0 дауыс
1.2k көрілді
Жастар тобының Жаңа жыл әнінің сөзін тауып берінізші

1 жауап

+1 дауыс
Жайна бөленіп нұрға
Қош келдің дейміз бүгін жаңа жаңа  жылға
Жайна бөленіп нұрға
Қош келдің дейміз бүгін жаңа жаңа  жылға

Ақ қар, ақ мамық
Айнала жап-жарық
Бар әлем шынымен тұрғандай бүгін шаттанып
Қуанып қарт пен бала да
Жасанды бәрі жаңара
Жаңа жыл келді жадырап менің далама
От шашулар шашылып
Толқиды көңіл тасынып
Бәріміз күттік асыға осынау сәтті
Мейрамның шарқап тәтті әнін
Шыршалар жақты оттарын
Сағаттар міне қақты

Жайна бөленіп нұрға
Қош келдің дейміз бүгін жаңа жаңа жылға
Жайна бөленіп нұрға
Қош келдің дейміз бүгін жаңа жаңа  жылға

Ескі жыл қалды
Сақтап сырларды
Жаңа жыл әкелсін бізге жаңа бір думанды
Бақытты болып бар жандар
Жылдарға жылды жалғаңдар
Жаңа жылда орындалсын барлық армандар
Ақша қар келер әнімен
Жарасып сұлу сәнімен
Тойлатып бірге  бәрімен
Бақ тілеп сізге
Шақырып аяз атаны
Жаңа жыл таңы атады
Құттықтаймыз бізде

Жайна бөленіп нұрға
Қош келдің дейміз бүгін жаңа жаңа жылға
Жайна бөленіп нұрға
Қош келдің дейміз бүгін жаңа жаңа  жылға
...