+1 дауыс
3.8k көрілді
Жоспары эпиграф бар.  5-6 бет болуы тиіс

Тақырыбы: Шортанбай-қазақ əдебиетіндегі "зар заман"дəуірінің көрнекті өкілі

2. Асылық асқан заманда".

3. Шортанбай жырларының көркемдік ерекшіліктері

4. Майлықожа-адамгершілік туын көтерген ақын.

1 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Ресей империясы отарлаушыларының озбырлығы мен сұрқия саясаты Зар заман ақындарының өлең-жырларында жан-жақты суреттеледі. Қазақ халқының шұрайлы жерлерін тартып алып, ұрпағын аздырып, діннен аулақтату сықылды империялық пиғылдың жүзеге асуына қарсыласу қозғалысы Зар заман ақындарының қайраткерлік поэзиясын өмірге әкелді. Зар заман ақындарының қайраткерлік биікке көтерілуі отаршылдықтың белең алуынан басталады. Жыр жүйріктерінің бар құдіреті, бар қабілеті ел-жұртының санасын оятуға жұмсалды. Олар қауіп-қатерді, зорлық-зобалаңды алдын-ала ескертті, зардаптарын күн ілгері тайға таңба басқандай етіп айтып берді. Елдің берекетін кетірген отарлаушылардың құбыжық кейпіндегі бейнесін жасады. Халықты қан қақсатқан зобалаңның себебін Зар заман ақындарының бірі адам қолымен жасалған зұлымдықтан, екіншілері діннің бұзылғандығынан деп топшылайды. Әсіресе, Шортанбай ақын шарасыздықтан дінді таяныш қылады.[

Шортанбай Қанайұлы (1818-1881) – 19 ғасырда өз дәуірінің шындығын бүге-шігесіне дейін көрсете білген бірден-бір ақын, өз дәуіріндегі қоғамдық, әлеуметтік өмірдің әр саласын кеңінен қамтып, көркем бейнелеген ірі суреткер.

Шортанбай өмірі мен шығармашылығы жөнінде қолда бар деректер тым шағын. Бұларға қарағанда ақын 1818 жылы Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Түркістан ауданының Қаратау бойында туып, Арқадағы Қарқаралы өңірінде 1881 жылы қайтыс болған. Ақын өлеңдерін тұңғыш жариялаған академик В.Радловтан кейін Қазан қаласында оның өлеңдер жинағы басылып жарық көрсе, кешегі Кеңес өкіметі тұсында шығармалары әр алуан жинақтарда басылып келді. Мұның бәрі ақынның өлең, жырларының ел жүрегінен өшпестей орын тепкенінің айқын куәсі болып табылады. Шортанбай ақын әдебиетіміздегі «Зар заман» деп аталатын әйгілі кезеңнің ірі өкілдерінің бірі. Ол бүкіл саналы өмірі мен бойындағы ақындық асыл дарынын туған халқының отаршылдық езгідегі ауыр халін, оның ертеңгі болашағының мән-жайын жырлауға арнады, өзі куә болып отырған заманның кесел-мерездерін өзгелерден бұрын сезініп, соны аяусыз әшкерелеуге аянбай атсалысты. Ақын белгілі бір ортаның немесе аймақтың ғана емес, барша халықтың мұң-мұқтажын толғады, көптің жоқтаушысы болды. Ресей отаршылдығының зорлығын көзімен көріп, жанымен, тәнімен сезінген ақын өзінің «Зар заман», «Бала зары», «Тар заман», «Опасыз жалған», т.б. толғаулары арқылы ақиқаттың астарын ашып көрсетті. Толғауларының ішіндегі көпшілікке кеңінен тараған туындысы «Келер заман сипаты» атты шығармасы. Онда халықтың болашағын болжай білген ақын елі үшін қабырғасы қайыса отырып, тығырықтан шығар жол іздейді. Келер заманның кескін-келбетін көрегендікпен көрсете келіп, өз тарапынан тұжырым жасайды, баға береді. Ескіше сауатты, шығыс әдебиетінен хабардар ақын өлеңдерін жазып шығарумен қатар, қаумалаған көп алдында жұрт өтінішімен түйдек-түйдек ағытып, төпеп те жырлаған. Өзіне дейінгі Бұқар, Тәтіқара, Ақтамберді жыраулар мен Шал ақынның мол мұраларымен жақсы таныс болған. Өмірінің дені Арқа өңірінде өткен ол Жанғұтты ақынмен достық қарым-қатынаста болып, сыйластықпен ғұмыр кешкен. Шортанбай сонымен қатар айтыс ақыны ретінде Шөже, Орынбай, Асан ақындармен сөз сайысына түскен. Осылардың ішіндегі көлемдісі де, мазмұны жағынан толымдысы да Орынбаймен айтысы. Айтыстың өне бойынан ақынның тапқырлығын, сөзге шеберлігін, тілінің өткірлігін анық байқауға болады. Талай айтыстарда шыңдалып, сан мәрте жүлде алған Орынбай сияқты айтулы ақынмен сайысқа түскен Шортанбай өзінің алғырлығын, тілге тиек болар жағдайды бұрынырақ болжап, алдын орап кететін сезімталдығын танытады.

