0 дауыс
4.9k көрілді
Республикамыздағы жаңа және үлкен сұранысқа ие мамандықтардың бірі.

Егер сіз «Дінтану» мамандығын таңдаған болсаңыз, онда жоғарғы кәсіби деңгейде конфессионалдық мәселелерді терең талдауға қабілетті боласыздар. Өз басым дінтануды қазіргі таңдағы ең қажетті және талап етілетін мамандықтардың бірі ретінде санаймын. Себебі, кейінгі кезде қоғамымыздың тыныштығын бұзатын дәстүрлі емес діни ұйымдар, террористтік бағыттар көбейіп жатыр. Соларға қарсы бізде иммунитет болуы тиіс. Бірақ бұл мамандықты көбісі дұроыс түсінбей жатады. Ел арасында ол жақта тек ислам дінін оқытып, молда қылып шығарады деген  сөздер көп жүруде. Бірақ ол қате пікір. Мына жерде ҚазҰУ-дың философия және саясаттану кафедрасының дінтану мамандығы жайлы толық ақпарат берілген.

Дінтану – бұл діни ілімдер тарихын және діни өмірдің институциялық формасын діни-мәдени мұра, діни өнер, діни жазба ескерткіштерін, діни білім және ғылыми зерттеу қызметі, дінге тән құқықты, діндер тарихының археологиялық ескерткіштерін, түрлі діни ілімдер мен діни ұйымдар арасындағы өзара қатынас тарихы мен қазіргі ахуалын зерттейді. Жоғары кәсіби білім беру жүйесінде дінтану зайырлы тұрғыдан оқытылады.

            Дінтану пәні – тарихтың сан ғасырлық мұрасында жинақталған діни тәжірибе, діни мәдениет ескерткіштері, интеллектуалды және рухани мұралар болып табылады.

            Барлық оқытушылар діни  білімге, діни әдет ғұрыптар мен дәстүрлерге құрметпен қарайды.

            Зайырлы ғылымның тақырыбы мен мазмұны атеистік немесе дінге қарсы емес. Университетте оқытылатын діни ғылымдардың тақырыбы мен мазмұны қайырымдылық, ізгілік, адам сүйгіштік, патриотизм, толеранттылық, басқа дін  өкілдеріне құрметпен қарау қағидаттарына сүйенеді.

«Дінтану» мамандығының түлектері келесі мамандықтар бойынша жұмыс істей алады:

-          ІІМ, ҰҚК және прокуратура органдарында кеңес беруші және эксперт маманы ретінде;

-          Ішкі және сыртқы саясат бөлімдерінің қызметкерлері; Діни істер бойынша Комитетте;

-          Мемлекеттік, конфессиялық және қоғамдық ұйымдарда  тәуелсіз эксперт ретінде;

-          Мемлекеттік-құқықтық және мемлекеттік-шіркеулік мәселелерде дінаралық және конфессияаралық қатынастар бойынша кеңесші;

- Жоғары және арнайы орта оқу орындарында оқытушы ретінде.

мемлекеттік және мемлекеттік емес жоғары және орта арнаулы оқу орындарының оқытушылары;
Бітіруші магистратура мен PhD білімін жалғастыра алады және халықаралық жобаларды іске асыруға (БҰҰ, ISESKO, Ашық қоғам институты және т.б.) қатыса алады;
«Халал» стандарттау комитетінің, ҚМДБ қызметкерлері және басқа да мемлекеттік, мемлекеттік емес мекемелер мен халықаралық ұйымдардың қызметкерлері;

Дінтану мамандығының студенттері мынадай елдерде академдік мобильділік бойынша біллім ала алады:

1.Қалмақ мемлекеттік университеті (Ресей);

3. Манчестер Университеті (Англия);

4.Оклахома Штаты Университеті (АҚШ);

5. Христиан  және  ислам бағытындағы білім орталығы (АҚШ);

6. Мармар университеті (Түрік);

7.Гуманитарлық және әлеуметтік ғылыми  институты (Оңтүстік Корея),

8.Комплутенсе Мадрид университеті (Испания). т.б.

