0 дауыс
2.4k көрілді
1. 2-ші дүниежүзілік соғысқа дейінгі халықаралық қатынастар

2. 20ғ 1 жартысындағы мәдениеттің дамуы

Алдын ала рахмет!

1 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап

1-сұрақтың жауабы:

Екінші дүние жүзілік соғыс қарсаңындағы халықаралық қатынастар 20 — 30 - жылдардағы халықаралық қатынастар. Соғыстар аралығындағы халықаралық қатынастарды 20 - жылдардағы және 30 - жылдардағы деп eкi кезеңге бөлуге болады. Алғашқы кезде соғыста жеңіске жеткен елдер мен жеңілген елдердің арасында өзара келісімшарттар жасалды. Бірінші дүниежүзілік соғыстан зардап көрген халықтар бейбітшілікті жақтап, соғысқа қарсы тұру көзқарасы қалыптасты. Сондықтан 20 - жылдар пацифизм дәуірі аталып, мемлекет басшылары елдер арасындағы қайшылықтарды бейбіт түрде шешуге көшті. Версаль - Вашингтон жүйесінің күйреyi. Халықаралық қатынастарда шиеленістер бірінен соң бipi туындап отырды. Солардың біріне соғыстан кейін төлемдерге қатысты "Рур дағдарысы" жатады. Жеңілген Германия 132 млрд марка деп есептелген соғыс шығынын өтеуге мәжбүр болды. Соғыстан кейін әскери күшке сүйенген Франция өз үстемдігінен Еуропаға орнатпақ болып, басқалармен санаспай қоқан - лоқылыққа салды. 1923 жылы Германия жағы соғыс шығындарын өтеу тәртібін бұзды деген сылтауға сүйеніп, Франция және Бельгия немістердің Рур облысына әскерлерін енгізді. Бұл дағдарысты реттеуге Англия, АҚШ, т. б. елдер атсалысып, 1924 жылы халықаралық капитал ұсынған "Дауэс жоспары" қабылданды. (Дауэс — неміс банктерімен және кәсіпорындарымен тығыз байланыста болған Американың Морган тобының өкілі). Ол жоспар Германия төлем ақысын жыл сайын 1 млрд маркамен есептеп, елдің жағдайы жөнделе бастағанда 3 млрд маркаға дейін жеткізуді белгіледі. Соғыс шығындарын өтеу мәселесі неміс халқының наразылығын тудырып, барған сайын қарсыласуды ұлғайтты. Мұндай әрекетке жол бермеу үшін, сондай - ақ Францияны сабасына түсіру үшін Ұлыбритания мен Италия ұсынысы бойынша 1925 жылы Локарно қаласында (Швейцария) сыртқы icтep министрлері кездесті. Кездесуге олардан басқа Франция, Бельгия, Германия мемлекеттері шақырылды. Соның нәтижесінде Рейн кепілдік пактісіне қол қойылып, ол Еуропада қалыптасқан шекаралардың бұзылмайтындығын мәлімдейді. Польшаға, Чехословакияға шарттық кепілдік берілді. Олар Германияның батыс шекараларына ешкім тиіспейді деп шешеді. Сөйтіп, шиеленіс бәсеңдеп, Германияның Еуропа елдерімен саяси теңдігі мойындатылды. Бірақ Локарнодағы келісімде Герма¬нияның Шығыстағы шекаралары келешекте қарастырылуы мүмкін делінген болатын. Сөйтіп, неміс: халқының бөлінгендігі және олардың кейін бip - бірімен қосылуы туралы пікір туа бастады. Бұл Версаль жүйесінің әділетсіздігін делелдегендей болды. Соны кейін неміс дипломатиясы алға тартып, Судет пен Австрияны Германияға қосу мәселесін көтерді. "Дауэс жоспары" Германия шаруашылығының тез жетілуіне жәрдемдесті. Немістер соғыс шығындарын өтеуді жеңілдетуде, керек болса жоюды көздеді. 1929 жылы тамызда Гаагада өткен халықаралық конференция жаңа "Юнг жоспарын" бекітіп, Германияның жылдық төлемін 2 млрд. маркага дейін азайтты. Ұлттар Лигасының дәрменсіздігі. Келесі дау қарусыздандыру мәселесіне байланысты болды. Батыс елдері оған КСРО - ны да қатыстыруға тырысты. Бірақ ол көп уақыт бойы ешқандай нәтиже бермеді. 1927 жылы теңіздегі әскери күштерді шектеу туралы келіссөздер жеміссіз аяқталды. Ipi елдердің бip - бipінe сенімсіздікпен қарауы ұлғая берді.

