0 дауыс
8.7k көрілді
Зайырлылық ұстанымының дінге байланысты қағидаттарын атаңдар.

1 жауап

0 дауыс
Қазіргі таңда өздерін демократиялы деп орнықтырған әлемдегі мемлекеттердің басым көпшілігі зайырлылық қағидасын ұстанады. Зайырлылық қағидасы – конституциялық немесе ұлттық заңнамалар негізінде жарияланып, дін саласындағы мемлекеттік саясаттың басым бағыты. Американдық зерттеуші Ахмет Куру 2007 жылы АҚШ-тың Мемлекеттік Департаментінің әлемдегі «Діни бостандық жөніндегі баяндамасы» құжаты және өзінің зерттеулері негізінде 197 мемлекеттің мемлекет және дінаралық қатынастарының индексін жариялады. Аталмыш индекске сәйкес, зерттеуші мемлекеттерді төрт категорияға бөліп қарастырады, яғни 197 мемлекеттің 12 – діни мемлекеттер, ресми діндері бар 60 мемлекет, зайырлы болып орныққан 120 мемлекет және 5 анти-діни мемлекет.

Қазіргі уақытта әлемде секуляризм қағидатын ұстанатын мемлекеттер діни және ресми діндері бар мемлекеттерден әлдеқайда басым. Дегенмен, демократияның жалпыға ортақ моделі секілді, секуляризм концепциясының жалпыға ортақ үлгісі жоқ. Тіпті, оның батыстық немесе шығыстық үлгісі де жоқ. Батыс елдерінде секуляризм концепциясы әр түрлі түсіндіріліп, түрлі жолдармен жүзеге асырылуда. Діни ұйымдардың мемлекеттен бөлінуінің құқықтық мазмұны да әр елде әртүрлі. Мәселен, кейбір елдерде мемлекет пен діни ұйымдардың бөлінуі қатаң орын алса, оларды бөлу қағидатының көлемі кең, екінші бір елдерде мемлекет пен діни ұйымның бөлінуінде аса қатаң қағидат орнықпай, мемлекет діни ұйымдарға қоғамдық өмірдің маңызды салаларында айтарлықтай қызмет ету және ықпал ету мүмкіндіктеріне жол береді.

Мемлекет пен діни ұйымдардың бөліну қағидаттары қарапайым бөлініс емес, бұл қоғамдық өмірдегі мемлекет пен діни ұйымдардың қарым-қатынастарының күрделі жүйесі. Зайырлылық бұл аталмыш екі институт арасындағы үйлесімділік.

Секуляризмнің қоғамдық-саяси кеңістіктегі қолданысының тарихи алғышарттары жөнінде батыстық ғалым Иан Хантердің пікірінше саяси секуляризм құбылысымен тығыз байланысты либералды мемлекеттер мен қоғамдық және діни саланы бөлу белгілі бір тарихи шарттарға қарсы жауап ретінде қалыптасты. Солардың негізін қалаған прото-либералды саяси жүйелер мен ой-тұжырымдар ХVІ-ХVІІ ғғ. Еуропада діни азаматтық соғыстар өріс алып тұрған кезде қалыптасып, осы соғыстарды шешуге бағытталған ұлттық діни институттардың қалыптасуына үлкен ықпалын тигізіп дами бастады дейді.

