0 дауыс
3.0k көрілді
мына сұрақтарга жауап тауып беріңіздерші 1. Шыгай хан тұсында Қазақ хандыгының жағдайы қандай болды?2.Абдаллах хан Тәуекел сұлтанның қандай ісіне ризашлық білдіріп ,сыйлық берді? 3.Абдаллах ханның қандай іс-әрекеттері қазаақ сұлтандарыныңнаразылығын тудырды? 4.Тәуекел ханның Абдаллах ханмен жасасқан шартты бұзып,шабуылға шығуына не себеп болды?5,Тәуекел хан тұсында Қазақ хандығына қандай қалалар қосылды?6,Қазақ хандығы халқының саны шекарасы кімдердің есебінен ұлғайды жауап тауып беріңіздерші Алдын ала көп көп рахмет

2 жауап

0 дауыс
Кітапты ашсаң табасың, ізденсейші сәл!!!
Немесе Гугл, Википедияға жаз!!! Гуглге жазғанда сұрақты бастан аяқ жазып отырудың қажеті жоқ. Тек ең негізгі бір-екі сөзді жазсаң жеткілікті. Мысалы, 1) Шығай хан т.с.с.
0 дауыс

1. Шығай хан тұсында Қазақ хандығының жағдайы қандай болды? Шығай ханға тұсында Қазақ хандығы айтарлықтай тұрақты және тыныш болған жоқ. Өйткені Оңтүстегі Өзбек билеушілерінің соғыстарына біз амал жоқ атсалысып тұрды. Яғни Абдаллах хан мен Баба сұлтандарға әскері көмек көрсетіп тұрды. Бір сөзбен айтқанда сыр бойындағы жерлер Өзбек билеушілерінің қолында болды. Кітапта мұндай нәрселерді жазылбайды бірақ, Қазақ хандығы Өзбектерге белгілі бір дәрежеде бағынышты болдық.

2.Абдаллах хан Тәуекел сұлтанның қандай ісіне ризашылық білдіріп ,сыйлық берді?  Хақназар хан қайтыс болғаннан соң Қазақ хандығының тағына сексенге келген Жәнібек ханның немере інісі Шығай хан отырды. Шығайдың бірінші болып істеген ісі -  Хақназар хан мен Жалым сұлтанды өлтірген Баба сұлтанға қарсы соғыс ашты. Бұл соғысқа оның баласы Тәуелкел сұлтанда қатысты. Міне осы кезде Баба сұлтан мен Абдаллах хан соғысып жатты. Абдаллах ханның Сайрам, Сауран,Түркістан қаласына жасаған жорығына қатысқаны үшін ризашылығын білдіріп Тәуекелге сыйлық берді.

3.Абдаллах ханның қандай іс-әрекеттері қазақ сұлтандарының наразылығын тудырды? Тәуелкел  хан тағына отырғанда Қазақ хандығы өте ауыр жағдайда болды. Осы кезде шығыста Қазақ хандығына қалмақтар мен моңғолдар қауіп төндіріп тұрды, ал бұған Абдаллах хан көңіл бөлмеді. Тәуекел ханның жас  екендігін пайдаланып барлық билікті өз қолына алмақ болды. Соның ішінде Баба сұлтаннан құтылған Абдаллах енді оны құртуға  көмек еткен қазақ сұлтандарын жазалауға көшеді, яғни бұл өз кезегінде Қазақ сұлтандарының наразылығын тудырды. 

4.Тәуекел ханның Абдаллах ханмен жасасқан шартты бұзып,шабуылға шығуына не себеп болды?( 3- ші сұраққа берілген жауап осығанда жауап бола алады. ) Міне осылардың барлығы Тәуекел ханның Абдаллахқа қарсы шығып, ортадағы шартты бұзып, шабуыл жасауына себепші болды.

5,Тәуекел хан тұсында Қазақ хандығына қандай қалалар қосылды? Жоғарыда айтылған Тәуекел хан мен Абдаллах ханның соғысы нәтижесінде Қазақ хандығы Сауран,Түркістан,Отырар,Сайрам қосылды. Өзбек хандығының қалалары Ақши,Искандир,Мүнши,Ташкент,Самарқанд қалалары қосылды.                                                                                                                   

6,Қазақ хандығы халқының саны шекарасы кімдердің есебінен ұлғайды?  XVI ғасырда басталған Ресейдің отарлау саясатының нәтижесінде Қазақ хандығының батысында орналасқан Астрахан, Қазан хандықтары Ресейдің құрамын кіріп билігін мойындады. Ресейдің отарлау саясаты бұл кезеңде Ноғай ордасынада өзінің әсерін тигізбей қоймады. Соның нәтижесінде маңғыт тайпаларының арасында алауыздық пайда болды. Келешекке деген үміті болмаған кейбір қазақ тайпаларынің бірі Қазақ хандығына бірі Мәскеудің құрамына келіп қосылды.  Осының нәтижесінде Ноғай ордасы ыдырап,  тарих сахнасынан кетті. Бұл Қазақ хандығының жерін, халқ санын арттырды.

...