2-сұрақтың жауабы


Адамзат тарихында XX ғасыр мәдениетінің алатын орны ерекше. Өйткені, бұл кезең тарихи оқиғаларға, қантөгіс соғыстарға, санқилы дағдарыстарға толы сындарлы заман болды. Ғылым мен техниканың қарышты қадамы, жарқын болашаққа деген сенім өркениетті дамыған елдерде біртұтас жалпы адамзаттық мәдениеттің дамып, қалыптасуына әсерін тигізбей қойған жоқ. Ғасыр аяғында планетамызда парасаттылық пен ізгіліктің кеңінен өріс алуы жалпы адамзаттық мәдениеттің дамуына және оның ұлттық түрлерінің нәрленуіне, олардың өзара қарым-қатынастарының жаңа арнаға түсуіне ерекше әсер етті. Міне, осы жағдайларды ескере отырып, XX ғасыр мәдениетінің мазмұнын ашып көрсетуде екі басты мәселеге баса назар аударғанды жөн көрдік. Оның біріншісі, XX ғасыр мәдениеті дамуының басты бағыттары (XX ғасыр мәдениетінің қалыптасуының сабақтастығы мен дәстүрлері, қазіргі заман мәдениетінің тоқырауға ұшырауы мен одан шығу жолдары және бұл процестің түрлі мәдени концепцияларда көрініс табуы және т.б. мәселелері), екіншісі, XX ғасыр мәдениетінің жалпы адамза¬тық және ұлттық сипаты (жалпы адамзат мәдениеті қалыптасуының басты себептері және оның құндылықтары, жалпы адамзаттық және ұлттық диалектика және т.б.).
 
Бүгінгі таңда дүниежүзінде 200 мемлекетке жетіп, мыңдаған халықтарға бөлінген, саны жағынан 6 млрд. жеткен адамзат баласы 2 млн. жуық өсімдіктер мен жануарлардың бір түрі ғана. Адам баласы өмір сүрген кезден бастап мыңға жуық ұрпақ ауыстырған екен. Осынша халықтың ішінде екі адамның бір-біріне мүлде ұқсас болмай, өзіндік қайталанбас ерекшеліктерінің болуы да таңқаларлық жайт. Адам бір-бірінен жеке тұлға есебінде ерекшеленіп қана қоймайды, сонымен қатар топтық айырмашылықтарға да (жанұялық, жыныстық, жасына, мамандығына, ұлтына және т.б. қарай) тәуелді болып келеді. Осыншама айырмашылықтар бола тұрса да адамзат баласының басын біріктіретін не нәрсе? Ол — ең алдымен дүниенің тұтастығына негізделген «жалпы адамзаттық мәдениет».
 
«Дүниенің тұтастығы» дегеніміз — дүниежүзілік көлемде өндірісті дамыту мен әлемдік мәселелердің туындауы негізінде пайда болған адамдар мен халықтардың өзара тығыз байланысы мен өзара тәуелділігі. «Дүниенің тұтастығы» — қазіргі замаңцағы адамзат пен бірыңғай жалпы адамзаттық мәдениеттің қалыптасуына негіз болды. Демек, адамзат баласының басын біріктіретін «жаңа заман мәде¬ниетінің» тағдыры — адамзаттық құндылықтарға, гуманизмге, адам құқын қорғау қозғалысын дамытуға, ғылыми білім мен алдыңғы қатарлы технологияны дамытуға, ұлттық мәдениеттердің өзара байланысына, қоршаған орта мен өмірге, экологиялық қатынасқа тікелей байланысты. XX ғасыр дүниежүзінде түрлі мәдениеттердің өмір сүретіндігін жоққа шығар- ған, бірыңғайға келтірілген «гуманистік моно-мәдениеттің» екі үлгісін бастан кешірді. Оның біріншісі — «дүниежүзілік пролетарлық революция» (сталинизм) идеясы. Ол таптық құнды¬лықтарды асыра бағалауға негізделген. Екінші модель, бір ғана ұлттық мөдениеттің, бір ғана ұлт пен мыңжылдық рейх (герман фашизмі) мемлекетінің үстемдігіне негізделді. Бұл жағдайлардың салдарынан миллиондаған адамдар қазіргі заман мәдениетінің жалпы адамзаттық сипаты туралы идеяны басқаша қабылдады. Осы себепті мәдениеттің «қарсы мәдениетке» айналуы етек алып, әлеуметтік қозғалыстың бұрмаланған түрі пайда болды. Осы орайда, жалпы адамзаттық мәдениетке апаратын қозғалыстың өте күрделі процесс екендігін ерекше атап өткен жөн. Орын алған қарама-қайшылықтарды шешуде түрлі мәдени бағыттарды, көзқарастарды, пікірлерді есепке алмасқа тағы болмайды. Жалпы адамзаттық мәдениет-жолындағы қайшылыққа толы алғашқы «Біз — Олар» жолы — өте күрделі процесс, ал бұл формулаға сүйенсек тағылық заманға қайтып оралған болар едік.
 
