0 дауыс
1.8k көрілді
Ұғымдарға анықтама тауып беріңіздерші! Көшпенділік, көтеріліс, ағартушылық,индустриаландыру,реформа

1 жауап

0 дауыс

Көшпенділік- белгілі бір адамдар тобының көшіп-қонып тіршілік етуі, негізгі кәсібі – мал-шаруашылығы.

 көтеріліс-орын алған биліктерге қарсы болған табысты немесе сәтсіз бұқаралық қарсылық, әдетте революциядан айырмашылығы, билік жүйесі тиянақты шүбәге душар болмайды, және сонымен қатар төнкерістен айырмашылығы, соңында көпшілік емес, «өз адамдары» қатысады.

Ағартушылық (ағылш. Enlightenment) — қоғамдық-саяси ағым. Оның өкілдері ізгілік, әділеттілік идеялары мен ғылыми таным-білім негіздерін тарату жолдары арқылы қоғам кемшіліктерін түзетуге, оның талғам-талаптарын, саясатын, тұрмысын өзгертуге күш салды. 

Индустрияландыру — кез келген салада ірі машиналық өндіріс құру процесі; мысалы, қоғамдық тамақтандырудың ірі механикаландырылған кәсіпорындарының ұйымдастырылуы.

Реформа (лат. refōrmāre – қайта құру, жаңғырту) — өмір сүріп отырған әлеуметтік құрылымды сақтап, кейбір институттарды қайта құру, өзгерту.

...