0 дауыс
465 көрілді
Менің бетіме күннен қара дақ пайда болды, оны қалай тез кетіруге болады және бетті қалай ағартуға болады, фебрликтің касметикасын істетіп журмін, пайдасы жоқ сияқты

1 жауап

0 дауыс
Ағару үшін косметикалық өнімдерді қолдануға кеңес бермеймін. Олар теріңізді ағартқанымен, өзіне тәуелді қылып алады. Сондықтан, бетіңізді ағарту үшін қиярды үккіштен өткізіп, оған бал араластырып жақсаңыз болады. Немесе цитрусты жемістерге аллергияңыз болмаса, лимонның 1 ас қасық шырынын 10 ас қасық суға араластырып, таңертең және түнде бетіңізді сол сумен сүртіп отырыңыз. Сондай-ақ, петрушканы ұсақтап турап, 1 литр ыстық суға салып, 3 сағатқа қойып қойыңыз да, онымен де таңертең және кешке бетіңізді сүртіп тұрыңыз.

Күннен бетіңізде дақтар пайда болмасын десеңіз, күннің қай уақыты болмасын, қай мезгіл болмасын, күнге қарсы крем жағып жүруге кеңес беремін :)

Ұқсас сұрақтар

...