0 дауыс
11.2k көрілді
Қазақ жері туралы шығарма керек болып тұр өте қазыр керек боп тұр

Қазақтың көркем табиғатының қызығын қазақ неге көрмейді? Қазақтың ұлттық табиғатына сай даласы да сұлулыққа бай. Біз ғана емес, бүкіл әлем халқы жыл 12 ай демалыс іздесе, елімізге келсін. Не іздесе де, қазақ даласынан табылады. Бірақ, өзгені қойып өзімізде сол табиғатты игілікке пайдалана алмай отырмыз. Жаз болса шетел асып демалғанды жөн көрсек, қысты күні жылы үйден шыққымыз келмейді.

Елімізден қандай демалыс орнын іздесеңіз де бәрі табылады. Солтүстікте Көкше, шығыста Алтай, оңтүстік шығыста Іле мен Алатудың сұлу табиғаты жатыр. Көл десеңіз, Балқаш, Алакөл бар, теңіз десеңіз Каспий жатыр шалқып. Тарихтан із іздесеңіз, Тараз, Түркістан шаһарлары мен Қаратау мен Сыр дәриясы 5 мың жылдан сыр шертіп береді. Бірақ, осы жерлеріміздің бәрі халықаралық демалыс орталығы емес, отандық демалыс орталығына да айнала алмай отыр.

Қолда бар табиғатымызды пайдалана алмай отырғанымыздың басты себебі, біздің үкімет демалыс орындарымызды үлкен табыс көзіне айналдыратын турзим саясатын дұрыс жолға қоя алмады. Қайбір демалыс орнына барсаңыз да инфрақұрлымы сын көтермейді. Демалыс орындарының инфрақұрлымын ретке келтіруге жекенің талабымен бірге мемлекеттің қолдауы керек еді. Бірақ бізде көпшілік демалатын орындарға қарағанда, жеке азаматтардың өздеріне арналған жекеменшікдемалыс орындарының жағдайы әлде қайда жақсы. Қолдарында құзыреті барлар мемлекеттік, не халықаралық демалыс орынына айналар жерлерді жекешелендіріп, әулеттік демалыс орындарына айналдырған. Елдегі қаржылық жағдайы барлардың өзінің жеке демалыс орыны бар болғандықтан, болмаса елімізге қарағанда шетелте демалған таңсық болғандықтан елімізде демалыс орындарын ашуға құлықсыз. Сондықтан, бізді қызықтырар демалыс орындары орта кәсіпкерлерге тиесілі болып қалады. Олар болса, елдің іші-сыртынан демалушылардың келуіне толық шарт-жағдай жасай алмайды.

Тағы бір себеп, бізде демалыс мәдениеті дұрыс қалптаспаған. Өзіміздің көркем табиғатымызды өзіміз қызығын көргіміз келмейді. Байларымыз шетел асып жатса, қарапайым хадық өз ауламыздан шыға бермейміз. Мүмін, бұған әлеументтік жағдадайлар да әсер ететін шығар. Қазіргі таңда күнкөрістің күйбеңімен бір күнімізді демалысқа арнауға да уақытымыз жоқ болар. Бірақ, өзге жұрттарға қарасақ бәрі де демалған уақыттында демалып, жұмыс уақытында жұмыс жасап жүр. Қайта жұмыстан қажып жүрген кезде, бір күн болса да уақытымызды демалысқа арнап жатсақ, ары қарай өзімізге шабыт алып қалар едік қой.

Алатаудың іргесінде отырған алматылықтар да Алатуға шыға бермейді. Алматылық болып жүргенмен бәріміздің тамырымыз ауылда жатыр ғой. Ауылға да жылында екі-үш рет баратын шығармыз. Ауылды сағынғанда іргеміздегі Алатауға шыққанды біле бермейміз. Әйтеуір жаз кезінде бірен-саранымыз бір рет тауға шығып, қыста Медеуге бір барып қайтамыз. Қалғанымыз жұмыстан бас алмаймыз.

Міне, сол маусымында бір рет тауға шыққан кезімізде өзімізге қарағанда өзге ұлттарды көп көреміз. Еңбектеген баладан еңкейген қартқа дейін жаз десе жаз демей, қыс десе қыс демей тау басында жүреді. Қарайсың да қызығасың. Бірақ, ғасырлар бойы дала табиғатына тойынып қалғандай боламыз да, даланың таза ауасынан қаланың түтінін жұтқанды артық көреміз.

Жақында реті келіп тауға бір шығып қайтқан едік. Сол жолда, Алатаудың басына апта сайын шығып тұратын Айтбай Айтжанов деген азамтпен аз-кем аңгімелескеніміз бар еді.