Заң ғылымдарының профессорлары Хавиер Мартинес Торрон мен Кол Дурхэм зайырлы деген түсініктің құбылмалы екендігін айтады, мемлекет қандай болу керек, оның анықтамасы қандай деген сұраққа жауап бермес бұрын, жалпы секуляризм мен секулярлық деген мағыналарды ажыратып алу қажет деп есептейді. Ғалымдар секуляризмнің негізгі төрт принциптері бар деп есептейді. Олар: жеке индивидтердің моральдық теңдігі; дін және сенім бостандығы; мемлекеттің дінге қатысты нейтралдығы және мемлекет пен діннің бөлінуі. Хавиер Мартинес Торрон және Кол Дурхэмнің пікірінше, зайырлы мемлекеттер аталған қағидаттардың қайсысына басымдық пен маңызды мағына беруімен ерекшеленеді. Біріншісі, «секуляризм», бұл қоғамды секуляризациялауды, яғни зайырландыруды басты мақсат ететін саяси секуляризм. Бұл идеология немесе сенім жүйесі өзінің ең қатаң формасындағы тип дінді қудалауға, діни төзімсіздік танытуға дейін барады. Мұндай көрініс Кеңес Одағындағы коммунизм билігінде болды. Бұл тип сенім бостандығынан гөрі мемлекетті діннен бөлу деген қағидатқа басты назар аударып, секуляризмді діннің қоғамдық көріністерін барынша шектеп, жеке салаға ығыстырып шығару деп түсінеді.

Екінші түрі «seсularity» яғни секулярлық немесе зайырлылық, бұл түрі әлдеқайда икемді әрі ашық болып келіп, діни сенім бостандығын қамтамасыз етуге баса назар аударады. Секуляризмнің бұл түрі теңдік және нейтралдылық концепцияларына формальді мағына бергеннен гөрі, оның негізгі мағынасына басты назар аударып, сана бостандығы қағидатын дінге негізделген ерекшеліктерді қабылдаудағы басты негіз деп қарастырады. Мемлекет пен діннің бөліну принципі діни сенім және сана бостандығын қамтамасыз етуде институционалды деңгейлерде жүзеге асырылады, оның мақсаты дінді толықтай қоғамдық институттардың қатынастарынан айыру дегенді білдірмейді. Зайырлы мемлекет түсінігі қоғамдық жүйеде түрлі діни сенімдерімен ерекшеленетін индивидтердің еркін өмір сүріп, қарым-қатынасқа түсудегі плюралистік орта қалыптастырудың шарты немесе негізі болып табылады.

Жалпы секуляризм және секуляризация деген түсініктердің екі түрлі мағына беретінін ажырата білу қажет. Біріншісі секуляризация бұл мемлекеттік институттардың тарапынан қоғамдық сала мен өз азаматарының өмірін зайырлыландыру үрдісін білдіреді. Бұл екеуінің міндетті түрде бірдей жүруін білдірмейді, яғни секуляризм міндетті түрде қоғамды зайырлыландыру дегенді білдірмеуі тиіс. Мемлекеттік билік пен мемлекеттік институттар зайырлы бола тұрып, қоғамды зайырландыру саясатымен айналыспауы қажет. Себебі, ондай болған жағдайда бұл мемлекеттің қоғам мүшелерін мақсатты түрде зайырландыру саясатын жүргізіп, діни сенімді шектеп отырғандығын білдіреді. Секуляризм түсінігінің өзін дұрыс түсіну қоғам үшін, қоғамдағы ұлттық және дәстүрлі құндылықтарды сақтау үшін аса маңызды.

Қазақстан зайырлы мемлекет болғанымен оны халқының басым көпшілігі мұсылман болғанына байланысты ол ислам әлемнің бір бөлігі болып саналады. Батыс Еуропадағы шексіз либералдық демократия мен гуманизм құндылықтары қазіргі таңда рухани жұтаңдық пен рухани дағдарыс жайлап отырған Еуропа қоғамында келеңсіз жағдайларға алып келіп отыр. Біз секуляризм, яғни зайырлылық ұстанымды дамыта отырып, Қазақстан қоғамының келешек рухани мәдениетін де есепке алуымыз шарт. ең жоғарғы құндылық әрі басымдық ретінде жеке еркіндікті ұстанатын идеология. Либералдық гуманизм мен дәстүрлі діни және мәдени құндылықтар Қазақстан кеңістігінде қаншалықты тиімді сұхбат жүргізуі тиіс. Осы мәселелердің шешілуі де діни саясатпен тығыз байланысты.

ҚР МСМ ДІК Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы

БАҚ-қа мониторинг бөлімінің ғылыми қызметкері. Ақпарат http://yvision.kz/ сайтынан алынды
...