0 дауыс
327 көрілді
Елімізде көп проблема бар, бірақ меніңше түбімізге жететіні - коррупция. Жаратылыстануда "көбелек эффекті" (butterfly effect) деген құбылыс бар. Басты идея - көбелектің қанат қаққаны басқа аймақта боранға айналуы мүмкін. Мұны қазір біраз салада қолданып жүр. Қарапайым мысал, осы фейсбукта жазылған бір ғана фейк информация (егер уақытында анықтамаса) қоғамда, нарықта паника тудыруы мүмкін. Ал оның кейінгі салдары тіпті қиын. Сол сынды коррупцияның әсерінен көптеген проблемалар туындайды. Егер де жолға бөлінген ақшаны "жеп қойса", ол сөзсіз сапасыз болады. Сапасыз болған соң, әрине жүргізуші "ямалардан" қашып авария болады, қанша адам қаза табады, стресс т.б. одан қалса экономикаға үлкен соққы. Бір ғана коррупция фактісі (көбелектің қанат қаққаны) бүкіл еліміздің дамуына кері әсер береді (боран).

1 жауап

0 дауыс
Коррупция (жемқорлық) - үлкен қылмыс. Ол бір ғана адамды емес, бүкіл халықты тірідей өлтіреді. Біздің елдің жемқорлығына ең басты себеп - менталитет деп айтар едім. Оны бұрын, орекеңдердің өздері жазған. Қазақты бірін жоғары, бірін төмен қойсаң болды, бір-бірін талар деп.  Жалпы өзіміз қарапайым адам болған соң, жоғарыдағыларды кінәлай жүгіріп, өзіміз сүттен ақ, судан таза бола қалатынымыз бар. Алайда, ол олай емес. Коррупциямен күресі мына біз бен сізден бастау алады және оның басы да сол. Коррупцияның етегіне сүйретілген полиция қызметкерлері мен ұстаздарды, дәрігерлер мен сотты қалайша билік деп айтамыз. Олар мемлекеттік қызметкер болғанымен халыққа ең жақын немесе сол қарапайым халықтың мүшелері.  

Сондықтан өткені құрысын, қанша қимай, ностальгия соғып тұрса да қалдырып жаңашылдыққа бір-ақ секіру керек. Мүмкін сонда ғана, Еуропа елдеріндей 17 млн адаммен-ақ әлемдегі ең мықты елдердің біріне айналармыз! Ал қазіргі менталитеттің өзі біздің түбімізге жетеді.
...