+1 дауыс
6.1k көрілді
Адамның маймылдан жаратылғанына сенесіздер ме?

13 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап
Дарвиннің эволюция теориясы бойынша маймылдың екекше особы дами келе адамға айналған. Бірақ қазіргі генетика ғылымының дамуына байланысты бұл теорияда қайшылықтар  көп . Қазір зерттеушулердің өзі бірнеше топқа бөлінген. Егер материалистік тұрғыдан қараса, маймылдың ішінде адамға қатты ұқсайтындары көп және Дарвин приматтар деп адам мен маймылды бір отрядқа кіргізген. Ал идиалистер бұл теорияға мүлдем қарсы.  Қазіргі заманда  генетика саласында өте маңызды жаңалықтарн ашылып жатыр, соның бірі осы уақытқа дейін адамның даму сатысының бір бөлігі  болып келген неандерталецтердің қазіргі адамдардың ата тегі емес екендігі анықталды.Олар да адамға ұқсас жаратылыс иесі ,бірақ белгісіз бір себептермен тіршілігі тоқтап,мүлдем жер бетінен жойылып кеткен. Неге екенін білмеймін, осы жаңалықтарды биология оқулығына әлі кіргізбей жатыр. Мүмкін әлі зерттеліп болмаған шығар.
Менің жауабымда адам маймылдан жаратылды деген сөз мүлдем жоқ .Орысша оқитын болсаң, мына сітемеден қарап көрсең болады. (rdt45.narod.ru/kce/homo/neanderthalensis/neanderthalensis.htm Айтпақшы, сілтемені осы сайтқа қалай аударады,айтып жіберсеңдер жақсы болар еді, білмегендіктен әріптеп тердім ,біраз уақыт алады екен. Алдын ала рахмет!
браузердің жоғарғы жағындағы сілтемені (ссылка) копировать етіп, қажет жерге вставить етіп қоя салсаңыз да болады.
Мен сіздің жауабыңызды жәй ғана толықтырдым, қарсы шыққан жоқпын
Манас мен сенің сауатты,өзіндік пікірің бар жігіт екеніңді мойындаймын.
Манас , рахмет ! Мүмкіндік болса тағы да толықтыр.
Еріккен бала, саған да көөөп рахмет!
+2 дауыс
астахфирлла жоқ адам құүнан жаратылған өлгенде неге жерге комеді жер ден құмнан жаралдық жерге, құмға, қайтамыз
Топырақ деңіз,құм емес…
+1 дауыс
Кебір адамдарға қарасам сенем. Осытақырыпта мектепте дебат өткізгенімізде "Адам адамнан жаратылды" деп қорытындылаған завучтеріміз.
+2 дауыс
Осы жақында осы жайлы колледжде мұғаліммен сөзге келіп қалғам адам топырақтан жаратылған десем, маймылдан жаратылған ол ғылыми түрде дәлелденген деп қоймайды. Мен сенбеймін, адам маймылдан жаратылса неге қазіргі маймылдар адамға айналып кетпейді?! СЕНБЕЙМІН!!!
Соны айтам,қазіргі маймылдар неге адамға айналмай қалды,олар адамға ұқсас болып жаралған,сосын адамды маймылдан жаратылды дегенғо
Барлық маймылдың түрлерінен адамдан пайда болмаған, ертеде маймылдың үш түрі болған екен, соның "гоминид" дегін түрінен ғана адам пайда болған, ал қалғандары маймыл болып қала берген, қазіргі тектестері сияқты. Гоминидтернің барлығы саналары жетіліп адам болып кеткен, қазір ондай маймылдар жоқ. Адам қалай топырақтан жаратылады, миға қонымсыз как та, афроамериканецтерде бар ғой әлі де маймылға ұқсап тұрғандары)) Ертеде адамда құйрықтың болғанының дәлелі қазіргі адамдарда құйымшақ сүйектері қалдық белгі болып қалған. Түрітерді қарасан әйелдеріне дейін үсті басы түк басып кеткен олар әлі де маймыл)))))
Адам маймылдан шыққан жоқ,  алғашқы адамдардың түрлерінің өзі маймылдарға өте ұқсас болған, олардың  бас және дене сүйектерінің формаларын  ғалымдар тауып ДНК-сын алып сол арқылы дәлелдеп тастаған уже.
+5 дауыс
Адам-Аллатағаламның ең ғажайып, ақыл-ойға ие етіп, ненің жақсы,ненің жаманын сараптай алатын етіп жаратқан  туындыларының бірі. Сол сияқты маймыл да Аллатағаламның жаратқан мақлұқаты. Екеуі екі түрлі нәрсе, сондықтан да сенбеймін.
