Мамандық | 234 қаралды
234 қаралды
Маған мамандық таңдаудан көмек керек. Таңдау пәнім география. Қандай мамандық жақсы? Және біреулер сұраған кезде "география таңдап жатрмын" десем онша емес сияқты қарайды. Неге? Өзім ойымша финансист болган жаксы сиякты.оған калай карайсыз? Оған жұмыс табыла ма?

Көп адам неге география таңдамаитынын аитп жберсеңдер.

География бойынша кандай мамандық кеңес бере аласыз (Плюс минустарымен айтып жберсеңдер.

4 жауап

Сәлем, талапкер!

Ең алдымен өз жүрек қалауыңызды таңдап шешім қабылдағаныңыз жөн. Мамандық пен жар таңдаудан адам қателеспеуі керек дейді. Басқалардың қалай қарайтынына көңіл аудармаңыз деп кеңес берер едім, себебі ол сіздің болашағыңыз, өз болашағыңыз үшін өзіңіз жауапты екенін естен шығармағаныңыз абзал. Ал енді география мамандығы бойынша жақсы мамандықтар көп, сұранысқа да жақсы ие. Өзіңіз айтып кеткендей, алдыңғы қатарда тұрғандары қаржы, экономика, туризм... Бұл мамандықтардың оң жағы жалақысының жоғарылығы, қоғамдағы сұранысқа ие болуы, ал теріс жағы бұл мамандықтарға көп адамдар тапсырады, бәсекелестік жоғары және кейін бітіргеннен кейін де жұмысқа орналасу қиындығы бар деп айтып жатады замандастарымыз. Алайда әр нәрсенің оң және терісі бар болғандықтан кез келген қиындықты жеңіп, шешімін табуға болады, жүрегің осы саланы қалап тұрса іске сәт.

angel биолог или экономист

 

Қайсысын таңдасаңыз өзіңіз біліңіз жұмыс табылмай қала ма деп қорықпаңыз,қосымша мамандық оқып алыңыз.(визажист,тігінші,шаштараз т.б)Осы қосымша мамандықтармен кез-келген жерге жұмысқа тұра аласыз.
Қандай іске икеміңіз басым. Қасыңыздағыларды айтқаныңызға көндіріп, айдауыңызға жүргізе алатын құдыретіңізге саясат дейік. Шаш ал десе, бас алатын қабілетіңізге ЗАҢ қызметі жарасар. Айтқан сөзіңізді адам түсінбесе экономист, ал жазғаныңызды жан ұқпаса дәрігер боларсыз. Тіл алғыш, ысқырыққа реакцияңыздың жоғарылығы жергілікті басқаруға апарса, кім айқайласа да мән бермеушілікке мұғалімді ұсынамын. Сымбатты қыздардың мүсіні қызықтырмай қоймайды дегеніңіз, мүмкін биолог. Жлы сөйлеп, жыланды інінен шығара алатын кейпіңізге психолог деген керемет бар. Көзіңіздің қызарғаны дереу программист болуыңыз керек екенін білдіреді. Үй көрмей қолды аяққа тұрмайтын ісіңіз туризмнің еншісінде. Ал қалай екен?

Ұқсас сұрақтар

119,047 сұрақ
307,270 жауап
153,316 пікір
68,883 қолданушы