0 дауыс
849 көрілді
Сәлем – сөздің анасы Қазақ елінің дәстүрі бойынша таныс, бейтаныстығына қарамастан, жасы кішінің жасы үлкенге бірінші болып сәлем беруі – міндет. Сәлемді селқос қабылдау, қолының ұшын ғана беріп кекірею, жақтырмаған кейіп таныту – инабатсыздық, көргенсіздік, әдепсіздік. Көпшілікке сәлем беруші олардың арасында өзінің жақтырмайтын, түс шайысып қалған адамы болса да, онысын басқаға сездірмей ашық, айқын дауыспен барлық адамдармен бірдей сәлемдесуі керек. Мұндай кезде әлгі дүрдараз кісі де сәлем берушінің сәлемін алуы тиіс. Жастардың үлкендерге қалшиып тұрып бір қолын ұсынуы да жараспайды. Біреумен амандасқанда көз-көңілдің басқа жақта тұруы – әдепсіздікпен пара-пар. Дастархан үстіне кірген кісінің дауыстап бәрімен амандасқаны дұрыс. Мұндай жағдайда жағалай түгел қол беріп амандасқаны орынсыз, әсіресе, қол алысып болып, қолын жуу – нағыз әдепсіздік. Әркім сәлемдесуді ғана емес, қалай сәлемдесуді, сәлемдескен кезде өзінің қас-қабақ, бет-жүз, дауыс құбылысын алдындағы адамға жағымды әсер қалдыратындай етіп қадағалауға талпыну керек.

Сіздің жауабыңыз

Ескерту: Email пошта сізге хабарлама жіберу үшін қолданылады
Спамға қарсы тексеру:
Төртке бесті қоссаң қанша болады?
Модерациядан өтпес үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
...