Жалпы адамзаттық мәдениет — көркемдік-поэтикалық, ғылыми, өндірістік қызметтің ең жетілген түрлері, әр түрлі халықтар мен ұрпақтардың ғасырлар бойы қалыптасқан өмір мен шындықты және дүниені танып білуінің бірыңғай тәсілдері. Адамзат баласы осы қағидалардың негізінде таптық және нәсілшілдік өшпенділігіне жол бермейтін, адам мен халықтар құқы бұзыл- майтын, қайыршылық пен сауатсыздық, экономикалық және мәдени отаршылдықтан ада біртұтас өркениет қүруға бағытталуда. Мәдениеттің бүл үлгілері мәдениетті қалыптастыруда басты бағдар болып отыр. Адамзаттық мәдениеттің қалыптасуын халықаралық қауымдастық мүшелерінің құндылықтарының белгілі бір жүйесін жай ғана қабылдау деп, дәлірек айтқанда, түрлі мәдениет салаларын бірыңғайлау деп қарастыруға тағы болмайды.
 
Өйткені, мәселе аймақтық және ұлттық мәдениеттердің өзара рухани байланысуының өсуі туралы болып отыр. Уақыт өткен сайын түрлі халықтар мәдениеттерінің арасындағы байланыстардың арнасы кеңейе түсуде, бір мәдениет саласындағы өзгеріс басқаларына да өз ықпалын тигізуде. Ғаламдық мәдени жетістіктер дүниежүзіне кеңінен тарауда. Ендеше, біз ғылымдық гуманистік қүндылықтардың дамуының мүлде жаңа кезеңіне өткенімізді мойындауымыз керек. Біртұтас әлемдік өркениеттің қалыптасуының негізі — саяси-экономикалық және мәдени байланыстардың белең алуында жатыр. Соның негізінде жаңа сапалы жүйе — жалпы адамзаттық мәдениет қалыптасып, түрлі елдер мен халықтардың арасындағы байланыс нығая түсуде, тіпті біртұтас өркениеттің бір жағында болған мәдени тоқырау құбылыстары немесе жетістіктері басқа жақтарға да өз әсерін тигізбей қоймады. Мұндай құбылысқа қарап, дүниені қабылдау тәсілдері бір ізге салынып, мәдени нормалары бірыңғай жүйеге келтіріліп, ұлттық сипат жойылып бара жатыр деген ұғым туып қалмауы керек, өйткені әрбір ұлт, әрбір әлеуметтік топ жалпы адамзаттық мәдениет қорынан тек өзіне қажеттісін ғана, өзінің даму дәрежесіне сай келетін мәдени құндылықтарды өз мүмкіндігіне байланысты ғана қабылдайды. Ұлттық мәдениет дәстүрлерін сақтап қалу бағытының ерекше етек алып отырғандығы да жоғарьща айтылған ойымызды айқындай түсетін сияқты. Әрине, қазіргі өркениетті түрлі ғаламдық өркениеттердің басын жай ғана біріктіре салу деп түсіну мүлде қате болған болар еді. Бұл процесс әрі күрделі және толып жатқан қарама-қарсылықтарға толы болып келеді. Оған дәлел ретінде, қазіргі замандағы Батыс мәдениетіне Жапония мен Таяу Шығыстың басқа да елдерінің «өндірістік мәдениетінің» зор ықпа¬лын келтіруге болады. Шындығында да, бұл аталған елдердің мәдениетіне негізделген қызметтің өндірістік түрлерінің Батыстың дәстүрлі құндылықтарымен салыстырғанда көптеген артықшылықтары бар екендігі айқын аңғарылады. Еңдеше, кәзіргі жалпы адамзаттық мәдениетті қалыптастырып, дамытуда мәдени құндылықтарды өзара байланыста игеру, мәдениетті дамытуды ғалымдық дәрежеге көтеру — бүгінгі таңдағы басты мәселе болмақ. Ал адамзаттың «біртұтас ғаламдық мәдениеті» мәселесінің ерекше қойылуының басты себептері қандай?
 
