0 дауыс
404 көрілді
Менін сізге айтар мәселем бар, осыдан 3 жыл бұрын Тұрғын үй жинақ банкінен депозит ашып ақша жинағанбыз. Ағымдағы жылдын мамыр айында тұрғын үй жинақ банкінен телефон соғып мемлекеттік бағдарлама бойынша салынған пәтерге (196-шы пул бойынша Жас-канат ТК) жиналған бал көрсеткішінің нәтижесі жақсы екенін айтып , пәтер алуға мумкіндігімнің бар екенін хабарллап, құжаттарды тапсыруымызды сұрады. Аталған жаналықты естіп, құанғанымыздан сұраған құжаттарын барлығын өткіздік. Бірақ осы уақытқа дейін пәтерімізді бермеді, не үшін созылып жатқанын банк қызметкерлері білмейді. Айтатындары өзіміз хабарласамыз дегеннен басқа ештеңе айтпайды. Банктың электронды сайтына аталған тұрғынүй кешенін құрылысы кашан біткені, қандай жағыдайда тұрғаны жөнінде ақпарат толық жазылып тұр. Бірақ неге екенін белгісіз, пәтер үлестіретін кезде банк тым сылбырлық танытуда әлде жұмыстарын дер кезінде атқара алмайма, әйтеуір созып келе жатыр. Құжаттарымызды тапсырып пәтерімізді күтіп отырғанымызға 4 айдын жүзі болды. Егер мәселе осылай жалғаса берітін болса , дайын тұрған пәтердің өзін үлестіру осылай созылатын болса, онда еліміз үшін ұятты нәрсе болатыны анық. Аталған мәселіні тездетіп шешіп беруіңізді сұраймын. Алдын ала рахмет!

1 жауап

0 дауыс

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 маусымдағы №821 қаулысын орындау үшін, Алматы қаласының Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясының басқармасы «Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасы шеңберінде «Халықтың барлық санаттары үшін тұрғын үй» бағыты бойынша «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ берген пул қатысушыларының тізімдеріне сәйкес сатып алу-сату шарттарын ресімдейді. Алматы қаласы Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясының басқармасы мен пул қатысушыларының арасында сатып алу-сату шарттары «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-дан тізімдер келіп түсуіне және азаматтардың қажетті құжаттарды алып келуіне қарай жасалады. Жоғарыда мазмұндалғанға байланысты Сізге «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ға жүгіну қажет.

...