Сөз арасында Алматыны нұсқап: «Ана, мұнарды көрдіңдер ме? Ол жәй ғана түтін емес, оның астында қайнаған тіршілік. Біреулер құда болып, той жасап мәз болып жатыр, ал біреулер ет жақынынан айырылып қайғы жұтып отыр. Тағы біреумен біреу бір-бірінің етін жеп, бір-бірін күндеп жатыр. Әр адамнан әртүрлі энегрия тарауда. Ал мұнда болса тек таза, таза ауа, таза табиғат. Айналаң аппақ қар, жаныңда жасыл шырша, саған тек құштарлықтың, жақсылықтың энергиясын береді. Бір күн болса да қайшылыққа толы тіршіліктен көрі, тазалықта өмір сүріп, жаныңа ізгілік рухын жинап қайтқанға не жетсін?» деп бәрімізді ойландырып тастады. Шынында да, бізге берген Алланың үлкен сыйын неге игілігімізге пайдалана алмай жүрміз? Жүрегімізге күнделікті тұрмыстың кірін жинай бергенше, оны уақытында неге тазартпасқа?!

Отандық туризмді дамыту әрбір қазақ азаматының қолында. Біз бәріміз уақтылы демалып, жан тазалығын қаласақ, отандық туризмде алға басады. Қалада тұншықпай, қазақтың көркем табиғатына қайта жақындайтын болсақ, ұлттық тазалығымызды қайта қалпына келтіреріміз анық. Қоршаған орта мінезді қалыптастырады дейді. Ендеше белсенді ортада белсенді өмір сүрейік. Көктем де келе жатыр. Көктеммен бірге көркем табиғатымыздың да қызығын көрейік.

1 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Туған жер – адам өмірінде киелі орын алады. Нақты осы жер оны елімен, өткенмен және болашақпен байланыстырады. Міне, сондықтан да тіпті балалық шақтан бастап-ақ адамда отанға деген махаббат сезімі оянады. Әрбіріміз үшін Отан ошақ басынан басталады: туған жер, туған көше, туған қала немесе мен үшін туған кент. Менің Отаным кішкентай болса да, мен үшін аса қымбат жер Бестөбе кентінен басталады. Дәл осы жерде менің көңілді де, шаттықты, уайымсыз балалалық шағым өтті. Үйдің маңындағы аулада ойнағаным және бала-бақшаға барған көше әлі есімде. Сол кезде ол маған өте ұзын болып көрінетін. Мұнда көлік сирек жүретін, бірақ серуендеп жүретін адамдар көп болатын. Иә... Туған жер ұзаққа қиып жібермейтін. Сен әрқашан өзің бармасаң да, оймен қиялдап туған көшені, есіктің алдын, «Қызым, үйге кір...»деген ананың сөздерін еске түсіресің. Жүректің әлсіздүрсілі естіледі. Қазір бойжеттім, бірақ та өмір бойы мен үшін балалық шақтағы туған аула мен көше – менің кішкентай Отаным. Сонымен бірге мен елімнің бір бөлшегімін, оның бүгіні мен болашағымын. Біздің Қазақстан – көп ұлтты мемлекет. Бейбітшілік пен достастықта, татулықта бірге жұмыла отырып, қызметтің әр түрлі саласында қазақтар мен орыстар, татарлар мен немістер, украиндер мен кәрістер...еңбектенуде. Мен соңғы жүз жылда Қазақстан жеріне әр түрлі халықтар қоныс тепкеніне жиі ойланамын. Біздің еліміз сияқты менің ағайыным да көп ұлтты. Бірлік, ұлтаралық келісім және саяси тұрақтылық – қазақстандықтардың қалауы. Мен оны білемін. Онда татарлар да, орыстар да, қазақтар да бар. Олардың тағдырын, өмір тарихын тыңдағанда менің елім одан сайын маған жақындай түседі, оны жақсырақ түсіне бастаймын. Біздің отбасы тарихымыз мыңдаған басқа отбасылардың тарихына ұқсас. Өмірдің қиын кездерінде, ауыр жұмыстарда, өтіп жатқан күндер мен мерекелерде әр түрлі ұлт өкілдерінің пікірі қалыптасты. Адамзат баласының татулығына ұмтылу әр халықтың қанында бар, әсіресе ол қазақстандықтарда ерекше дамыған. Бұл Қазақ жерінің жомарттығынан, осы өлкелерге тағдыр алып келген барлығына құшағын кең жайып, пейілін кеңге салатын Қазақ халқының мінезінен жаралған.Осында тұрушылардың барлығы Қазақ халқының тілін, тарихы мен салт-дәстүрін білуі келек. Қазақстанда тұратын барлық халықтың татулығы мен бірлігінің мәні осында. Ол байырғыкөркем Қазақстан жерінде бейбітшілікті сақтауға көмектеседі. Ал татулық – болашақта гүлденуді
...