Біріншіден, адамзат тіршілігінің түрлері мен тәсілдерінің үлгілерінің терең өзгеріске ұшырауына байланысты ұлы әлеуметтік революция жүзеге асты. Оған дәлел ретінде, XX ғасырда дүниежүзілік көлемде дәстүрлі қоғамға тән «жеке еңбек етуден» — жалданып еңбек етуге, коллективте (ұжымда) еңбек ету және бақылау арқылы еңбек етуге көшу жүзеге асырылды. Жаппай урбанизация жағдайында адамдардың өмірді, қоршаған ортаны қабылдау тәсілдері мен түрлері өзгерді, халықтың өмір салты адам айтқысыз өзгерістерге ұшырады. Сөзіміз дәлелді болу үшін цифрлар келтірейік. XX ғасырдың басында Батыстың ең алдыңғы қатарлы тоғыз еліндегі өнеркәсіп саласында еңбек етушілер халықтың 43%-і болса, XX ғасырдың ортасында бұл көрсеткіш, яғни жалданып жүмыс істеушілердің саны 60%-ке жетті, өз кезегінде бүл көрсеткішпен қатар мүндай мемлекеттердің саны да арта түсті. Мұндай қүбылыс дамушы елдерде етек алды, тіпті жалданып жұмыс істеушілердің саны жағынан олар Батыс елдерін басып озды. XX ғасырдың басында дүниежүзіндегі қала халқы адамзат баласьгның небәрі 3%-ін ғана құраса, XX ғасырдың ортасында олардың үлесі 28%-ке, ал 9 210 жылдары 40%-тен асып кетті. Кең байтақ мегополистер пайда болды. Мысалы, АҚШ-тың солтүстік-шығысында (көлемі 100 мың шаршы км., халқы 15 млн.), Жапонияда Хоккайдода (70— 50—700) және т.б. Қала мәдениеті жағдайында адамның мәдени жандүниесі күрделі өзгерістерге ұшырады. Қала халқының алдында өзіндік өзгеше өмірдің есігі айқара ашылды. Адам телевидение және компьютерлік жүйелер арқылы толассыз хабарлар алу мүмкіндігіне ие болды, өмір салты, еңбек ету айтарлықтай өзгерістерге ұшырады, білім берудің мазмұны мен түрлері жаңа сатыға көтерілді. Сөйтіп, ауыл-село халқының көпшілігі қалаға қоныс аударды, ал бұл жағдай түрлі ұлтгардың өзара жақындасуына, мәдени байланыстарының кеңеюіне әсер ете отырып, оларды біртұтас жалпы адамзаттық мәдениет арнасында тоғыстырды.
 
