0 дауыс
16.1k көрілді
Өнер туралы түсінік тақырыбына үлкен көлемде эссе жазу қажет?

1 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
«Өнер» терминін екі мағынада анықтауға болады. Кең мағынасында өнер адам баласының жасампаздығын білдіреді де, "ендіру", "жасау", "құру" деген негізден өрбиді. Мысалы, көне гректердің өнерді білдіретін ұғымы "poiesis" — адам қолынан шыққан, өндірілген заттар әлемі ретінде табиғи әлем — "physiske" қарама-қарсы қойылған. Tap мағынасында "өнер" деп көркем шығармашылық үдерісін және оның нәтижелерін (бейнелеу, поэзия, әуен, би және т.б.) айтуға болады. Біз әрі қарай "өнер" сөзін соңғы, тар мағынасында пайдаланамыз. Өнердің мәдениеттегі алатын орны оның басқа салаларынан гөрі ерекше. Өйткені өнерде ғана қоғамдық сана өзін толығымен — бастапқы белінбеген синкретикалығымен көрсете алады. Мәдениеттің басқа салаларында жіктелген заттық және руханилық, рационалдық және эмоционалдық... — осылардың бәрі өнерде жігі бұзылмай, бірлесе біте қайнасып жатыр.

Өнер арқылы мәдениет өзінің тұңғиық тереңінде болып жатқан құбылыстарын дәп бір айнаға қарап көргендей, байқап отырады. Сондықтан да өнерді "мәдениеттің айнасы" деп анықтауға негіз бар. Нақты тарихи жағдайлар шеңберінде белгілі бір ұлттың, этностың мәдениетінде өнер арқылы сол мәдениеттің әлемді және әлемдегі адамды түсінуін көреміз. Өнер — мәдениеттің жаны, оның өзіндік танымының түрі. Сұлулық заңы бойынша адамның дүниені игеруі барысында әдеби мәтіндерге, мүсінге, сәулет туындыларына, суреттерге, әуенге, биге және т.б. негізделген өнер түрлері қалыптасады. Өнер — адамның рухани болмысына, сезіміне, эмоциясына әсер етіп, оны толғандыратын суреткер қолынан шыққан шығармашылық үлгісі. Өнер — адами ақикат, адамдандырылған "екінші әлем" тудыратын күш.

Сұлулық, әсемдік, әдемілік сынды бірдеңгейлік ұғымдар мазмұнына негізделген өнер туындысы үшін адам мен қоғамның еркіндік туралы түсінігінің мәні зор. Өнерді көп ойшылдар өз ләззаты, өз рақаты өзінде, еш нәрсеге тәуелсіз "мақсатсыз" мақсаткездегіштік деп анықтайды. Бірақ, бұл сипаттамалардан өнерді беталды, тізгінсіз әрекет деп түсінуге болмайды.

Бұл тұста таза өнер мен кәсіби өнерді ажырата білген абзал. Мысалы, неміс философы И.Кант таза өнер мен кәсіби өнерді ажыратып қарастырады да, біріншісін — еркін өнер, екіншісін — табыс үшін жасалатын өнер дейді. Кант бұл жерде еркін өнер деп адамның өзінің рухани болмысынан шыққан бейнелі шешімдермен байланысты өнерді айтып отыр. Ал табыс үшін, сауда-саттық мақсатында жасалған өнер өзіне емес, өзгеге ұнау үшін, сатып алушы талғамына, сұранысына ыңғайластырып жасалынады. Өнердің жекелеген түрлерін және олардың бір-бірінен ерекшеліктерін білу, ажырату адамзатты ежелден бері толғандырып келеді.

Дін мен өнердің бір-біріне ұқсастығы олардың сезімдік-бағалық табиғатының танымдық-акпараттық табиғатынан басымдылығында. Өнер мен діннің; ұзақ тарихи дамуы мен өзара байланысы барысында, әрбір әлемдік дінде соның жүйесінде басым дамыған өнер түрлері қалыптасты. Мысалы, буддизм үшін мүсіндеу өнері мен әшекей-безендіру қолөнері, ислам үшін сәулет өнері мен қолөнері, каллиграфия, христиан діні үшін бейнелеу өнері, мүсін өнері және т.б. тән.

Ұқсас сұрақтар

...