Білесің бе, ардақтым? Мұқағали Мақатаев кімге арнап шығарған?

0 дауыс
6.7k қаралым
Білесің бе, құрметтім?
Арасында дүрмектің,
Сені ұмытып кетерімді білмеппін...
Енді, міне, ойланатын күн жетті,
Арасында дүрмектің,
Әлдеқалай жүрмеппін.

Көп нәрсені сезіппін,
Сезіппін де, түйіппін.
Біреулерден жиіркеніп, біреулерді сүйіппін.
Біреулерден аласа, біреулерден биікпін.
Ақыры кеп,
Ат басын саған бұрдым, сүйіктім.

Арманым да, үмітім де,
Сенде екенін ұғындым.
Жәбір көрген сәбидейін, бауырыңа тығылдым.
Ұғындым мен -
Басқаларға жоқ екенін құнымның,
Ая, ардақтым, ая мені...
Алдыңа кеп жығылдым.

Білесің бе, ардақтым?
Саған деген асылымды әркімдерге арнаппын.
Өзімді-өзім алдаппын,
Кешесің бе, ардақтым?
Құлың болып қалмақпын.
• Санаты: Өмір, Тіршілік

Сіздің жауабыңыз

Спамға қарсы тексеру:
Үшке үшті қоссаң қанша болады?
Модерациядан өтпес үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз

Ұқсас сұрақтар

127,761 сұрақ
322,328 жауап
153,150 пікір
72,779 қолданушы