Сен қуасың,жаратушы Алла тағала бірден адамды ақыл-ойға йе етіп жаратпаған.Алғашында тура маймыл тәрізді жабайы болып жүріп,бертін келе еңбектеніп,жұмыс істеп,тайпаға бөлініп,жауларынан қорғанып милары дами бастаған,жойылып кетпей,өмір сүру үшін көп еңбектенді.
Дарвин осыны айтқан,негізі жер бетіндегі жыбырлаған тірі организмдердің шыққан жері,яғни түбі бір.Ол басқа галлактикалардан ұшып келіп жерге құлаған астеройттармен келген микробтар.Сол микробтар жер планетасының қолайлы климатына тез бейімделіп миллиардттаған жылдар бойы дамып жетілген.
Әй Бексұлтан ай, сөз саптауыңнан байқауымда сен маймылдан жаралсаң жаралған да шығарсың оған еш таласым жоқ, бірақ байқауымда аз еңбектеніп дамымай қалған сияқтысың)))
Жако,  Бексултан саған адам маймылдан шыққан деп тұрған жоқ!  Маймыл тәрізді болған деп тұр,  әғни түрлері ұқсас болған!
     Адам маймылдан шыққан жоқ,  алғашқы адамдардың түрлерінің өзі маймылдарға өте ұқсас болған, олардың  бас және дене сүйектерінің формаларын  ғалымдар тауып ДНК-сын алып сол арқылы дәлелдеп тастаған уже.  Миыңа бірдеңе барды ма? әлде контачить етпеді ма?
+1 дауыс
Хех,Дарвиннің ойына келген саңдырағын әлем болып маймылдан жаратылдық -деп жүр...

Жалпы алғанда адам МАЙМЫЛДАН жаратылған ЖОҚ.

Төмендегі сілтемедегіні оқысаңыз түсінесіз:

http://muslim.kz/kk/article/107-darvinizm-jalgandygy.html

http://muslim.kz/kk/article/108-evolyutsiya-gylym-emes-aldau.html
Жако жоғарыдағы жауабыңызбен пікіріңіз қарама-қарсы келіп тұр ғо...
Жалпы адам-ата мен Хауанадан жаратылғанбыз...
Сіздер маймылдан жаратылғансыздар, ал мен машАлла Адам-атадан жаратылғанмын. (ренжімеңіздер,өздеріңіз маймылдан жаратылдық деп қоймағансыздар..)))
Белгісіз
Сен дұрыс түсін,адамның маймылдан жаралды дегеніне келіспеймін,бірақ Ч.Дарвиннің ұлы ғалым екенін мойындаймын
Менің осы сайттан байқағаным ,біздің балалардың ішінде айтпаған сөзді айтты деп  бұрмалап, жала жауып,жан- жақты ойланғысы келмейтіндер көптеп кездеседі екен.Мынау,no no деген қолданушы солардың бірі ғой деймін. Бір- екі дін уағыздаған мақаланы оқыған екен,бір жақты дамып келе жатқан дарвинзм теориясының күлін көкке ұшырып жіберді ғой. Қазіргі кезде ғылымда "философиялық дуализм" деген бағыт бар.Осы бағытты ұстанатын ғалымдар өзіне керек мағлұматтарды осы уақытқа дейін қырқысып келе жатқан теологиялық және атеистік болжамдардың бәрін ғылыми түрде  түсіндіруді мақсат етеді. Болашақтағы ғылымның дамуы біртіндеп осы бағытқа ауысады яғни дни болжамдар да ғылыми түрде зерттеліп жатыр.Есімде жоқ, бір оқығаным бар, адамның қиялындағының бәрі өмірдегі бар нәсе дегенді.  Әжем марқұм айтып отырушы еді Қасиетті құран кәрімде жазылған, уақыты келгенде алла тағала адамның зердесін біртіндеп ашып отырады. Бір жерден ғұлама ғалым шығып, керемет жаңалық ашса, онда ол алла тағаланың адамның зердесін ашқаны деп. Мүмкін, Дарвиннің зердесін жартылай ашқан шығар,әзірше адамзаттың пайдасына осы да жетеді деп.Мүмкін адамның шығуын білу әлі ерте шығар, бірақ уақыты келгенде адамның зердесі ашылып, қайдан пайда болдық оны адамзат біледі деп ойлаймын. Jako мырза, менің мына жазғандарыма бала- шаға түсіне қоймайтын шығар, бірақ сіз үлкен адамсыз ғой түсінесіз деп ойлаймын.  Хе,хе бізді кейбіреулер маймыл деп өзін керемет адаммын деп қойыпты ғой Осындағы діндарлар олар бір жақты ойлайтын адамдар және оларға айтарым жоқ ,көп болса "Астафралла !"деп бір жұлқынып алар.
