеуметтік желілер күнделікті көңіл-көтеруге, бірсəттік қылжаққа, анау-мынау, асай-мүсейге арналғанын түйсінбейді. Кез келген постты "тəрбие көзі" көреді. Тəрбиені отбасынан, ортасынан емес, интернеттен іздейді.

Сіздің алып-қосарыңыз бар ма? Интернеттің қазақ қолданушылары неге пікір жазу əдебін білмейді?

Эльвира Ерғалина

1 жауап

0 дауыс
Сіздің алып-қосарыңыз бар ма? Интернеттің қазақ қолданушылары неге пікір жазу əдебін білмейді?

- Менің ойымша өмірдегі әдебі қандай, интернет желісінді әдебі тура солай болады, кейде тіпті екі есе әдепсіздеу қылығын, өмірде көрсете алмаған негативін, әдепсіздігін, аноним болып тіркеліп алып шашып отыра береді.
...