    Майлықожа Сұлтанқожаұлы XIX ғасырда өмір сүрген ақын-жыраулардың ішінде өзіндік орны ерекше, артына мол мұра қалдырып, халықтың ықыласына бөленген ақын. Атақты Жамбыл ақынның өзі оның ақындығына, ғибраты мол өлең-термелеріне «Майлықожа, Сүйінбай, пірім еді сиынған» деп бағасын да беріп кеткен.

         Майлықожа Сұлтанқожаұлы өлеңдерін ауызша шығарған, өзі жазып қалдырған мұралары да кездеседі. Майлықожаның әдеби мұрасын жанры мен мазмұнына қарай бірнеше тақырыптарға бөлуге болады: ғибрат, нақылдар («Ер көгерер дұғамен», «Жолдас болсаң жақсымен», «Жақсы адам қартайса»), арнау өлеңдер («Ахмет төреге», «Тұрлыбекке», тағы басқалар), дастан- мысалдар («Қасқыр», «Тотынама», «Аңқау мен қу», «Шора батыр», «Үш жігіт»), айтыстар.

Майлықожа ақынның Сүйiнбай, Мәделқожа Жүсіпқожаұлы, Күдеріқожа, Құлыншақ, Айман-Гүлханым, Ұлбике, қырғыз ақыны Жаныстармен сөз сайыстыруы ақын атамыздың терең ойлы шындықты ту еткен бiлiмдi шайыр екенiне көз жеткiземiз.

Мысалы, замандасы Құлыншақ ақынның:

«Майлы, Майлы дегенмен май болмадың,

Жұрттан алып жегенмен бай болмадың» - дегенiне лезде сөз тауып:

Сен Құлыншақ болғалы талай болды.

Не құлын, не жабағы тай болмадың.

Немесе Гүлханым арудың:

Кедейсiң қызды жылқысы көп бай алады-деген әзiлiне:

Бибiмiз тегiн қызды күндемейдi,

Алдың деп мұны қайдан үндемейдi.

Батыр бiр оқ, бай бiр жұрт бәрi бекер,

Дүниенiң байлығы тiлде дейдi, - деп орнықты, ойлы жауап бердi.

Қырғыздың Асыл деген байының тойында қазақ ақындары бет қаратпаған Жанысты тарих жолымен жiпсiз байлап:

Молдалар кiтап оқып мән айтады.

Бiлмесе бекер сөздi неге айтады.

«Қыс-асыл әмбиенiң» кiтабында

Қырғыздың ата тегiн ит деп айтады - деп иттей қапқан Жаныc ақынды Жолбарыстай талауы Майлының мықтылығы Бұхара - Самарқанда бiлiм алғандығының септiгi.

Бiрде Қасымбек болыстың бәйбiшесi ақынның тартпа желдiгiн қойып «Үш күн күттiк бiздi бiр мақтамадың тартпа желдiгiңмен құрып кеткiр Майлықожа» дегенiне сөз сүлейi:

Қазақтың оза шапқан майлысы едiм,

Бұл өлеңiм болмаса қай кiсi едiм,

Бес-алты ауыз өлеңдi айтып берiп,

Көңiлiн қош қылайын бәйбiшенiң

Жоғалмаса құрысын тартпа желдiк

Бұрын қай ер-тоқымы сай кiсi едiм, - деп елдi риза етiптi.

         Майлықожа ақынның бір топ өлеңдері Я.Лютиштің құрастыруымен 1883 жылы Ташкентте басылып шыққан «Қырғыз хрестоматиясы» кітабына енген. Майлықожа Сұлтанқожаұлы ауыз әдебиетін жақсы білген, фольклоршы Ә.Диваев мол деректерді Майлықожадан алған. Көптеген өлеңдері «Үш ғасыр жырлайды» (1964), «Бес ғасыр жырлайды» (1964), «Ай, заман-ай, заман-ай» (1991) кітаптарында және «Нақыл» (1972) атты жеке жинағында жарияланған. «Айтыс» жинағына (2 том, 1988) ақынның бірқатар айтыстары енген.
Неге мынаның ішінде Майлықожа туралы жазылған жартысы?
...