Біріншіден Дарвиндікі теория. Ал теория дегеніміз дәлелденбеген, солай болуы ықтимал дегені қазақшалағанда. Екіншіден, Дарвин адам маймылдан жаратылды демеген тікелей, адам мен маймылдың шығу тегі бір дегенді ойға алады. Бір ғана даму жүйесіне және біртұқымға ие (тағы да қазақшалағанда). Мысалға айтқанда мысық тектестер жаратылысы, және олар мекен ететін жеріне байланысты, сыртқы және ішке күштердің тікелей әсерімен мысық, арыстан, жолбарыс, қабылан, леопард деп бөліне береді. Алайда оның бәрі, бірі Африкада, бірі Азияда дамыса да бір ғана эфолюциялық заманнан бастау алады. Жойылып кеткен Каспий жолбарысына эволюцияның шегі 1970 жылдары толығымен бітсе, Эндрюсарх жануарларына 30 млн жыл бұрын жойылып бітті. Сол секілді даму циклі көптеген жаратылыс түрлеріне о бастан бітіп қалған. Тұқымы тарамады деген сол эволюцияның да аяқталуы дегенді білдіреді. Жолбарыс арыстанмен тікелей қатынасы бар екені ешқандай ғылыми дәлелді қажет етпейді және қасқыр мен шакалдың да, иттің де бір эволюциялық циклдің еншісінде екені де сұрақ тудыртпайды. Сол секілді адам мен маймылдың да бір эволюциялық циклге жататыны рас. Сол секілді адам да,осыдан он миллион жыл дәуірінде қазіргі маймылдардың дамуы бір бөлек, Адамдардікі бөлек, адамның бір бөлігі НОТО-лардікі (латынша адам, алайда қазіргі ғылымда адамның жойылып кеткен ежелгі бір түрі) бір бөлек (алайды бағанағы тұран жолбарысындай бұлардың эволюциялық дамуы ерте жойылып кетті) дами бастаған. Австралопитек дегендерді естуіңіз бар шығар, Австралопитек кезінде адам баласы маймылдардан (УЖЕ) бөлініп кеткен тұғын. Артынша маймылдар өзара мекен ететін, жеріне байланысты Горилла, Шипандзе дегендей бөліне бастайды. Ал адамдардың бір бөлігі нотолықтар өлгенімен, адамдар да мекен ететін жеріне байланысты азиялықтар, еуропалықтар, қара нәсілділер болып бөліне бастайды. Бірақ, қай материкте дами бастаса да, барлығының эволюциялық даму циклі "ақылды адам" деген кезеңге дейін жеткен болатын-ды.