+1 дауыс
538 көрілді
Иа. Тақырыпты қыздардың сезімінен бастағым келеді. Әлбетте ойдан емес, өмірден алынған. Менің 1 жыл бойы ұнатып жүрген қызым бар еді. Сезімімді білдірдім, бірақ сөз байласқан жоқпын. Сөз байласпағанымның себебі бар, бірақ айтуға ыңғайсыздау. Сонда да айтайын. Бір жігітімен жүріп жүрді. Сосын өміріне араласпай, арасына сызат түсіргім келмеді. Сөйтіп сен демесең мен деме болып жүрдік. Ұмыту үшін басқа қыздармен танысып, жүрейін ба деген ой болды. Бірақ ондайға бармадым, әурешілік бұл. Сосын міне 1 жыл болды, ол бұрынғы жігітімен жүрмей кетті. Неге десем жігіттерге сезімім өшкен дейді. Ойбааай мынау ойдан шығарған нағыз өтірік ғой(rofl). Сосын маған айтады мен сені ұнатамын, бірақ дос ретінде дейді. Жағдай осылай. Енді сұрақ: Жігіттерге сезімім өшкен деген шындыққа жанаспайтын сөз емес пе? Қалай ойлайсыңдар?

1 жауап

+4 дауыс
Жанасатын сөз!!  Сезімді емес сенмді, тұрақтылықты көздеңіз, қыздармен махаббат-сахаббат емес шынайы өмірдей араласыңыз. Қызды өзіңізге ғашық етіп ештеңе ұтпайсыз, себебі махаббатпен мәңгі өмір сүрмейсіз. Үйленгеннен кейін де махаббатпен емес сүйіспеншілік, сыйластықпен өмір сүресіз, осыған орай мынадай бір әзіл айта кетейін: Бірде екі қазақ сөйлесіп отырып, бірі екіншісіне: --біздің топта бір ғажап жұптар бар еді, екеуінің махаббаты нағыз шынайы махаббат болатын, екеуіне қарап қызыға да, қызғана қарайтынбыз. Екеуі бір-бірі үшін жаралғандай, әттең...- деп әнгіме айтыпты, сойтсе екіншісі: -- не болды? Не екеуі ажырысып кетті ме? - десе, --Жоға, үйленді ғой - деген екен.(giggle) Сіз онымен дос ретінде, жай ғана дос емес ең жарашыр, қамқор досы бола біліңіз.
Белгілі ғой, ол басқамен жүрсе сосын одан суынып кетсе, сезім қайдан болсын? Сезім ойыншық емес қой, ия одан кейін достық сезім ғана қалуы мүмкін... ммммм Сәттілік тілеймін!
...