Жұмбақ болып келген Бермуд үштағанының құпиясы ашылды.
Бермуд аралдарындағы мұхит бөлігі біраз уақыттардан бері алып кемелер мен ұшақтардың жоғалып кетуі арқылы танымал. Оның үстімен жүзіп немесе ұшып өткен ұшақтар ұшты-күйлі жоғалып кетіп отырған.
Ғалымдар сол аймақтан гексогоналды (алтыбұрышты) бұлтты тапқан. Алғаш рет мұндай сирек атмосфералық жағдай Солтүстік теңізден анық байқалған. Бұлт кездейсоқ жағдайда көшіп отырады.
Ғалымдар радиолокациялық спутник көмегімен өлшеу жұмыстарын жүргізген. Бұлт астындағы жел теңіз деңгейінде сағатына 270 шақырымға жеткен. Оның күштілігі сондай, толқынның биіктігі 14 метрге дейін жеткен. Сосын қайта теңізге қарай опырыла құлайды. Мұндай алып бұлттар Бермуд үштағанының батыс бөлігінен де кездескен.
Толығырақ : http://stan.kz/zhumbak-bolyp-kelgen-bermud-%D2%AFshtaganyn/