0 дауыс
629 көрілді
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде ақша жинау талаптары қандай?

1 жауап

0 дауыс
Ең алдымен салымшы өзінің тұрғын үй жағдайларын жақсартуға қажетті соманы (шарт сомасы) анықтап алуы қажет. Шарттың ең аз сомасы 500 АЕК (926 000 теңге) кем болмауы тиіс. Салымшы ай сайын тең үлестермен салынып отыратын, шарт сомасының 50% мөлшерінде ақша жинақтауы тиіс. Салымшының жинақтарына жинақталған соманың 2% мөлшерінде Банк сыйақысы есептеледі. Тұрғын үй жинақтары мемлекет  тарапынан салымшы жинақтарына жыл ішінде жиналған соманың 20% мөлшерінде есептелетін сыйлықақымен ынталандырылады. Егер мемлекет сыйлықақысымен ынталандырылатын жинақталған ақша сомасы екі жүз есептік көрсеткіштен артық болса, онда жинақталған ақшаның ынталандырылмаған сомасы келесі жылы мемлекет сыйлықақысы есептелген кезде есепке алынады.
...