0 дауыс
Биыл тәуелсіздігімізге 25 жыл. Бұл аз уақыт болса да қиын әрі шешуші жылдар болғаны белгілі. Тәй-тәй басқан еліміздің ширек ғасыры Қазақстан тарихында ойып тұрып орын алады. Осы аралықтағы еліміздің саяси жағдайы. Қоғамдық ұйымдар мен партиялардың жұмыстары, кәсібилігі қалай болды? Көбінің ашылғанынан жабылғаны тез болды. Жабылып қалған партиялар мен қоғамдық ұйымдардың ең үлкен қателігі қандай? Қоғам қайраткерлеріміз бен саясаттанушыларымыздың шешуші сөздері мен маңызды істері. Осы туралы пікір білдірсеңіздер.

Саясатта жүрген соң еліміздің саяси өмірі туралы еңбек қалдыру әрбіріміз үшін парыз іспетті. Алдағы жазатын мақаламның тақырыбы: "Тәуелсіз Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірі және ел үшін еңбек еткен қоғам қайраткерлері" туралы болмақ. Осы тақырыпта үлкен еңбек жазу да ойымда бар. Сол себепті әрбіріңіздің пікірлеріңіз маңызды.
29.08.2016 1.1k қаралым

Сіздің жауабыңыз

Спамға қарсы тексеру:
Беске бесті қоссаң қанша болады?
Модерациядан өтпес үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз

Ұқсас сұрақтар

127,960Сұрақ
322,892Жауап
153,169Пікір
73,012Қолданушы