–1 дауыс
4.4k көрілді
Бермуд үштағаны жайлы айтып кетсеңiз?

3 жауап

–1 дауыс
Бұл сұрақ бірнеше рет қойылған!
Сілтемелер:
https://surak.baribar.kz/20712/
https://surak.baribar.kz/79444/
https://surak.baribar.kz/61642/
0 дауыс
БЕРМУД ҮШТАҒАНЫ ДЕГЕН НЕ? Бермуд үштағаны деп – Атлант мұхитындағы Оңтүстік Америкамен Солтүстік Американы бір-біріне жалғайтын – Бермудтан басталып, Порта-Рика аралдары және Маями жағалауына дейін жалғасып жатқан үшбұрышты мүйіс айтылады. Жалпы ел арасындабұл жерге қатысты «шайтан үштағаны» дегенқауесет кеңінен тараған. Өйткені, Атлант мұхитының осы бір тылсым аймағында талай кемемен ұшақ із-түзсіз ғайып болған. Әлем жұртшылығы Бермуд үштағанындағы жүрекке үрейсалатын тылсым сырларды ХХғасырдың бел ортасында ғанабілді. Ал, енді Османлы мемлекетіндегі теңіз зерттеушілерінің бірнеше ғасыр бұрын-ақ Бермуд үштағанына қатысты түрлі ғылыми болжамдар жасағаны расында да сенсациялық жағдай болса керек. Бермудүштағанына қатысты ежелгі Маялықтар да түрлі естелік жазбалар қалдырған. Осындай көне жазбалардың бірінде: «Алып теңіздің қалың мүк басқан тұсына жеткенде, теңізшілер күтпеген жерден сәтсіздікке тап болады. Бұл жерге келген кемелер бірнеше күн бойы қаққан қазықтай қозғала алмай қалады. Теңізде жел тұрмағандықтан, желкендер ашылмайды» – делінген. Әлем жұртшылығы үшін Маялықтарайтып кеткен Бермуд үштағанындағы тылсым жайлардың маңызы бүгінде тіптен арта түсті. Бермуд үштағанына қатысты елді елең еткізген ең айтулы оқиға 1945 жылыболды. Осы жылы АҚШ қарулы күштеріне қарасты 5 бомбалаушы ұшақ Флорида әскери әуежайынан әуеге көтеріліп, Бермуд аралдарына қарай бағыт түзейді. Бермуд үштағаны маңайында борт командирлерінің біреуі әуе бақылау орталығына: «Ұшу координаттарымыздан жаңылдық. Қайда екенімізді білмейміз, адасқан секілдіміз» – деп, жағдайды баяндайды. Флорида әскери әуежайының бақылау мұнарасындағылар: «Ауа-райы өте қолайлы. Батысқа қарай бет түзеңдер» деп оларға бағыт сілтемек болады. Алайда, борт командирі: «Батыстың қай жақекенін анықтай алар емеспіз. Координаттарымыздан түгелдей көз жаздық. Барлығы қате. Мұхиттың өзі әдеттегідей емес» дегені мұң екен байланыс үзіліп кете барады. Осы оқиғадан кейін арнайы ізкесушілер шұғыл түрде Бермуд үштағанына аттанады. Бірақ, ұшақтардың жұрнағы да табылмайды. Бермуд үштағанынан жүзіп өтпек болған кемелер де ұшақтардың кебін киген деседі.Көптеген жүк және жолаушы кемесі Бермуд аралдары маңында ізім-қайымжоғалады.Арнайы іздестіру топтары оқиға орын алған жерде кемеде болған ит пен мысық өліктерін кездестіргенімен, бірде-бір адамның мәйітін табаалмайды. Құдды қайнағансүттей табан астынан асып-тасыған дауыл кемедегі адамдарды ғана жұтып, өзге нәрселерді жайына қойғандайтаңғажайып құбылыс орын алады. Интернет материалдары арқылы дайындаған Мақаш Нұрбол
0 дауыс
[оСЫНДА][1] БЕРМУД ҮШТАҒАНЫНЫҢ ҚҰПИЯСЫ АШЫЛЫПТЫ ДЕГЕН МӘЛІМЕТ БАР.оҚЫП КӨРЕРСІЗ...


  [1]: http://massaget.kz/bilim/maala/6479

Ұқсас сұрақтар

...