Екіншіден, XX ғасырда адамның мәдени құндылықтарды игеру бағытында, жалпы адамзаттық біртұтас негіздердің қалыптасуында айтарлықтай өзгерістер болды, ал олар өз кезегінде жанұяға деген көзқарастың өзгеруіне, адамның жан-жақты қалыптасуына айтарлықтай әсер ететін алғашқы әлеуметтік ұжымға тікелей байланысты болды. Дәстүрлі неке институты өзгеріп, жаңа жанұя мүлде жаңаша мазмұнға ие болды. Ұлттық мінез өзгешеліктеріне, жанұяның өз ішіндегі қарым-қатынастардың өзгеше ліктеріне қарамастан, өз дамуында постинду стриалдық кезеңге аяқ басқан көптеген елдерде түбегейлі өзгерістер дәуірі басталды. Жанұялардың өз қажеттіліктерін қанағаттандырып табысқа қол жеткізушілік, яғни жанұя мүшелерінің өмірлерінде алға басушылық байқалды. Патриархалдық жанұяда балалар еңбекке ерте араласты, күнкөріс қамын ересектермен бөлісті. Ал XX ғасырда балалық шақтың созылуы, оларды жанұяның басты құндылығы деп санау, оларға айрықша қамқорлықтың жасалуы жастардың дүниежүзілік мәдениетке деген қүштарлығын арттырып, мүлде жаңаша адамгершілік, сезімдік және интеллектуальдық құндылықтарды өз бойлары- на тереңірек сіңіруіне себепкер болды. Бүл кезеңде жастар жалпы адамзаттық мәдениеттің қайнар бұлағына сусындап, рухани азық алды, сөйтіп олардың бойында заман талабына сөйкес жаңа ізгі қасиеттер қалыптасты. Қоғамдағы болып жатқан өзгерістер өмір сүрудің жаңа түрлерін, мәдени стериотиптерді өмірге келтірді.
 
