0 дауыс
3.6k көрілді
Жомартылық ,Надандылық туралы мақал мәтельдер

1 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Орынсыз жерде күлу - ақылсыздықтың белгісі.

                                                    Майлықожа Сұлтанқожаұлы

Арзымасқа еліріп, бос күлкіге салынып.

                                                    Майлықожа Сұлтанқожаұлы

Кедей - тамақ асыраймын деп, ақылсыз жас - атымды шығарамын деп, надан ақсақал - кек аламын деп ұрлық жасайды.

Әлихан Бөкейханов

Надандар ойын сөзді - кек көреді.

                                              Қара  өлең

Ер жігітке о да өлім - серттен таймақ.

Ит білер сыйлағанды, надан білмес.

Шәді  Жәңгірұлы

Қалтасында пұлы жоқ - өзін өзі би сайлайды.

Би-шешендер

Надандықтың белгісі - өзін-өзі мақтайды

Көкірегі соқырға - өмірде таң атпайды.

Шешеннің сөзі шын алмас - қап түбінде жетпейді.

                                                                   Би-шешендер

Пышағым майлы болса - елімнің тоқтығы болар,

Ақымақ деп атаңды сөксең - ақылыңның жоқтығы болар.

                                                                  Би-шешендер

Әйел жомарттық қылғанда еркек нәмарттық қылғаны өлім

Кең пейілді кемімес, тар пейілді кеңімес

Мейрімі мол ананың —
Жүрегі жылы, қолы кең.
Кең пейілді атаның
Жүзі жылы, жолы кең.

Кең пейілді кем болмас

Жомарт ДОС көбейтеді, сараң мал көбейтеді

Надандықтың белгісі - тілін алмау білгеннің.

Ұқсас сұрақтар

...