+1 дауыс
6.9k көрілді

Жиырмадан жаңа асқан бір қыз: «Біраз қалаларға барғансың ғой, Түркістанды көрген шығарсың, қандай қала?» – деп сұрады. Енді қазақтың рухани астанасы дейтінін айтып, Яссауиге көшейін деп жатсам: «Жоқ, былай, адамдары, салты, көзқарасы қандай? Жұмыс табу жайы қалай?» – дейді. «Әй, оны неге сұрадың, сол жақта тұрайын деп пе ең?» – дедім.

Сөйтсем: «Түркістанның жігіті сөз салып жүр», – дейді қипақтап. Ай, бір күлейін. Зерттеуінің мәнісін түсінгесін: «Қызық екенсің ғой өзі, сен жер таңдама, жар таңда. Жаныңнан жырақтамайтын өз адамыңды тапсаң, Барсакелместің өзі жұмақ боп кетеді. Шешем туған ауылының сайлаған депутаттығын тастап, сор топырақ пен аңызақ желді де Көкем үшін махаббат көріп кеткен», – дедім.

Күлімдей басын изеп: «Шынында солай екен-ау...» – деп қояды. Айтпақшы: «Түркістан – күшті қала, ондағы өз ұлтыңның жігіттері онан да күшті!» – дедім ғой солтүстіктің «Сарғалдағына». Мәз боп қалды.

(с) Айдана Шотбайқызы

Түркістан қаласы

3 жауап

0 дауыс
Түркістанның  иман адам болуы керек .
0 дауыс
Ол жақтың жұрты қиындау. Қыз беретін кезде салт-дәстүрді қатал ұстаймыз, нағыз қазақпыз деп көкігенімен, қыз алғанда аяқ астынан мәңгүрт болып, "біз орыс сияқты өскенбіз, ондай ескінің жолымен жүрмейміз",-деп, сандырақтайды. Ол қыздың ақылы болса, сол солтүстігінен де жақсы жігіттер табылады, асықпағаны жөн. Кейін өкініп жүреді. Ал сіздің, анаңыздың көкеңіздің етегін ұстап кете барғанының себебі шексіз махаббат екендігін сіз білмейсіз. Араларында қандай сөздің, өкініш әңгіменің болғанын да біле бермейтін сияқтысыз.
0 дауыс
ия, әрине ол күшті қала,адамдары да жақсы,салт-дәстүрлері қатал. мен Түркістанның жігітімен танысып,ғашық болдық бір-бірімізге,бірақ ол үйленбеген жігіт,менің жолдасым қайтыс болған,8 жасар қызым бар. Ол жігіт бірге бола алмаймыз, ата-анам,бауырларым қарсы болады деп айтты. Өзім алматыда туып өскенмін,орыс мінездімін.
...