0 дауыс
7.3k көрілді
Windows 10 туралы қазақша ақпараттар мен деректер, мәліметтер керек?

1 жауап

0 дауыс
Windows 10 - Microsoft корпорациясының отбасындағы, компьютерлерге арналған операциялық жүйесі. 2014 жылы Қытай мемлекеттік мекемелердің Windows 7-ден Windows 8-ге ауысуына қатаң тыйым жасаған болатын. Ондағы басты себеп – мемлекеттің ақпараттық қауіпсіздігін сақтау. Ал, күні кеше сатылымға шыққан Windows 10 операциялық жүйесі қолданушылар үшін қаншалықты қауіпсіз (ақпараттың құпиялылығы тұрғысынан), қаншалықты тиімді әрі жаңа жүйені орнатар алдында не нәрсені есте ұстау керек?

ArsTechnika сараптамалық интернет-басылымы жүргізген зерттеу нәтижесінде белгілі болғандай,Windows 10 өз қолданушыларының деректерін Microsoft серверіне жіберіп тұрады екен, тіпті оның параметрлерін «құпиялылық» режиміне қойғанның өзінде. Бұл OneDrive және Microsoft-тың өзге де сервистері үшін қажет, дейді мамандар. Алайда, OneDrive өшірулі жағдайда және Microsoft есептік жазбасына қосылған жергілікті тораптың (локальная сеть) аккаунты арқылы серверге қосылғанның өзінде Windows 10 операциялық жүйесі деректерді жіберіп тұрады екен. Әйтсе де, Microsoft компаниясы ресми түсініктемеде сарапшылардың бұл пікірін жоққа шығарып отыр. Компанияның ресми түсініктемесінде: «Windows қолданушының рұқсатынсыз жеке деректерді жинамайды. Microsoft сервері Windows-тың жұмысын жақсарту мақсатында және операциялық жүйенің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету үшін Windows-тің қолданылуы, диагностикасы мен өнімділігі жөнінде кейбір деректерді жинайды. Microsoft бұл деректерді ақаулар туындаған жағдайда оларды жөндеу үшін пайдаланады,» - делінген.

Жоғарыда айтылғандарға қарамастан, Windows 10 операциялық жүйесін орнатуға нақты шешім қабылдасаңыз, келесі мәселеге назар аударыңыз.

Windows 10 орнату үшін компьютерге қандай талаптар қойылады?

Microsoft-тың ресми парақшасында егер сіздің компьютерінің Windows 8.1. талаптарына сәйкес келетін болса жеткілікті, делінген. Егер бұл ақпарат аздық етсе, төменде жаңа жүйені орнату үшін компьютерге қойылатын талаптардың тізімі келтірілген:

Процессор: ең кемінде1 ГГц.
Жедел есте сақтау құрылғысы (ОЗУ): 32 разрядтық жүйе үшін 1 ГБ., 64 разрядтық жүйе үшін 2 ГБ.
Қатты дисктегі бос орын: 16 ГБ.
Видеоадаптер: WDDM драйвері бар Microsoft DirectX 9 графикалық құрылғысы.

Бұдан бөлек, міндетті түрде Microsoft есептік жазбасы мен интернет қажет болады.

Менің компьютерім бұл талаптарға сәйкес келе ме?

Ия, қарапайым қолданушылар үшін, жоғарыда аталған талаптарды тексеру қиындау. Сол себепті, Microsoft компаниясы Get Windows 10 атты жаңа құрал ойлап тапты. Ол Windows 10 орнатуға болатын барлық компьютерлерде хабарлама ретінде автоматты түрде шығып тұрады. Бастысы компьютерінің интернетке қосылулы және «автоматты жаңартулар» қызметі белсенді болуы керек.

Windows 10 қолданар алдында тағы нені білген жөн?

Егер сіз дәл қазіргі уақытта Windows 7 SP1 немесе Windows 8.1. операциялық жүйесінің қолданушылары болсаңыз, Windows Update жүйесі арқылы Windows 10 жүйесін тегін жаңарта аласыз. Осы кезде төмендегілерді есте ұстаңыз:

Жаңарту Windows 10 сатылымға шықан алғашқы 12 айдың ішінде жүзеге асырылу керек.
Windows 10 операциялық жүйесі әртүрлі бірнеше түрде шығарылады: Windows 10 Home, Mobile, Pro, Enterprise, Mobile Enterprise, Education.
Windows XP пен Vista қолданушылары егер олардың құрылғыларының техникалық сипаттамалары минималды талаптарға жауап беретін жағдайда ғана Windows 10 қолдана алады.

Жаңадан шыққан Windows 10 жүйесін біреулер мақтаса, біреулер сынға алып жатыр. Ал, сіз жаңа операциялық жүйе туралы қандай пікірдесіз?

Ақпарат дереккөздері: lifehacker, hi-tech сайттары
...