0 дауыс
4.3k көрілді
Сөйлеу мәдениетінің негізгі ережелері. Сөйлеу мәдениеті ережелерін білсіздер ме?

1 жауап

0 дауыс
Ұстамды болыңыз

Ұстамдылық – көп адамдарға бұйыра бермейтін қасиет. Басыңызды қасынып, қолдарыңызды сермеп отырғаныңыз жаныңыздағы әңгімелесушілерге ұнай қоймайтыны анық. Сол себепті сөздеріңіз бен іс-қимылдарыңызды бақылай біліңіз. Артық ым-иширалар көрсетіп, өзіңіздің дәрежеңізді түсіріп алуыңыз да мүмкін.

Айтар сөзіңіз орынды ма? "Оны айтсам, маған ешкім ренжіп қалмай ма?"

Маңызды құжаттарды талқылып отырғанда, қалжың айтып отырғандығыңызды елестетіңізші. Амандасқанда көрмей өтіп кетумен бірдей болады. Сол себепті отырған ортаңызға лайық сөз қозғай біліңіз. Мұнымен қатар, әңгімелесушіңіздің жасын да ескеріңіз.

Ойыңызды нақтылап жеткізіңіз

Сөзге шешен болу барлығымыздың қолымыздан келмесе де, ойымызды нақты жеткізу көпшілігіміздің қолымыздан келеді. Сол себепті артық дөрекі, былапыт сөздерден аулақ болыңыз. Уақытыңызбен қатар осы сөздерді тыңдауға мәжбүр болатын достарыңызды аяңыз.

Артық кетпеңіз

Бастаңғыларда қалай көңіл көтергеніңізді бүге-шүгесіне дейін айтып, жұртты ұзақ монологпен мазаламаңыз. Алайда барлығы да отырған ортаңызға байланысты. Көп уақыт көріспей жүріп кездесіп жатсаңыз, әңгімеңізді ұзағынан қызықты етіп айтып беруіңізге болады.

Бірер секундке аялдаңыз

Ойыңызды айтпас бұрын, ой елегінен жақсылап өткізіп алыңыз. Бұл оңай шаруа емес, алайда айтқан сөзіңіз өзіңізге зиянын тигізіп жататын сәттер аз емес. Біреудің сыртынан сөз айтып жатқаныңызда да осы мәселені ойлаңыз.

Кеңестеріміз қарапайым әрі түсінікті. Оларды орындау қиынға соқпайды. Тек әрдайым жадыңызда ұстаңыз.

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
...