0 дауыс
382 көрілді

Расизм

Қызық, ә? Күйіп тұр. Тіпті кейбір лауазымды шенеуніктер ел президенті Барак Обама туралы да өздерінің әлеуметтік желілерінде расистік бағыттағы пікірлерін айта береді. (Әрине, ол шенеунік артынан кешірім сұраған).

Фашизм

Негізі Трамптың қолдаушылары көп болып жатқаны, біз түгіл, американдықтардың өздері шошытып жатыр. "Аказвайтса, фашистік, расистік, басқа да адам шошитын пікірлерді қолдайтын отандастарымыз көп екен. Тіпті оның партияласы болмаса да Трампқа қолдау білдіріп жатқан агрессияға толы адамдар жетіп артылады екен" дейді.

Қымбатшылық

"Байлар мен кедейлердің арасы тым алшақтап бара жатыр" дейді бізді қонақ қылған Эрик есімді азамат. "Өмір сүру қымбат. Баға қымбат. Тұрмыс қымбат. Пәтер жалдау $1500 доларға дейін жетеді. Салық жан алқымнан алып отыр" дейді.

Отбасы институының әлсіреуі

"Бәлкім ата-анамыз отбасы құндылығын дұрыс дәріптемеген болар. Менің қарындасым бар. Ол да тұрмыс құрмаған. Мен де үйленуге бет бұрмадым. Ойым да жоқ. Сіздерде маған ұнайтыны - отбасығы қатты мән беретіндеріңіз" дейді сол баяғы "қожайын" Эрик. Жасы 68-де. Тың. Бақуатты. Бірақ үйленуге "Енді құлқым жоқ" деп отыр. Сол Эриктің айтуынша, Америка халқының 70%ға жуығы үйленбестен кетеді екен. (Фактчекинг жасамадым). Дәстүрлі иудей мен мұсылман отбасылары ғана демографияны мықтап қолға алған. Ал өздерінің 10%-ы ғана үйленіп, балалы-шағалы болады. Бурлингтонда бір апта жүргенде бір түйір іңгәлаған дауыс, жүгірген бала, ойнаған сәбилерді көрмедік. Көшеде балақайлар үшін салынған бір де бір ойын алаңы жоқ. Балабақшалары бар екен, әйтеуір. Қарттар басым. Өте көп.

Жыныстық мәселе

Unisex деген бар екен. Обшым, ер адам бар, әйел адам бар. Оған біржынысты қатынасты қалайтындар қосылды. Оны ептеп-септеп амалдар жүргенде, трансгендер деген шықты. Ал олар өздерін қас-қылғанда не ана жынысқа да, мына жынысқа да жатқызбайды. Мәселе - табиғи қажетін өтейтін кезде туындайды. Қай есікке кіру керек? Елдегі әжетхананың барлық есігіне Unisex деп қойса, дәстүрлі (?) жыныс иелері "Мен біріншіден юнисекс емеспін, мен әйелмін. Ал мен тек қана әйел жынысы қажетін өтейтін жерге барғым келеді" дейді. Тиісінше өзін еркек деп тануды талап ететіндер де солай. Олардың да өзі қалаған жерге, өзі қалаған таңбаны талап етуге құқы бар. Қайтпек керек? Оны әлі өздері де білмей отыр.

Медицина

Екі американдық бас қосса, айтатындары - медициналық сақтандыру. Біреуге жұмысы төлейді, біреу өзі төлейді. Әйтеуір, проблема. У қымбат. Біздің елде МРТға түсу қанша тұратын еді? 20 000, 30 000 теңге? Бұларда бір түскенің $1000 доллар ма сондай. Сосын әрбір дене мүшеңе, әрбір омыртқаңа бөлек тағы төлейсің. Смотря қай жерің ауырып тұр. “Барак Обаманың шаруа бітірген тұсы - low income (жалақысы өте төмен) отбасылар мен қарттардың медициналық сақтандыруына еңбегі сіңді” дейді өздері.

Елдің иесі кім болмақ?

Негізі әу баста өздері үндістердің жерін тартып алған ғой. Португалия, Испания, Англия секілді елдердің адамдары келіп, тым жақсы мемлекет құруын құрып алған. Өздері не ойлайтынын білмедім, мен “бұл елдің болашақтағы иесі кім болмақ?” деген ойда қалдым. Байырғы ақ нәсілді тұрғындары қартайып барады. Көбеймейді. Ұрпақ таратпайды. Үйленбейді. Одан қалса бір жынысты боп жүреді. есесіне, қытайлар көп. Сұмдық көп. Еврейлер сірә бар. Африкалық нәсілдегілер де аз емес. Индия үндістері де жетіп артылады. Оған енді мұсылмандар қауымы да қосылуда. Менің ойымша, алдағы 20-30 жылда көбеюден алдына жан салмайтын еврей, қытай, үндіс, мұсылман қауымдарының арасында бәсеке артады.

Тимур Бектұр

1 жауап

0 дауыс
ОЖИРЕНИЕ гой фас-футтар коп болгандыктан адамдардын кобысы ожирениямен аурады [] [] []
...