Жан-жақсы ойлауды айтыпсыз... Ал ойлаңызшы ал маймыл мен адамның сүйектері мен  дене бітімдерінде болар-болмас ұқсастық бар, ал шындығында адамның басқа хайуандардан айырмашылығы олардың ақыл-есінің дұрысы, саналы ойлай алуы, ал қай хайуанды көрдіңіз адам сияқты ойлай алатын? Бізге соны Аллах тағала берген, жалпы өз басым діндар адам емеспін.Бірақ дін десе дінкесі құрыйтын адамда емеспін, жалпы сіз мені діндар немесе тақуа деп ойлап жатқан боларсыз (жазбаларыңыздан байқадым) Дарвиннің өзі дұрыс аша алмаған... Оның жазбалары ойлануға да тұрғысыз, ал жақсы адам маймылдан жаратылды делік, адамда ақ және қара нәсіл бар өзініңз білетіндей, ақ маймылды көрдіңіз ба? адамның және маймылдын айырмашылығы жер мен көктей.
Дін-ғылымның атасы. (с) Мұқағали Мақатаев.
Белгісіз
no no, маған бірі -бір сенің кім екенің! Дінге, аллаға сенсең,өзің үшін сен және мемлекетіміздің заңында да бар дін бостандығы деген.Діншіл боласың ба ,әлде діндар боласың ба жеке басыңның шаруасы, шатағым жоқ. Бірақ мен айтпаған сөзді айтты деп жала жаппа, және бұрмалама ! Мұсылман болсаң үлкен күнә арқалап отырсың!Сен және сен сияқтылар қанша жерден мүйізін жерге қадап, тек біржақты діни  пікірді жақтағанмен, мектеп программасында жалпы биология ғылымда "дарвинвизм" теориясы оқытылып жатыр.Болашақта ,мүмкін  тіршіліктің жерде пайда болуы туралы "дарвинизмнен" басқа альтернативті дни теорияларды да мектеп программасына кіргізуі мүмкін,бірақ биология саласына емес.Жақында жаңалықтардан оқыдым, мектеп программасына алдағы екі үш жылдың көлемінде "Дін негіздері" деген сабақ енгізіледі.Бірақ осыны айтып уақытымды босқа жұмсап отырмын ғой деймін,Мен не деймін ,қобызым не дейді...
Мен сізге ештене деген жоқпын,менің жауабыма келіп соқтығысып пікір қалдырып отырған өзіңіз және сабырлық қылмай менің жазған жауабыма қарсы жауап жаздыңыз, мен жәй діндар емеспін дедім, ал онда тұрған не бар екен, рас әркімнің түсінігі әртүрлі, егер мен сіздің жауабыңызға барып мынау былай емес, мынау десем сізді түсінер едім... Мен сізге пікір қалдыр деген жоқпын, өзіңіз уақытыңызды жоғалтып отырған, бәрібір мен өзімнің айтқанымнан қайтпаймын, Дарвиндікі қате болды солай меніңше,ар жағы маған соқпайды, яғни жұрттың пікірі. осы жерде өзіңіздің қарапайым сөзге бола ұрыс бастап, мүйізің сындырғам деген әңгімелер айтып отырсыз. Өйтіп маған қоқан-лоққы көрсетпеңіз, сіздікіндей мінез менде де бар.
Сіздің жауабыңыз жақсы жауап болды уже үндемей отырсаңыз болады. Бір-екі діни мақаланы оқып айтып отыр деп айтудың мүлдем қажеті жоқ! ЖАТ сөзді қолданарда абай болыңыз,АҚИҚАТТЫ айтарды Ұлы Абай болыңыз! (Сабр Ин шаАллах)
Белгісіз
Оқи отырып,ойланып қалады екенсің.Біреуі Дарвин дегег ақылшы сымақты эақтаса,біреуі мұның ашқанын қате дейді.No,no деген қолданушы менің ойымды оқып қойғандай ақ екен.Керемет жазыпсыз.no no.Әттең,басқалары түсінбейтіні өкінішті ақ екен…Бірақ Аллах тағал көріп тұр,ол бәріне куә,Осыған шүкір…
+1 дауыс
Адам маймылдан жаратылмаған, оған күмәнім жоқ. Алайда қазіргі адамдар майбыл болып бара жатыр ма қалай?!