Мәдениеттің біртұтас дамуы — қарама-қайшылықтарға толы процесс болды. XX ғасырда дүниежүзілік мәдениеттің қалыптасуына ұлттық мәдениеттердің өркендеуі жолындағы қуатты қозғалыстарымен қабаттас келді. Қазіргі кезеңде мәдениетке «еуроцентристік көзқарастың» шектеулі екендігіне көзімізді жеткізіп отырмыз. «Техногендік еуропа мәдениеті» ерекше дәріптеліп, оны ұлттық және аймақтық мәдениеттерге негіз етіп кәрсетілді. Қазіргі заман тәжірибесі Шығыс елдерінің Батыс мәдениетінің құндылықтарын, қол жеткен табыстарын өздерінің өндіріс және білім беру жүйесінде кеңінен қолданып отырған- дығын көрсетіп отыр. Тынық мұхит елдері бүгінгі таңда ғылыми-техникалық прогрестің қозғаушы күштерінің біріне айнал¬ды. Адамзат санасында қалыптасқан «Шығысты Батысқа қарсы қою» идеясы (Батые — ол Батыс, Шығыс — ол Шығыс, сондықтан да олар бір-біріне үйлеспейді) қалыптасқан жағдайды есепке алмайды. Мұндай көзқарас сөзсіз біртұтас «жалпы-адамзаттық мәдениет» идеясын жоққа шығарған болар еді. Кезінде М. Вебер «протестанттық мәдениеттің» негізінде Батые Еуропа- да нарықтық экономиканы қабылдау мен үйрену нәтижесінде қалыптасқан ұлттық мәдени дәстүрлердің орнына ерекше мән берген болатын. Оған дәлел — нарықтық экономиканың әрекеті мен жер шарындағы мемлекеттердің мәдени айырмашылықтары жайында жүргізілген белгілі ғалым Хофстедтің классикалық зерттеулерінің қорытындылары болып табылады. Бүл қорытындылар дүниежүзінің 100 еліндегі трансұлттық компанияларының қызметкерлерінің арасында жүргізілген сұрақ-жауаптарға негізделген. Дамыған елдердің алғашқы қатарынан нарықтық экономикасы мен кәсіпкерлік қызметі шарықтап дамыған елдер орын алған. Олардың өзі екі топқа бөлінген. Біріншісіне — Ұлыбритания мен Канада жатқызылған. Бұл елдер мәдениетінде индивидуализм үстемдігі айқын байқалады. Индивидуалистік мәдени дәстүрде адамдар ұжымнан тысқары, жеке әрекет еткенді қалайды. Мүндай жағдайда — ең бірінші кезекте жеңіске бағдар алу, алға қойған мақсатқа жету және о л мақсат жолында кездесетін бәсекеге, қиындықтарға төтеп беру басты орынға қойылады. Екінші топқа — Швеция мен Жапония сияқты мемлекеттер жатқызылған. Мұнда біршама коллективтік (ұжымдық) құндылықтар үстемдігі айқын аңғарылады. Шаруашылықты жүргізудегі көптеген ұқсастықтарға қарамастан, бұл екі блок елдерінің арасында келіспеушілік пиғылдар да бар. Мысалы: Американдықтар швед кәсіпкерлерінің іс-қимыл стилін жақтырмай, олардың жұмысын көргенде бастары ауыратындығын жасырмайды. Үжымдық мәдениетке тән нәрсе — нақты шешім қабылдауда бүйрық беруден бас тартып, бір шешімге ақыл-кеңес арқылы келу. Кәсіпкерліктің мұндай жолын американдықтар босаңдық таныту, олай болса мүндай жағдайда басшы адамның беделі жойылады деп есептейді. Демек, АҚШ-та мәдени идеал — өз күшіне сенген, қандай мәселе болса да жеке дара шешетін, заң алдында жауап бере алатын, алдына қойған кәсіпкерлік мақсатына жете алатын жеке адам болып саналады. Керісінше, жоғарыда байқағанымыздай Скан¬динавия көсіпкерлері коллективтік іс-қимылды — табыстың басты көзі деп санайды. Осы орайда техногендік жағынан үлгілі елдердің қатарына жататын Жапония мемлекетінің жетістіктері мәдени дамудың ұлттық түрлеріне негізділген. Мұнда «техногендік өркениет» ерекше мәдени орта жағдайына қарамастан өзіндік үйлесімділік тапқан. Жапон мәдениетіндегі ғасырлар бойы қалыптасқан табиғат, адам мен қоғам арасындағы ерек¬ше қарым-қатынастар елдің нарықтық экономика саласындағы қомақты табыстарына тікелей әсер етіп отырғандығын мойындамасқа болмайды. Міне, сондықтан да Жапонияда мәдениеттің ерекше ұйымдастырушылық түрлері пайда болды. Жапондардың ұлттық-мәдени бет-бейнесінің ерекшелігі — еңбекті ұжымдық тәсілмен ұйымдастырудан-ақ айқын байқалады. Мысалы, кәсіпорын басшысы шешім қабылдамас бұрын, оны қарамағынағылармен келісіп-ақылдасып алады. Жапондықтардың ұжым¬дық мәдениеті, олардың еңбек саласында демократиялық басқару тәсіліне бой ұрғандығын байқатады. Олардың басты ұраны: «барлығымыз да біргеміз және бәріміз де теңбіз». Сондықтан да болар өнеркәсіп басшысы мен қатардағы маманның ала¬тын жалақыларының мөлшерінде айтарлықтай айырмашылық болмайды. Тіпті кәсіпорын директорлары қажет болған жағдайда станокке, конвейерге тұрып, немесе қажетті іс-қағаздарын өздері іздестіруге ешқашан да арланбайды. Ұлттық мәдениеттердің әр түрлерінің — Скандинавиялық (Швеция, Норвегия), романдық (Бельгия, Франция), синтоистік (Жапония), азиаттық (Гонконг, Тайвань, Сингапур), англосаксондық (Канада, Австралия, Ұлыбритания) пайда болуы ғылыми білімге, өндірістің жоғарғы тәсілдеріне негізделген нарықтық экономиканың қалыптасуына және оның шарықтап дамуына әсер етті.
 
Дүниежүзілік өркениеттің даму барысының өзі-ақ ұлттық мәдениеттердің маңыздылығы бүгінгі таңда бұрынғыдан да артып отырғандығын және әрбір мәдениет дүниежүзілік дамудың түрлерін өз қажетінше қабылдауымен қатар, жалпыадамзаттық мәдениеттің қалыптасу процесіне өздерінің қомақты үлестерін қосып отырғандығын көрсетіп отыр. Қазіргі дәуірге тән ерекше қасиет — ұлттық мәдениеттердің тұйықтықтан арылып, бір-бірімен байланыстарын жаңа сапалық дәрежеге көтеруі болып табылады. Жоғарыда көрсетілген Шығысқа тән құндылық «коллектившілдік (ұжымшылдықты)-индивидуалистік мәдениеттің ең жоғарғы дәрежеде дамыған елі АҚШ-та қабылдауға мәжбүр болды, өйткені қазіргі заманда өнеркәсіпті басқарудың авторитарлық әдісінің тиімсіздігін өмірдің өзі-ақ дәлелдеп берді.
 
