0 дауыс
1.1k көрілді
Саламатсыздарма Бекет атаның кесенесіне қазан айының сонында баруға олама екен қазір қабылдап жатырма алде ауа райы салкында жауып тастайды ма соны білейын деп едім.Баламды апаруым керек еды.білетінадамдар болса көмектесесіздерме

1 жауап

0 дауыс

Ақтау қаласында орналасқан Бекет ата жерасты мешітіне тиімді бағада қалай баруға болады? Киелі орынға жетудің қандай жолдары қарастырылған? Baribar.kz туристерге арналған пайдалы ақпараттарды ұсынады.

Бекет ата мешіті қай жерде орналасқан?

Бекет ата жер асты мешіті Маңғыстау облысы, Ақтау қаласында орналасқан. Батыс Қазақстан аймағы солтүстіктен оңтүстікке қарай 1200 шақырым, ал батыстан шығысқа қарай 1300 шақырым. Алматы мен Ақтау қалаларының ара қашықтығы 2860 км.

Бекет ата дегеніміз кім?

Бекет ата 1750 жылы туылып, емші, көріпкел ғана емес, физика, математика, астрономия заңдылықтарын жақсы білген ғұлама ретінде аты танылған. Бұхарада оқып, ілім жинаған соң, өз өңіріне қайта келіп, бес мешіт салдырады. Жергілікті дін ғұламаларының арасында атақ-даңқы өсіп, Пір атанады. Пайғамбар жасында дүние салады. Бекет атаның мүрдесі осы жерасты мешітіндегі бөлмелердің бірінің іргесіне қашап орналастырылған. Бұл күнде мешіт басы күні-түні әулие басына зиярат етушілерден бір арылмайды. Өлкедегі аса қастерленетін, ислам әлемінде әйгілі ескерткіш – Оғыланды жеріндегі (Үстірттің батыс шыңдары) Бекет-Ата жерасты мешіті. Мешіт Шопан-Ата қорымынан 100 км шығыста орналасқан. Бұл жерде қазақ халқының ұлы данасы Бекет Мырзағұлұлының өзі жерленген.

Қалай жетуге болады?

Ұшақ арқылы

Егер, сіз Бекет ата мешітіне Алматы қаласынан ұшақ арқылы барғыңыз келсе, алдымен Алматы-Ақтау бағыты бойынша билет аласыз. Ұшақ билеттерін авиакомпанияларға бармай-ақ, интернет желісі арқылы алсаңыз болады. Бірінші, уақыт үнемдейсіз. Екінші, таксиге кеткен шығыныңыз қалтаңызда қалады. Үшінші, билетті артық комиссия төлемдерінсіз өз бағасында сатып аласыз. Есіңізде болсын, ұшақ билетін неғұрлым ертерек алып қойсаңыз, соғұрлым тиімді бағада ала аласыз. Алматыдан Ақтау қаласына дейін ұшу уақыты 3 сағат. Ақтау қаласына жеткеннен кейін Жаңаөзен қаласына жол тартасыз. Жаңаөзеннен белгіленген жеріңізге 2 сағатта жетесіз.

Басқа да толық мәліметті мына сілтемеден оқи аласыз.

...