Мерекем – сен
Сөзі мен әні Қ. Қазыбековтікі
Махаббатым, нәр бердің,
Жүрегіме – жаныма.
Ғұмырыма гүл ектің,
Арманыма – жолыма.
Қ а й ы р м а с ы:
Жан шуағым мерекем,
Іздегенім сен екен.
Өзіңменен шаттанып,
Кірер менің берекем.
Мөлдірегін көзіңді,
Пәктігің деп сенемін.
Сүйем деген сөзіңді,
Қуат етіп келемін.
Қ а й ы р м а с ы:
Бақытым да сен болдың,
Мақсатым да аңсаған.
Болдым ынтық өзіңе,
Кездескелі мен саған.
Сөзі мен әні Қ. Қазыбековтікі
Махаббатым, нәр бердің,
Жүрегіме – жаныма.
Ғұмырыма гүл ектің,
Арманыма – жолыма.
Қ а й ы р м а с ы:
Жан шуағым мерекем,
Іздегенім сен екен.
Өзіңменен шаттанып,
Кірер менің берекем.
Мөлдірегін көзіңді,
Пәктігің деп сенемін.
Сүйем деген сөзіңді,
Қуат етіп келемін.
Қ а й ы р м а с ы:
Бақытым да сен болдың,
Мақсатым да аңсаған.
Болдым ынтық өзіңе,
Кездескелі мен саған.