0 дауыс
10.1k көрілді

Ауыз әдебиетінің бір алуан саласы - аңыз. Аңыз белгілі бір адамның атына, іс-әрекетіне байланысты туады.
Асан Қайғы туралы мәлімет: Асан Қайғы (шын аты-жөні Хасан Сәбитұлы XIV ғ/ң 2-жартысында, Еділ бойы –т.ө.ж. белгісіз) – қазақ жырауы. Алтын Орданың ыдырауы дәуірінде өмір кешкен. Асан Қайғы ілкіде Сарайда, біраз жылдардан кейін Қазандағы Ұлығ-Мұхаммед ханның жанында болған. XV ғ/ң 50-жылдарында Дешті қыпшаққа қайта оралып, Керей, Жәнібек бастаған қазақ хандығының ақылшы биі болды. Толғауларына қарағанда елдің Еділ, Жайық, Жем өңіріне қоныс тебуін қалағаны байқалады.

Шоқан Уәлиханов Асан Қайғыны «Көшпенді қазақ, ноғай ұлысының философы» деп атаған. Ел аузындағы аңыздарда да Асан Қайғы халқының қамын ойлап күңіренген абыз-жырау ретінде танылады. Ол малы мен жаны кемтарлық көрмей «Қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған» жайлы қоныс іздейді. Елінің тыныш, бейбіт, бақытты болуын көксейді. Дүниедегі сондай «жерұйықты» іздеп, Асан Қайғы желден жүйрік желмаямен жердің жеті бұрышын кезеді. Болған, көрген мекендерінің бәріне де баға беріп, пайдалы және жағымсыз жағын саралап айтып отырады. «Жерұйықты» таба алмай, әбден қалжырап, Ұлытауға жеткенде дүние салады.

1 жауап

+1 дауыс
Асан қайғы жердің жеті бұрышын кезіп жүріп, жер ұйығын таба алмағанына сенбеймін. Өйткені ол Нұқ пайғамбардың кемесі тоқтаған Шымкент, Отырар, Сауран,Сайрам қаласынан 15-20 КМ жерде орналасқан Қазығұрт тауына қалайша келмеген. Әлемге әйгілі  Алмасымен танылған Алматының, Киелі Тараздың Алатауының баурайларына қалайша жете алмаған?  Бір аңыз бар, айта кеткеніміз дұрыс болар: Асан қайғы жер жүзін шарлап келіп осы аталған таңғажайып жеміс-жидегі жайнаған,күн шуағы төгілген жап-жасыл шалғынды жер Оңтүстікке жел маясының басын тіреп, тоқтап тұрып, таң қалып жер ұйық осы екен, мен бұл жерді Майлыкент деп атаймын депті. Сол Майлыкент өңірі қазіргі Оңтүстік Қазақстанда Түлкібас ауданының ежелгі атауы, Майлыкент ауылы қазір де бар.
...