Менде адамнын Маймылдан жаралганына сенем.Сенiмен келiсем
+1 дауыс
Бізді жоктан бар еткен АЛЛАҒА сансыз мадак, сансыз шүкір, болсын .сәлем салауат ,паиғамбарымыз Мұхаммедке сғс ға болсын .
Келісем!
Белгісіз
+4 дауыс
Адамды АЛЛА тағалам жаратған, ең біріншісі қылып Адам атаны құмнан жаратты оың қабырғасынан Хауа ананы яғни әйел қауымын.
Иә,дұрыс бауырым!
Белгісіз
0 дауыс
Оны тек ғылыми түрде дәлелденген...
Назжан, мына жауабыңнан өзің бірдеңе түсіндің бе?Мәселе сол ғылыми дәлелдің осалдығынан емес пе, осындай әр түрлі пікір айтылып, тіпті ғұлама ғалымдардың өзі жік- жікке бөлініп тартысып жатқаны? Теология жағына келетін болсақ, олар ешқандай дәлелді,зерттеуді талап етпейді, және "Құдай осылай жаратқан" деп   қасиетті құранда немесе басқа да киелі кітаптарда жазылған қағиданы ұстанады,және ешқандай ғылыми дәлел қажетсіз деп қызғыштай қориды.
Жақсы апай.... Кешіріңіз сіздің толық атыңызды біле алмадым... Кейбір жерде Жақсыбике дейді. Енді бір жерде Жақсыгүл дейді қайсысы дұрыс....)) сіздің берген жауаптарыңыз ұнады. Бірақ осы тақырыпта сіздің пікіріңізді білейін деп едім. Қайсысына сененесіз? Қайсы тұжырым дұрыс деп ойлайсыз?....
Ақжол, шын атым Жақсыбике, Жақсы апай деп айта берсеңде болады. Бұл жөнінде мен пікір тұжырымдайтын осы саланың ғалымы емеспін . Биологияны, химияны егжей- тегжей оқығаным рас. Мен жауабымда "адам маймылдан шыққан" деген сөзді де  мүлдем айтпадым. Тек қазіргі ғылымның тығырыққа тірелгенін айттым. Мен тек адамның пайда болуы жөніндегі антрополог- генетик ғалымдардың өздері бірін- бірі қолдамайтынын айтып өттім.  Мүмкін,  ер адамды қасиетті құранда жазылғандай топырақтан ал әйелді соның қабырғасынан жаратқан шығар, немесе жаратушы компьютерлік ойынды программист жасағандай етіп барлық табиғатты соның ішінде адамды да жаратып,көктен қарап не болады екен деп ермек етіп отырған шығар,бірақ бұлардың бәрі дәлелденбеген нәрсе, тіпті Дарвин жазған сияқты гипотеза да жоқ. Сендердің көпшілігіңнің ойларың тек теологиялық яғни діншіл тұрғыдан ғана. Ал мен адамның шығу тегіне атеистік немесе материалистік тұрғыдан да биолог болған соң көп көңіл бөлемін.Бары осы ғана.
Сіздейлер жинаған тәжірибесімен бөлісуге мединалық оқу орындарында оқытушы болулары ғой, әйтпесе өздері не айтып тұрғандарын өздері де түсінбейтіндер сабақ беріп уақытымызды құртып...Сізден жақсы оқытушы шығар еді да))
шықпайды,………
–1 дауыс
Адам маймылдан жаратылса бүгінгі күнде өмір түсіріп жатқан маймылдар неге адамға айналып кетпейді?)
маймылды ағаш шөп жоқ жерге апарып қойыңыз сонда адамға айналар. бізге тарихтан беретін ағай айтқан ертеде маймылдар мекен еткен жерде өрт шыққан деп, енді олар ағашта өмір сүреді ғой сол ағаштар жанып кеткен жер тақыр болып қалған жейтін тамақтарыда жоқ бәрі пісіп кеткен отқа, соларды жеп адамға айналған. қазіргі адамдар піске ет жемейма сол сияқты.
мүмкін олай еместе шығар! оның бәрін бір Алла ғана біледі!
+1 дауыс
Сенбеймін!

Дарвин - мұсылман емес,Алла тағаланың бар екеніне ол сенбейді,сондықтан ол сондай тұжырымға келді деп ойлаймын)
дұрыс………
0 дауыс
Иә маймылдан жаратылдық және мен мақтан тұтамын.Чарльз Дарвин Алғааа!
юзер,Атейстік наным-сенімді үстанатын шығарсын.Чарльз Дарвин өлер кезінде құдайдан кешірім сұрап,"дарвинизмді"ойлап тапқанына өкінген екен!
Белгісіз
...