Қазақ ауыз әдебиеті үлгілерін жинауда көрнекті еңбск еткендер — Ресейлік география қоғамының мүшелері: Ш.Уәлиханов, В. Радлов, И. Березин, А. Васильев, А. Алек-теров, Г. Потанин, Н. Ильминский, ә. Диваев, А. Харузин, П. Мелиоранский, В. Катаринский, Н. Пантусов т. б. Олар қазақтың ауыз әдебиетін аса бай мұра деп бағалаумсн қатар, сол мұраны ел арасынан көптсп жазып алуға зер салады, жинаған материалдарын қазақ (сөзі қазақша, жазуы орыс-ша) және орыс тілінде жекс кітапша стіп шьтгарады, скі тілде газет-журналдарға бастырады. қазақ тіліндс жазып алу мүмкіндігі болмаған жағдайда, жинаған материалдары-ның мазмұнын орыс тіліне аударып бастырып отырады. (Бұл әдісті Г. Потанин көбірек қолданған). Бұлардың қазақ ауыз әдебиеті үлгілерін жинаудағы игілікті істері XIX ғасырдың аяқ кезінде күшейе түседі және бұл жұмысқа О.әлжанов, Б. Дауылбаев, Ж. Айманов, М. Бекімов сияқты қазақ жастары белсене араласады.
Ауыз әдебиетін жинап жазып алу ісіне Абай мен Ыбырай Алтынсарин де қатысады. Халық әдебиетін жоғары бағалаған Абай өзінің шәкірттеріне, жолдастарына тапсырма беріп, ел арасынан асыл мәдени мұраны жинатып отырады, оны халыққа таратуға мән береді. Ыбырай Алтынсарин де осылай 14етеді, ол ауыз әдебиетінің ең жақсы үлгілерін өзінің “Хре-стоматиясына” енгізіп, баспа жүзіне шығарады.
Жоғарыда аталған адамдардың ішінде қазақтың ауыз әдебиеті үлгілерін жинау, баспа жүзіне шығару жөнінде ЦІоқанның, Радлов пен Потаниннің қызметі ерекше еді.