            Студенттер интернет және дінтану бойынша жаңа отандық және шетел әдебиеттерін пайдаланады. Шет елде және діни орталықтарда, әкімшіліктердің ішкі саясат департаменттерінде, университтерде, колледждерде және т.б. жерлерде практикадан өте алады. Шет тілін меңгеруді қалайтындар үшін ағылшын, араб, парсы, түрік тілдерінде сабақ өткізіледі. Бітіру жұмысын үздік қорғаған бітірушілер магистратура мен РһD білімін жалғастыра алады.

ҚазҰУ студенттеріне толыққанды оқуына және демалысына жағдай жасалынған.

Университетте бағасы төмен, әрі сапалы, дәмді тағамдар даярлайтын ірі қоғамдық тамақтандыру комбинаты, асханалар және буфеттер бар. Басқа қаладан келген студенттерге жатақханадан орын беріледі. ҚазҰУ қалашығында Студенттер Сарайы, киноклуб, спорттық кешен, Ыстық-көл жағалауында жаздық спорттық-сауықтыру кешені бар.

            «Дінтану» деген атаудың астарында адамзат тарихының барлық кезеңдерін қамтитын және қоғамның барлық салаларына үлкен ықпал ететін мәдениеттің ең қызық, күрделі салаларының бірін зерттейтін ғылыми таным жатыр.

Осы мамандыққа сіздердің көзқарастарыңыз?

12 жауап

0 дауыс
бұл мамандықты бітірген соң КНБ-ДА жұмыс істей алам ба ?
Иә әрине. Дін саласы бойынша срапшы бола аласыз)
Белгісіз
0 дауыс

yesyes куаныштымын !!! рахмет, тагы да сурагым бар еди... бул мамандықта жігіттер көп оки ма алде кыздар ма?

Бұл сұрақ та жиі қойыладыsmiley Негізінде бұл мамандық жаңадан ашылғанда, көбінесе ер балалар көп оқитын. Бірақ кейінгі жылдары қыз балалардың да саны көбейіп келеді. Бұл мамандықты қыздарға немесе ұлдарға арналған деп бөлуге болмайды.) Мысалы, бізідің топта 12 ер бала, 7 қыз бала.
 

Белгісіз

smileysmileyрахмет сизге! ))

Оқасы жоқ. Егер тағы қызықтыратын сұрақтарыңыз болса, жауап беруге дайынмын.)
Белгісіз
Мен биыл УБТ-дан дүниежүзі тарихын таңдап тазасы 83 жинадым,осымен грантқа дінтануға түсе алам ба?
Белгісіз
0 дауыс
Негізі мифологиядан бастап оқыту керек көне шумерліктер, гректер деген сияқты (негізінде Токаревтен бастау керек)
0 дауыс
83 балмен, әрине, түсесіз.
0 дауыс
Иә, 1 курста осы мифологиядан бастайсыз. Кейіннен бастап күрделене бастайды.
0 дауыс
Философиға қатысы барма ? Ақымақ адамдарға түсіп керек шығар иә ? )
0 дауыс
Иә, қатысы бар,әрине. Иә, дәл сізге түсуге болады)
0 дауыс
Қой әзілғо менен өлседе дінтану маманы шыға қоймас )
0 дауыс
Дінтану мамандығымен грантқа түсу үшін ең аз неше бал жинау керек?
0 дауыс
Магистратура туралы толак акпарат бере алсаыз ба, арине болса егер!? рахмеет.
0 дауыс
Тарих-дін тану таңдап 2 пəннен сабак  бере аламын ба???
0 дауыс
Салеметсизбе мен 2004 жылы,Кожа Ахмед Яссауи Уеиверситетин битридим.Бирак ол жерде,бизди сертификатсыз окытыпты.Сол себепти диплом алынбай калды.Бирак мен торт жыл билим алдым.Араб Турк тилин,дин тану мамандыгы бойынша(востоковед) Маган кандайда бир комек бере алсаныз мына ватсап номерине хабарласынызшы;87762641837 Маржан

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
3 жауап
0 дауыс
1 жауап
Белгісіз 10.09.2022 Мамандық сұрақ қойды
0 дауыс
0 жауап
...