0 дауыс
478 көрілді
Сәлеметсіздер ме? Менің көкейімде жүрген бір сұрақ бар еді? Бала кезімде көп білінбейтін. Өсе келе қатты қысылатын болдым. Менің сол жақ құлағым жыртылған кейіпте шұнақ болып жаратылған. Анам туылғаннан солай болып қалды дейді. Неге? Бұл ненің салдары? Аллаға шүкір, екі балам бар. Екеуінің де дене мүшелері қалыпты жағдайда.  Сырт көз сыншы демекші, кейбірі ашық сұрайды. Мен 5 жасымда алтын сырғамды сығандар жұлып алып кеткен сосын солай болып қалды деп құтыламын...

1 жауап

0 дауыс
Діни көзқараспен қарасаңыз немесе діни бір адамнан сұрасаңыз, сізді құдай солай жаратты. Ал неге? Құдайға тумай жатып не жаздыңыз, оны ешкім де білмейді. Ғылыми көзқараспен қарасаңыз тек қана құлақтың емес, мұрынның қисық туылуы немесе мүлдем болмауы, басқа да дене мүшелерінің өзгеріске ұшырап туылуы тікелей ана құрсағында жатып даму процесінде кеткен қателікке байланысты. Яғни, сіз ана құрсағында жатқанда 9 ай бойы даму, витамин түзу процесі жүреді. Бірінші ми, омыртқа, жүрек, қол, аяқ, қан айналым дами бастайды. Артынша құлақ, көз дегендері дами бастайды. Осы уақытта құлақ түзу процесі кезінде клеткалар өзіне керекті ақуыздар, витаминдер мен минералдардың жетіспеушіліген ұшыраса ол процестен аттап өтіп келесісіне өте береді. Яғни, құлаққа енді қайта оралмайды.

Сондықтан, ана аяғы ауыр кезінде жерік болған затын міндетті түрде жеуі тиіс. Жерік болады, себебі сол заттағы витаминдер баланың дамуына жетіспей жатыр дегенді білдіреді.
...