Осы орайда мәдениеттің әр саласындагы өзгерістерді бір елден бір елге жайдан-жай көшіре салуға болмайтындығын ескере кеткен жөн. Оған дәлел ретінде басқа елдерді қойғанда, қазақ халқының кеңес дөуіріндегі мәдениетінің тағдырын айтсақ та жеткілікті сияқты. Мәдениеттің, не өмірдің белгілі бір саласының элементін механикалық көшіре салу ешбір нәтиже бермейді. Сөзіміз дөлелді болу үшін нақты мысал келтірейік. Жапонияда өнімнің сапалылығы жолындағы күреске жұмысшыларды кеңінен тарту мақсатында арнайы «сапа үйірмелері» ұйымдастырылды. Ерекше атап өтетін жайт, бұл қозғалыс жапон халқының мәдени-психологиялық құндылықтарына негізделген болатын, өйткені жапондықтар екі моральдық-қүндылықтар-ри- зашылық парызы мен адалдық парызының рухьшда бала кезінен- ақ тәрбиеленген. Ӏс-әрекеттің осындай ұлттық-мәдени стериотиптің ықпалымен жапондық жұмысшы өз күшіне сенеді, бос уақытын да аямайды. 70-і жылдары дөл осындай «сапа үйірмелері» АҚШ-та пайда бола бастады. Бірнеше жылдардан соң бұлар 230 американ компанияларында өз жұмыстарын жүргізе бастады. Бірақ, өкінішке орай, олардың 8 ғана жоғары дәрежеге жетіп, қалғандары айтарлықтай табысқа ие бола алмай қалды. Осы бір шағын мысалдың өзі-ақ жоғарыда айтылған ойымызды айқындай түссе керек. Американдықтардың индивидуализмі мен кәсіпкерлік рухының тамыры сол елдің өткен тарихында, оның күрделі этникалық және географиялық құрылымында жатыр. Еңбек сүйгіш неміс халқы мен оның экономикалық жетістіктерін неміс мемлекетінің тарихын білмей тұрып, ол халықтың өзіндік ұлттық қасиеттерін ескермей еш уақытта түсінуге болмайды. Мысалы, Қытай мәдениетіне оптимистік дүниетаным, өмір мен өлімге табиғи тұрғыдан қарау тән. Адамдар жер бетінде тіршілік етеді, ондағы тірілер мен өлілер өзара тығыз байланыста. Бүл барлығы үшін ортақ дүние, ортақ тылсым. Бұл — философиялық даналық. Қытай халқының салт- дәстүрлерінде, наным-сенімдерінде кеңінен көрініс тапқан Еуропалықтарды таң қалдырған қатты ауруға шалдыққан адамға сыйға табыт тарту дәстүрі — ауырған адамға құрмет көрсету мен оған деген шынайы сезім белгісі болып табылады, өйткені өліп бара жатқан адам алые сапарға шығып бара жатқан жолаушымен пара-пар. Еуропалық мәдениеттегі батыл қадамдармен қайта жаңғыртушылар, түбегейлі өзгерістер бір жағынан прогресті тығырыққа тіреді. XX ғасырдың ұлы ойшылы А. Швейцер технократтық мәдениеттен бас тартып, дамудың ең жоғарғы сатысына көшу қажеттігі туралы ойға келді. XX ғасырдың дүбірлі оғиғалары, қантөгіс қырғиқабақ соғыстар, экологиялық апаттар және т.б. негізінде ғылым «технократизм мен технократтық ғылым» — мәдениетті идеялардың құрбандығына, рухани жөне сезімдік ақыл-ой қысымына, жалпы мәдениеттің тоқырауына өкелді деген қортындыға келді. Ұлы ойшыл жаңа жалпы адамзаттық мәдениеттің тағдыры үшін «өмірді қастерлеу» принципін ұсынды. Бұл принцип — мәдениетті дамытудың үлгісінен жалпы адамзаттық құндылықтарға негізделген мүлде жаңаша даму бағытына көшуге меңзейді. Ал бұл жол ізгілік жолы, адамдарды жарқын болашаққа апарар даналық жолы.

...